Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

9 Дәріс. Дұрыс іс әрекет тәжірибесі өмір негізі.

Мақсаты. Студенттерге дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін түсіндіру, дұрыс іс-әрекет тәжірибесімен таныстыру.

Жоспары

1. Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық ретінде.

2. Білім беру үдерісінің Дұрыс әрекет етуге үйрету мақсаттары.

3. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер

4. Болып жатқан нәрсеге қарсыласпау

5. Дұрыс әрекет ету іс - тәжірибесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Егер біз ар ұятымызға сүйенбесек онда Дұрыс әрекет болмайды. «Адам болмысының мәні және әдебін ашатын ұғым ретінде ар - ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын, қанағатшыл құлқын асқақтатады».

Ар-ұят – бұл адамның көркем мінезділігінің тәрбиелілігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің арлылық пен сыпайылылықтың негізі.

Жүсіп Баласағұн.“Құтты білік”.

Білім беру үдерісінің Дұрыс әрекет етуге үйрету мақсаттары:

– әр адамның бойында бар Ар ұждан даусын ажырату және ести білу қабілеттерін ояту;

– күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету саласын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын сөздерін және іс амалдарын бекіту.

- Әрине. Ақиқат жолымен жүруден дұрыс әрекет туындайды. Оның қағидаты өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу..Ол үшін табиғаттың моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.

Дұрыс әрекетке тән қасиеттер:

  • Әдет: Өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізгі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі – әдетпен орнығады.

  • Қанағат: Тілек қалау адамды іс әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал әрекетіне сепепші болады. Тек тілек қалауын тыйғанда ғана еркіндікке қол жеткізеді.

  • Ынтымақтастық: жастары , әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.

  • Тәртіп: адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың

  • Бойында сәби кезінен бастап даруы керек.

Дұрыс әрекет практикасы (тәннің, тілдің және ақылдың үш дұшпандары). Қанағат шегі (мысалдар)

Ақиқаттан туындағанның барлығы - дұрыс әрекет.Дұрыс әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс жүзінде жүзеге асырылады.

Дұрыс әрекет ету қағидасы - өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.

Дұрыс әрекет ету іс-тәжірибесі

Тәннің үш дұшпаны:

  1. Екіжүзділік

  2. Сараңдық, дүниеқоңыздық

  3. Тірі жанды жәбірлеуге бейімділік

Сөздің үш дұшпаны:

  1. Үрей таратудан айызы қану (рахаттану)

  2. Жалған сөйлеу

  3. Өсек айту

Ақылдың үш дұшпаны:

  1. Көрсеқызарлық

  2. Көреалмаушылық

  3. Арсыздық

Болып жатқан нәрсеге қарсыласпау:

«Ойың адал болғанмен, орындалуы олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың» Ғабит Мүсірепов

Бақытты өмірдің сыры мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін.

Мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін деген не?

Бұл дегеніміз болып жатқан нәрсеге іштей икемделу, сонымен бірге біте қайнасу. Бұл енді сенің өміріңе өзгеріс енгізу үшін әрекет ете алмауыңды білдіре ме? Жоқ мүлде керісінше.

Сенің іс-әрекетің негізгі нақ осы сәтпен үндескенде ғана өмірдің өзі оларды шабытқа толтырады.

Азық. Мысалдар мен іс-тәжірибелік тапсырмалар

(сыртқы тәндік тұрғыдағы іс-әрекет)

Өмірде парықсыз тамақтанудан қалай арылуға болады?

  • Алдымен қашан, қалай тамақтану қажеттілігін, босқа тамақтануды анықтауымыз қажет

  • Осы өзекті мәселелерге байыппен қарап, шешімін табуға көмектесетін бірнеше сауалдарды саралауымыз қажет

  • Дүкенге бармас бұрын, ең қажетті заттарды қаншалықты қанша мөлшерде алуды, ойланбастан алынатын қажетті шамалы азықтардан бас тартуды жоспарлайсыз ба?

  • Азықтың шығарылу мерзімін тексеріп қашан, қай уақытқа дайындайтыныңызды және ысырапсыз қолдануды жоспарлайсыз ба?

  • Этикеттегі азық құрамын оқып, сондай-ақ қажетсіз жасанды қоспаларды (май, қант, кофейн, дәмдеуші глюканат) мұқият қарап шығасыз ба?

  • Өз бақшаңызда немесе балконда көкөністерді өсіріп үнем жасауға, пайдалануға мүмкіндігіңіз бар ма?

  • Қонақ күткенде қонақтарды керемет тағамдармен таң қалдыру немесе тағамды дастарханға мошылықпен толтыруың, қайсысы сізге маңызды?

  • Көбіне тағамның жартысы ысырап болып босқа төгілетін, мейманхана мен асханаларда жиі тамақтанасыз ба?

Энергия.мысалдар және практикалық тапсырмалар.

(сыртқы тәндік тұрғыдағы іс-әрекет)

Төменде өз күшіміз бен энергиямызды бекер шашуға бейім болатын өмірлік мысалдар келтірілген.

  • Өз күшіңіздің деңгейі оңтайлы уақытта алдымен не істейтініңізді бейнелейтіндей өз жұмысыңызды ұйымдастырасыз ба?

  • Сіздің талғампаздық деңгейіңіз қандай және нормадан асып кетпеген бе, қол жетпеске ұмтылыста сізге жұмысыңызды педанттық қайта жасауға мәжбүр етпей ме?

  • Энергияңыз бен уақытыңызды алатын жиhазыңызға шан жұқтырмау, үйіңізді идеалды тазалықта ұстауға фанатиктілігіңіз (бірбеткейлік) ұлғайтылған емес пе?

  • Сіз машинамен жолға шыққанда бірнеше істі бірден тындыра алатындай етіп, өз істеріңізді жоспарлайсыз ба? Бұл сондай-ақ белгілі бір энергия типі болатын бензинді үнемдейді.

  • Адамға ұнауға құштарлықпен ұмтылыста қаншалықты энергия мен күш жұмсаймыз?

Не істеу керек?

  1. Өз құмарлығыңыздың шегін белгілеп қойыңыз

  2. Азықты ысырап етпеңіз

  3. Ақшаны шашпаңыз

  4. Күшіңізді сарылтпаңыз

  5. Уақытты үнемдеңіз

Шіріген картоп

Дұрыс әрекетке өсиет әңгіме

Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке-бірлік кетеді.

Олардың бұл келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып алып, мынандай тапсырма береді:

- Айналайын, балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.

Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.

Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдар да оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды.

Енді балаларға ауыр, сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.

- Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке, сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік, - дейді.

Әкесі:

- Айналайын, құлындарым, мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім, сендердің бір-біріңе, айнала қоршаған ортаға өкпе-реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніш те осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал, бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, - дейді.

Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

.1. Дұрыс іс-әрекет ке құрылған аңыз әңгімелер жинақтау және оны ауызша баяндау.

2.Өз дұрыс іс-әрекетіңе мысал немесе эссе жазу