- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
Күнделікті ойлау практикасында біз ұғымды жалпылау және ұғымды шектеу деп аталатын логикалық тәсілдерді жиі қолданамыз.
Ұғымдарды жалпылау дегеніміз - жалпылығы кемірек ұғымнан жалпылығы кеңірек ұғымға қарай көшу.
Ұғымды шектеу дегеніміз - жалпылығы кеңірек ұғымнан жалпылылығы кемірек ұғымға қарай көшу.
Осыған сәйкес (кері қатынас заңы бойынша) ұғымның мазмұны өзгереді.
Ұғымды шектеу процесін мынадай мысалмен қарастырайық: Натрийдің не екенін түсіндіру үшін, түсіндіруді - жалпы элементтің өзінің не екенін ескертуден бастап, онан соң "элемент" ұғымына металға тән кейбір белгілерді енгізуге болады. Бұл белгілерді енгізу ісі "элемент" деген ұғымның көлеміне шек қояды, сонымен қатар көлемі кіші басқа ұғым - "металл" ұғымы шығады.
Осыдан кейін "металл" ұғымына натрийге тән белгілерді енгізіп,бізсонымен қатар "металл" ұғымын да тарылтамыз (шек қоямыз), яғни, оның орнына жалпылылығы кемірек ұғым - "натрий" ұғымын береміз.
Сөйтіп, ұғымды шектеу процесі жалпылығы кеңірек ұғымдардан жалпылығы кемірек ұғымдарға бірте-бірте көшу болып табылады.
Ұғымдарды шектеу процесінде жалпылығы кеңірек ұғымдардан жалпылығы кемірек ұғымдарға қарай көше келіп, біз ақырында көлемі бірге тең жеке ұғымдарға, демек, одан әрі шектеуге көнбейтін ұғымдарға жетеміз. Ондай ұғымдар жеке-дара нәрселерді көрсететін және көлеміне қарай ең шегіне жеткен тар ұғым болып табылады. Ондай ұғымдардың мысалдары: "Каспий теңізі", "Қазақстан Республикасы", "Алматыдағы Әл-Фараби атындағы көше".
Ұғымды жалпылау әдісі шектеуге кері процесс болып табылады. Ұғымды жалпылаған кезде оның бірсыпыра белгілерін алып тастай отырып, біз жалпылығы кеңірек ұғымдарға көше береміз. Мысалы, "қазақ" деген ұғымнан "мұсылман" деген ұғымнан "адам" деген ұғымға көшеміз.
Ұғымды жалпылау процесінде, біз қарастырып отырған нәрсеге өзгеше қасиеті бар жаңа нәрселер қосылғандықтан ұғым барған сайын кеңи береді.
Ұғымдарды жалпылау әдісін ғылым кең түрде пайдаланады, өйткені ғылым әрдайым нәрселердің жалпы қасиеттеін ашуға талпынып отырады.
Ұғымдарды жалпылағанда, көлемі тарлау ұғымнан көлемі кеңірек ұғымға көше отырып, біз ақырында әрі қарай жалпылауға болмайтын, көлемі шегіне жеткен кең ұғымдарға барып жетеміз.
Ондай ұғымдар категориялар деп аталады.
Категориялардың мысалдары: "материя" "уақыт", "қозғалыс", "кеңістік", "мөлшер", "форма", т.б. Категориялар философиялық және жеке ғылымдар категориясы болып екіге бөлінеді. Келтірілген мысалдар философиялық категорияларға жатады. Сондай-ақ әрбір ғылым өзінің категориялар жүйесін (математикалық, биологиялық, т.б.) жасап алады. Мұндай категориялар жүйесін жасап алмайынша, ешбір ғылым ойдағыдай дамып, өмір сүре алмайды, өйткені олар сол ғылымдағы зерттеулерді жүйелі түрде жеткізуге көмектеседі.
2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
Шектеу процесінде де, жалпылау процесінде де бәрталай ұғым шығатынын, олардың кейбірінің көлемі (жалпылығы) кеңірек, ал басқаларының көлемі кемірек болатынын көрдік.
Жалпылығы кеңірек ұғымдар тектік ұғымдар, жалпылығы кемірек ұғымдар түрлік ұғымдар деп аталады.
Бірталай ұғымдарды алып қарайық: "қала" - "астана" - "оңтүстік астана" - "Алматы". "Қала" деген ұғым "астана" деген ұғымға қарағанда тектік ұғым, ал "астана" деген ұғым "Алматы" деген ұғымға қарағанда тектік ұғым болады. Бірақ осы ұғымдардың өздері басқа қатынастары да тұрады: "Алматы" деген ұғым "астана" деген ұғымға түрлік ұғым болады, ал "астана" деген ұғымның өзі "қала" деген ұғымға түрлік ұғым болып, ал "Алматы" деген ұғымға тектік болып табылады.
Сөйтіп, бір уақыттың ішінде бір ұғымның өзі әрі түрлік ұғым , әрі тектік ұғым бола алады, бірақ олар түрлі қатынаста алынады. Жалпылығы кемірек ұғымға қарағанда ол тектік болып, ал жалпылығы кеңірек ұғымға қарағанда түрлік болады. Жоғарыда келтірілген мысалда "астана" деген ұғым "қала" деген ұғымға түрлік болы, ал "Алматы" деген ұғымға тектік болып табылады.
Тек пен түр әрқашан өзара байланысты. Тек пен түр бұл өзара байланысты нәрселердегі жеке мен жалпының байланысын бейнелейді, атап айтқанда, объективтік дүниенің әрбір нәрсесінде оны бір текті нәрселермен біріктіретін жалпы қасиеттері де және өзінің өзгеше қасиеттері де болады. Мысалы, алма дегеніміз жеміс (алмаларға және басқа жемістерге тән жалпы қасиет), бірақ алманың басқа жемістерде жоқ, өзіндік ерекше қасиеттері бар; қарағай дегеніміз ағаш (жалпы қасиет), бірақ қарағайдың өзінің де ерекше, тек қарағайға тән және басқа ағаштардан оны айырып тұратын қасиеттері болады.
Жалпы ортақ қасиеттер тек жеке нәрселерде ғана болады. Сонымен қатар жалпы қасиеттер - жеке нәрселердің белгілері.
