Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

«Мейірімді жүрекпен»

Жүргізуші:

Құрметті балалар үйі ұжымы және тәрбиеленушілері!

Біздің бүгінгі қайырымдылық шарамыздың мәні мен мазмұны адам және оның өмірдегі орны, табиғатпен, айналадағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас, достық, сүйіспеншілік, бұл бағдарлама адамгершілік-рухани құндылықтар жүйесі ретінде үлкен мәселелерді қамтиды. Жүрегіміздің жылуын бір-бірімізге сыйлайық, ағайын!

Жүрек жылуы, жүрек жылуы керекті

Сезінемін жүрек сыры ілепті,

Адам, адам бір-біріңе керексің,

Бір-біріңе көмек берер тірексің.

Ән:«Қазақстан»

Жүргізуші:

Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен, Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен. Мейірімділікті сіңірген адам бойына, Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.

Би: бишілер тобы

Жүргізуші:

Мейірімділік - ғажайып өмір есігі, Мейіріммен тербетілер бесігің. Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің, Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім. Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған, Қайтарма қолын ананың көмек сұраған. Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе. Ән: «Асыл ана» , «Көктем вальсі»

Жүргізуші:

Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.

Ән: «Қазақтай ел қайда»

Жүргізуші:

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

Ән : «Аманат»

Жүргізуші:

Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті, Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты. Жолында жолығатын екі тағдыр, Күтеді Адам үшін сын сағатты. Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан. Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан, Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Би: бишілер тобы

Жүргізуші:

Қандай рахат!

Жүрейік ,достар, күнде өстіп.

Ренжу деген,

Ренжу деген-білместік.

Бауырларым-ау,

Бәріміз бірге күн кештік,

Арамызға біздің қай жақтан келді күндестік?!

Күндестік құрысын!

Күндестік құрысын!

Күндестік деген-жат көрік,

Тастайық оны нақ ортасынан қақ бөліп!

Елдер мен елдер,

Материктер мен материк

Достасып жатыр

Татулық туын көтеріп.

Бауырластықтың жалауын біз де көтеріп,

Жарқын өмірден

Бір-бірімізге мейірім сыйлап өтейік.

Ән: «Көңілді күн»

Би «Флэшмоб»

Қорытынды

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Мектептегі сабақтан тыс іс–шаралар жоспарын дайынадау.

2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері: «қайырымдылық акциясы», тәрбие сағаттары, үйірмелер, ақындар клубы т.б.