Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

7 Дәріс. Өзін өзі танудың оқытудың аксиологиялық аспектілері. Ақиқат құндылығы

Мақсаты. Студенттерді өзін өзі тану пәнін оқытудың аксиологиялық аспектілерімен таныстыру және Ақиқат құндылығының мәніні түсіндіру.

Жоспары

  1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат.

  2. Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы білім.

  3. Шындықтың мәні туралы

  4. Абсолюттік және салыстырмалы Ақиқат

  5. Нағыз шындық – ол Ар – ұжан

Дәрістің қысқаша мазмұны. АКСИОЛОГИЯ (грек тілінен аударғанда axios – құндылық, logos – ілім, оқыту) – құндылық ұғымын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп аталады.

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.

Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мазмұнына мақсатты түрде енгізу мәселесі ХХ-ғ. 80-90 жылдары жолға қойылды. (И.Я.Лернер, В.Оконь, А.Я. Зорина және т.б.)

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.

Рухани деңгей

интуиция, ар-ұждан, шабыт

Ажырату деңгейі

Жеке тұлғалық сана

Менталді деңгей

Эмоционалды деңгей Түпкі сана

Бес сезім мүшесі

Тәндік деңгей

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Қиянат жасамау – рухани аспект.

Ақиқат – интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект

Тыныштық – эмоционалдық аспект

Дұрыс әрекет – физикалық аспект

Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат - затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектикалық байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.[1]

Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика - ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясындаБэконСпинозаДидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат - идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” - шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы - шариғатта, 10-ы - тарихатта, 10-ы -мағрифатта, 10-ы - ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат - жабарут, тарихат - малакут, мағрифат - лахут, хақиқат - насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.

Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы - экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.

Ақиқатты танып-білу процесі - тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[2]

АҚИҚАТ:

  • Адамның шынайы болмысы

  • Кеңістік пен уақытпен шектелмейді

  • Өзгермейді, ол жалғыз

  • Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін біреу

Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді.

  • Мен кіммін?

  • Менің өмірімдегі мақсатым не?

  • Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

  • Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?

Салыстырмалы ақиқат

Абсолюттік ақиқат

  • Жеке

  • Өзгермелі

  • Сезім деңгейінде табылады

  • Алуан түрлі

  • Әмбебап

  • Өзгермейтін

  • Сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс)

  • Біртұтастықты білдіреді

Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір деңгейде иерархияланған жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса,екіншінің маңызы азырақ болады.

Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін.

Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды.Өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса,енді бір екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады.

Өмірдегі түрлі жағдаяттар ,мәселен , ауыр сырқат және т.б жағдайлар жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі де айтарлықтай ықпал етеді.

Жеке тұлғаға басқа бір беделді тұлға да өзінің құндылықтар көзқарастарымен зор ықпал ете алады.

Қорыта айтқанда,адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.

Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін  білеміз.    Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі:

  • Табиғи құндылықтар;

  • Жүре пайда болған құндылықтар;

  • Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.

Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. ( Лернер, Оконь , Зорина).

Құндылықтарға бағытталған материалдарда білім берудің базалық мазмұнын енгізу мәселесі рухани адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан да,қазіргі білім мазмұнында бар материалды пайдалану,онда назардан тыс қалған құндылықтың әлеуетін,жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп аталады.

Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды, өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезексе шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады

Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін  білеміз.    Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.  Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Олардың адам тұлғасының құрылымен байланысы.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.

Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.

Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.

Негізгі бес абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.

2.СҮЙІСПЕНШІЛІК

Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

3. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ

Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.

4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ

Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.

5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ

Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.

Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. 

Ішкі үйлесімдікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.

Қиянат жасамау – рухани деңгей

Ақиқат – интеллектуалдық деңгей. (ажырату, интуиция)

Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз)

Тыныштық – эмоциялық деңгей

Дұрыс әрекет – физикалық деңгей

Әрекет арқылы сүйіспеншілік- Дұрыс әрекет Сезім арқылы сүйіспеншілік- Ішкі тыныштық Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік- Ақиқат Түсінісу арқылы сүйіспеншілік- Қиянат жасамау

Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні,оның ар – ұжданмен байланысы.

Осы шақпен өмір сүріңіз.Мен болашақты болжағым келмейді. Мені қазіргі іс-әрекетім толғандырады, Жаратушы маған болашақты болжай алатын билік

берген жоқ. Мен мына нәрсені түсіндім – Осы шақ пен өмір сүріп, оны қабылдай алу керек, алға қарай ұмтылуға кедергі болып жатқан ішкі қарсылағымызды жеңуге ұлы жол осы. Неге? Өйткенісіз осы шақпенөмірсүрсеңіз, ондасізболашақта не болатынына үңіле бермейсіз, себебісіз болашағыңызды билей алмайсыз ғой. М.Ганди

Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана ақиқат бар,ол абсолюттік ақиқат.Сен оны тапқан кезде ғана, сенің іс әрекетің онымен үйлесім табады.

