Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

10 Дәріс. Ішкі тыныштық тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.

Мақсаты. Студенттерге ішкі тыныштық құндылығының мәнін түсіндіру, дұрыс іс-әрекет тәжірибесімен таныстыру

Жоспары

1. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.

2. Ішкі тыныштықты қайдан табуға болады?

3. Ақылдың табиғаты.

4. Ақыл-парасат (интеллект).

5. Ішкі тыныштыққа жетудің жолдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу үшін ішкі тыныштық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өзара байланысының маңыздылығын түсіну қажет. Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері қандай?

Ішкі тыныштық-жүрегімнің тыныштығы. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде ғана адам жанында тыныштық орнайды.

Ақиқат+сүйіспеншілік+дұрыс әрекет+ішкі тыныштық=қиянат жасамау.

  • Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі.

  • Жан тыныштығы мен қуаныш осы өмірдің бөлінбейтін бөлшегі емес

  • Жан тыныштығы мен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз.

  • Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ІШКІ ТЫНЫШТЫҚТЫҢ хош иісті гүлі шешек атады.

ҚАДАҒАЛАҢЫЗ:

- Сөзіңізді (шын сөйлеңіз, көп сөйлемеңіз, өзгелерді жазғырып, сынап-мінемеңіз, сүйспеншілікпен, ілтипатпен сөйлеңіз) АҚИҚАТ

- Іс-әрекетіңізді (ар-намысқа сәйкес, ұят болмайтындай әрекет етіңіз, көмектесіңіз, зиян келтірмеңіз, мемлекеттің заңына сәйкес әрекет етіңіз) ПАРЫЗ

- Ой-ниетіңізді (тек жақсылық ойлаңыз, өкпе-реніш, қызғаныштан аулақ болыңыз) ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

- Мінез-құлқыңызды (өзіңіздің шынайы табиғатыңыз болып табылатын мейрімділік пен бақытты көрсетіңіз) МАХАББАТ

- Жүрегіңізді (өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды ұмытпаңыз) ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ

  1. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет еткенде ішкі тыныштық орнайды.

  2. Ішкі тыныштықпен өмір сүру - ажырату, дұрыс әрекет ету арқылы, жүрегіңді тыңдау арқылы келеді.

  3. Ақыл мен жүрек - ажырата білу деңгейіне, яғни ментальді деңгейге әкеледі.

  4. Ментальді деңгей мен ар-ұждан - ажырата білу деңгейіне әкеледі.

  5. Рухани деңгейге көтерілу дегеніміз - ар ұждан мен ажырату, білу деңгейі

Тыныштыққа ену практикасы:

1. Жағымды күйге енуді күн сайын қайталаңыз. Бұл – сананы тынышталдырып, қадағалайтын және әлемді түсінудің тура жолы.

2. Күні бойы адамдарға махаббат нұрын шашып көріңіз. Ұйықтар алдында күні бойына істегеніңізді еске түсіріп, одан да жоғарыға қол жеткізу үшін шешім қабылдаңыз.

3. Ашу-ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізге ұрысып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.

4. Ашулана бастасаңыз, онда: бір стақан суық су ішіңіз; айнадан бет-жүзіңізге қараңыз; тыныш қана жатыңыз; ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.

5.Жаныңызды тебірентетін, жайландыратын, жалпыадамзаттық

құндылықтарға толы ән салыңыз.

6. Басқаларға тыныштық беруге, қызмет етуге және олардыжұбатуға үйреніңіз.

7. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз.Тек қана жақсы нәрсе айтыңыз. Пайдалы нәрсе айта алмасаңыз, одан да үндемей қалыңыз.

8. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты

тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.

9. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтардыұстануға ұмтылыңыз.

10. Жақсы компания, орта табыңыз.

11. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбататын сөздерді дауыстап айтыңыз.

Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері:

Адам- ақиқатты түсіне алғанда ғана, жақсыға ұмтылғанда ғана, дұрыс әрекет жасағанда ғана, жүрегін сүйіспеншілікке толтырғанда ғана ішкі тыныштыққа жетеді.

  • Сезімің сергек болсын, айнала қоршаған ортаға немқұрайды қарама!

  • Басыңа қиыншылық түссе, рухыңды түсірме. Асығыс әрекетке көшпе, алдымен жақсылап ойланып ал.

  • Қиыншылықтардан адами қасиетке лайықты шығудың жолын жайдары, жан тыныштығында отырып ойластыр.

Ішкі тыныштықты жоғалту-адам үшін ең үлкен азап. Ешқандай сыртқы күштер адам тыныштығын бұза алмайды.

Ішкі тыныштықтан айрылу- тек оның өзінің мазасыз ойлары мен іс-әрекетінің ғана нәтижесі.

Ақылдың табиғаты

-Ақылды айға теңеуге болады,Себебі ай өзінен жарық шығармайды.Ол басқалардан қуат алады. Сол сияқты ақыл да рухани деңгеймен біріккенде парасатқа ұласады.

- Ақыл толассыз ой,пікірлер ,қалаулар мен мазасыздықтардан тұрады.

-Таза ақыл жалғыз өзі жақсы мен жаманды,дұрыс пен бұрысты ажырата алмайды.Сондықтан ақыл парасатқа бағынуы қажет (интеллект)

-Ақылдың міндеті-сезімді қадағалау,егерақыл сезімге бой алдырса ,онда ол сезімнің құлы болады да адамды бақытсыз етеді.

-Егер ақыл-ойды жоғары рухани "Мен"ге бұрсақ, онда ол сезімді оңай , дұрыс басқарып, адамды бақытты етеді.

-Ақыл-бұл кілт,жүрек құлпы.

-Ақылды құлқынның құлына айналдырсаң онда жүректің "құлпысы"жабылып қалады да біздің өмірімізді, жан дүниемізді мазасыздық билейді.

-Ал ақылды рухани дүниеге барсаң ,жүректің "құлпысы" ашылып, сіздің бен жан дүниенізде тыныштық орнайды.

Парасат(интеллект).

-Ақыл -парасат(интеллект) жақсы мен жаманды,өтірік пен шындықты, уақытша дүние мен мәңгілікті ажырата білу күшіне ие.

-Ажырата білу-ішкі ақылдылыққа,даналыққа жол бастайды.

-Ақыл-парасат (интеллект) адамның шынайы жоғары "Мені"-нің күші.

-Адам ақыл парасаттың негізінде өзінің шынайы табиғатын таниды,сезінеді.

-Ақыл-парасаттың (интеллекта) міндетті - ақылды бақылап, бағыттап отыру.

Ойлану және ажырата білу

-Бізді толғандыратын дүниелер қаншалықты мәнді?

-Мені толғандырған жайлар мен уайымдар өмірде бір нәрсені жақсы жаққа қарай өзгерте ала ма?

-Бізді толғандыратын жайлар мен уайымдар ол біздің жақтыртпаушылық сезімдерімізбен өзімізе "меншіктеп алған" дүниелеріміз

-Айнала қоршаған әлем ол біздің ойымыз бе езіміміздегі бейнелердің қайта шағылысуы немесе жаңғырық деуге болады.

"Жақсы адамдарды кездестірсең одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез-құлықтағы адамды кездестірсең өзінді зертте" КОНФУЦИЙ

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Жан тыныштығы мен қуаныш адам өмірінің бөлінбейтін бөлшегі Аңыз-әңгіме

2. Абай мен Ш. Құдайбердіұлының еңбектеріндегі негізгі идеялар үндестігі және оны талдау.