- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5. Оқу тәртібінің cипаттамасы
- •5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері
- •5.4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •7.2 Бақылау формасы
- •Оқу пәнінің саясаты
- •1 Дәріс. Тақырыбы: Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
- •Жоспары
- •2 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани–адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері
- •Жоспары
- •3 Дәріс. Замануи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері
- •Жоспары
- •4 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері
- •Жоспары
- •6. Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
- •5 Дәріс. Өзін өзі тану пәні мен басқа пәндердің интеграциясы
- •Жоспары
- •«Геометрия» пәні. Тақырып: «Сәуле және кесінді».
- •«Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
- •«Қазақ әдебиеті».8-сынып. Тақырып: Жыраулар поэзиясы.
- •6 Дәріс. Сабақтан тыс іс –әрекет арқылы өзін өзі тану рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру
- •Жоспары
- •Сабақтан тыс шаралар «жүрек жылуы» тақырыбындағы қайырымдылық апталығы
- •«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы
- •«Сүйіспеншілік күні» атты тренинг
- •«Мейірімді жүрекпен»
- •7 Дәріс. Өзін өзі танудың оқытудың аксиологиялық аспектілері. Ақиқат құндылығы
- •Жоспары
- •Жоспары
- •9 Дәріс. Дұрыс іс әрекет тәжірибесі өмір негізі.
- •Жоспары
- •10 Дәріс. Ішкі тыныштық тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.
- •Жоспары
- •11 Дәріс. Қиянат жасамау -жалпыадамзаттық құндылық
- •Жоспары
- •12 Дәріс. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер
- •Жоспары
- •13 Дәріс. «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілері.
- •Жоспары
- •1 Жастан бастап 10 жасқа дейін.
- •11 Жастан 15 жасқа дейін:
- •15 Жастан жоғары
- •14 Дәріс. Әңгімелесу әдісі оқушылардың терең рухани адамгершілік әңгімеге тарту тәсілі
- •Жоспары
- •15 Дәріс. Ата–аналармен байланыс–«Өзін өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.
- •Жоспары
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Реферат тақырыптары
Жоспары
Риясыз сүйіспеншілік
Сүйіспеншілік энергиясы
Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер
Педагогикадағы сүйіспеншілік
Сүйіспеншілікке толы өмір (мысалдар)
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сүйіспеншілік түрлері. Біздің жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашылуына нелер кедергі жасайды және нелер ықпал етеді? Сүйіспеншілікке толы өмір (Мысалдар).
Өзімшіл сүйіспеншілік-адам тек өзін ғана ойлайды, сүю оның «маған» деген эгоистік қажеттіліктеріне құрылады. (шамның жарығымен салыстыруға болады)
Өзара сүйіспеншілік- «сен-маған, мен-саған» деген есеп пен міндетке құрылады, жағдайға қарай (құбылмалы, уақытша, өткінші болып өзгереді. (Ай сәулесімен салыстыруға болады)
Риясыз сүйіспеншілік - бәріне бірдей нұр шуағын шашады, ештеңе қажетсінбейді, қайтарымын сұрамайды, бәріне қол ұшын береді.( Әлем жүйесі - жер, күн , су, от салыстырамыз)
Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі келтіреді ?
Эгоизм, ашу-ыза, көре алмаушылық, шыдамсыздық, қалаулар, сараңдық.
Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не ықпал етеді ?
Біз тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүл жарады.
Риясыз сүйіспеншіліктің мәні. Сүйіспеншілік пен басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы. Педагогикадағы сүйіспеншілік.
Шын мәнінде, біздің өміріміз сүйіспеншілік оқиғаларынан тұрады. Біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалу - өзімшіл сүйіспеншілік.
Өзімшіл сүйіспеншілік немесе біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалуы азап шектіртеді, қайғы-қасірет әкеледі. Риясыз сүйіспеншілік марапат іздемейді, ол өзі - Сый.
Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, жанасумен, іспен, түсінісумен, оймен
Риясыз сүйіспеншілік
Әрекет арқылы сүйіспеншілік-Дұрыс әрекет
Сезім арқылы сүйіспеншілік-Ішкі тыныштық
Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік-Ақиқат
Түсінуарқылысүйіспеншілік-Қиянатжасамау
Педагогикадағы сүйіспеншілік.
Педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студентті сыйламау студентің эмоциясына, сезімі мен ішкі толқынысына немқұрайлы қарау. Сүйіспеншілік арқылы ғана өзің жеке тұлға ретінде табуға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне енуге болады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана кемел адам бола алады.
Алдымен сүю керек, содан соң оқыту қажет.
Я.А.Коменский
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз.
А. Байтұрсынов
Я .А. Коменский «.....алдымен сүю керек,сонан соң оқыту қажет....»
Ақиқатқа сүйене отырып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет етсе, ішкі жан тыныштығы болады, ішкі жан тыныштық орнаса қиянат өзінен өзі жасалмайды.
В.А. Сухомлинский «Мұғалімнің балаға махаббаты, баланың мұғалімге махаббаты ұғымына салынатын нәрсе, меніңше, бір адамның басқа адамның рухани байлығына таңырқауы, сүйсінуі....»
Сүйіспеншілік энергиясы. Ғалымдар сүйіспеншілік энергиясы туралы. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі.
Сүйіспеншілік- эмоция емес, ол дүниені өзгертуге бейім, өмір еруші және демеуші қуатты энергия
Адам –сүйіспеншілік энергиясын өткізгіш.
Сүйіспеншілікэнергиясын қалай береміз?
- Ізгі ниетпен жақсы істер жасау, таза ой арқылы, жан жадыратар жылы сөзбен, мейірім шуағы төгіліп тұрған көзқараспен, жүзіңде еш бояусыз риясыз, таза күлімсіреумен және өзара түсінісумен.
I= U
R
I- сүйіспеншіліктің ток күші
U- зейінді қуатқа шоғырландыру
R- қарсылық, эго
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі қуаттың аздығы .
Мысал: Отанға деген сүйіспеншілік дұрыс әрекетке (аңыз әңгіме)
Ерте кезде жиі болатын шапқыншылықтардан әбден шаршаған қазақ елі бір күні жаудың күші ала алмайтындай бір қамал соғуға шешім қабылдайды. Бұл қамалды салу үшін тұрғындар ынтымақмен, бар күш жігерлерін салады. Алайда бұл қамалдың бір жақ қабырғасы еш нық тұрар емес, қайта қайта құлай берді. Шаршаған жұрт, әбден қажыды. Сонда халық арасынан бір дана шығып, бұл қамалды нық тұрғызудың амалын білемін дейді. Ол үшін жалғыз ұлы бар ананы тауып, ол ұлын өз еркімен осы қабырғаға тірідей қалауы керек және жігіт те өз еркімен Отан үшін жанын пида ету керек деп айтады. Көп іздемей ақ, ондай ана мен бала табылды. Ер жігіт қамалға келіп, Отан алдындағы парызым, елімді аман алып қалуға дайынмын деп, қабырға тұсына келіп тұра кетеді. Анасы қайғыдан әрең шыдап,тұрғанда дана одан сен қалай ғана балаңды қидың деп сұрапты, сонда ол, менің ұлымның екі анасы бар, бірі мен болсам екіншісі Отан анасы, бүгін оны екінші анасы шақырды, қалай жібермеймін деп Отан үшін жалғыз ұлын қиюға әзір екенін көрсетіп, қайратталық танытады. Сонда дана жасалғалы жатқан әрекетті тоқтатып, келесідей сөзді айтады: «бізді жау алдындағы қорқыныш пен шарасыздық көзімізді жұмып қойғандай, алайда біздің жасағалы тұрған ісіміз дұрыс болмас, мен мына ана мен баланың әрекетін көріп, мұндай аналар мен балалары бар бізді жеңу мүмкін емес, баланы жіберіңдер де қамалды аяқтаңыздар деп бұйырады. Ол уақыттардан бері талай шапқыншылықтар болды, қиын замандар өтті және ол қамал он рет құлады, алайда халықтың күшімен оны он бірінші рет қайта тұрғызды. Расыменде, Отанға деген сүйіспеншілік, рухты өшіру мүмкін емес. Халықтың Отанға деген сүйіспеншіліктің шегі жоқ, ол мәңгі. Егер Отан алдында парызын сезінген ұл болса, Отанға деген шексіз ризашылығымен оған деген сүйіспеншілігін дұрыс әрекетімен көрсете білсе, ондай елде тәртіп те, тәрбие де, рух та мәңгі болмақ!
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1, Рухани деңгейді анықтау.
2. Сүйіспеншілік түрлеріне мысалдар дайындап келу.
3. Өз бойыңдағы сүйспеншілік жайында эссе жазу