Ақиқат- көпқырлылықтың біртұтастығы түсіну, өзін бәріне қатысы бар. Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері әсер етеді.Әрқашан шындықты айту керек.шындықты өте жұмсақ жеткізу керек.

Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді:

Мен кіммін?

Менің өмірдегі мақсатым не?

Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?

  1. Мен кіммін?

Бұл менмін.Мен бармын,яғни мәңгілікпін. Мен осы келген қонақпын. Денем өлсе де мен өлмеймін.Менікінің барлығы уақытша.

Ақыл мен жан -мен өзім,тән менікі

«Мені » «Менікінің» мағынасы екі

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін,оған бекі

Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келмес,

«Мені » мен «менікінің» айрылғанын,

Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес- деп ұлы Абай жырлаған.

2.Менің өмірдегі мақсатым.

Өзімнің шынайы болмысымды тану,өйткені Ақиқат адамның шынайы болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуаты ағынына жол ашады.Бес құндылық арқылы ақиқатқа жете аламын.

3.Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

Яғни бүгінгі сәтпен өмір сүруі керек.Кешегі күн тарих.Оны қайтарып ала алмаймыз.Ертеңгі күн болашақ.Бүгінгі күн ертеңгі күннің жемісі.Сондықтан дәл бүгінгі күнмен жүру керек. Әрекетіңді сүйіспеншілікпен жасасаң,ол дұрыс әрекет болмақ.Ертеңгі күні сол дұрыс әрекетіңнің жемісін көресің.

4. Өзімнің ішкі «Менімді» қалай ғана тани аламын?

Шынайы болмысымды тануда жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы өз менімді танимын.Кез келген сәтті жақсы шығарып салу арқылы ішкі жан дүниемді тани аламын.

Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені Ақиқат –адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.

Ақиқат – барлығының бастауы, түп тамыры.Ақиқат дән секілді,ішіміздегі нәріміз,рухымыз.

Біздің әрқайсымызда үш тұлға бар:

Біріншісі- біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінеміз.

Екіншісі –басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс.Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті,көңіл қойып,сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да ,өздерінде сендіруге тырысады. Бұл екеуі де нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.

Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз болмыс.

Біз қазір және әрқашанда сәулелінұр болып табыламыз. Өзін- өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.

Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.

Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.

 Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нірсені немесе ойды шынайы жеткізу.Ақиқатқа жүгіну айтқан - істеген,көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады.

Мысалы: Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады,әрине ол мойындамайды. Алайда оның Ар- ұжданы оның есіне салып тұрады.Сөз ар- ұжданды басшылыққа алса, ол ақиқатқа айналады.

Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін.Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде, сіз ауыр сынаққа кезігесіз.

Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.Дұрыс әрекет ақиқат жолын ұстау болып табылады.

Егер, мүмкін болғанша жиірірек өз тыныс алуыңды ұғатын болсаң, әркез ол туралы есіңе алсаң, осылайша жыл бойы істесең пайдасы мол болар еді.

Тыныс алуды ұғынуың сені осы сәтке итермелейді, ал бұл барлық ішкі трансформация үшін кілт. Тыныс алуды ұғу арқылы сен абсолютті қатысасың. Сен сондай-ақ, бір мезетте ойланып және тыныс алуды ұға алмайтыныңды ескересің. Тыныс алуды ұғыну арқылы ақылға тоқтау салады. Шебер жалған және ақиқат жақсы мен жаман хабарға бірдей мойын бұрады. Ол үшін тек бір ғана сәт бар және сол сәт табиғи.

Барлығы бір уақыт бойынша және бір уақытта нақ осы сәтте өтіп жатқандай болады.

Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері әсер етеді, (Профессор П.П.Гаряевтің толқындыгенетика бойынша еңбегінде үдерістің молекулалық-жасушалық деңгейде қалай өтетіні жан-жақты сипатталған). Әрқашан шындықты айту керек. Шындықты өте жұмсақ жеткізу керек. Егер шындық адамның жүрегін жаралайтын болса, онда үндемеген дұрыс.

Студенттердің білімін тексеруге арналған тапсырмалар:

1.Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты.

2. Сократ туралы аңыз- әңгіме.

3. Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегін талдау, өз пікірін жазу.

8 дәріс. Сүйіспеншілік өзін - өзі танудың негізін қалаушы құндылық.

Мақсаты. Студенттерге сүйіспеншілік өзін - өзі танудың негізін қалаушы құндылық екендігін түсіндіру.