- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
Грамматиаклық ережелерін білмей-ақ адамдардың дұрыс сөйлей білетіні сияқты, логиканың ережелерін білмей де дұрыс ойлауға, дұрыс қорытынды жасап, дұрыс дәлеледеуге болатынын жоғарыда айттық. Бұдан енді логиканы арнайы оқып-үйренудің қажеті жоқ деген қорытынды шығаруға болмайды. Грамматиканың ережелерін білу – сауатты сөйлеуге, қатесіз жазуға үйретіп, тіл мәдениетін дамытатыны сияқты, дұрыс ойлаудың заңдары мен ережелерін білу, оларды саналы түрде қолдану – сауатты ойлауға, яғни дұрыс ойлауға дағдыландырып, ойлау мәдениетінің деңгейін көтеретіні сөзсіз.
Логиканы оқып-үйренудің ешқандай теориялық және практикалық маңызы жоқ дейтін теріс пікірді қолдаушылардың кейбіреулері Гегельдің формалдық логика жайлы: «физиология ас қорыту мәселесіне қалай үйретсе, логика да дұрыс ойлауға солай үйретеді» деген мысқыл сөзін бетке ұстайды. Оған қарсы орыстың атақты физиологы академик И.П. Павловтың мынадай сөздерін келтіруге болар еді: «Мүмкіндігінше ұзақ өмір сүру үшін физиологияның атқаратын міндеті адамды дұрыс тамақтануға және тыныс алуға, дұрыс еңбек етіп, дұрыс дем алуға үйрету болып табылады».
Ал логиканың міндетіне келсек, оның міндеті – адамды дұрыс ойлаудың заңдары мен формаларын саналы түрде қолдана білуге, сөйтіп, дұрыс ойлап, шындық дүниені танып-білуге үйрету. Логаика адам өмірінің барлық салалары үшін қажетті: ғылыми жұмыста да, оқып, білім алу үшін де, күнделікті тұрмыста дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда да, қысқасы, барлық іс-әрекетте керек. Сол өмір салаларының бір-екеуін қарастырып көрейік.
Логика ғылымының негіздерін білу педагогикалық қызмет саласында ерекше қажет, өйткені оқу арқылы жаңа білім алуда, сабаққа дайындалуда, шығарма жазуда, баяндама жазуда, т.б. істерге әзірленуде логика қай мәселелерге баса көңіл аударып, қай мәселелерге үстірт қарауға болатынын көрсетеді. Логиканы білу ауызша сөйлеуде және жазбаша шығармада кеткен логикалық қателерді байқап, оларды жөндеудің қысқа да дұрыс жолдарын табуға көмектеседі. Қоғамдық өмірді қайта құрудың қазіргі аса күрделі кезеңінде оқу, білім беру процестерін ұйымдастырудың жаңа жа тиімді әдіс-тәсілдерін, дұрыс жолдарын табуға логиканың көмектесетіні сөзсіз.
Дәл және жүйелі, дәйекті ойлап, пайымдау, сөйлеу процесінде логикалық қайшылыққа жол бермеу, жіберілген логикалық қателіктерді тез байқай білу, яғни, логикалық ойлау заңгерлердің қызметі үшін ерекше қажет, өйткені сот, тергеу жұмыстары аса дәлдікті, бұлтартпайтын дәлділікті талап етеді. Мысалы, тергеуші: «Н. Жауап алу кезінде боп-боз болып дірілдеп, қорқып кетті және ол бұрын түрмеде отырып келген адам, сондықтан бұл қылмысты жасаған да сол» деп қорытынды жасауына бола ма? Әрине, болмайды, өйткені тергеушінің келтірген дәлелдері Н-нің қылмыскер екенін негіздей алмайды. Оның дірілдеп, бозарып, кету қорқуының салдарынан емес, кінәсіз кінәланып отырғаны үшін іштей күйініп, ашу қысып отырғанынан болуы да мүмкін.
Көп жағдайда ойлау, пайымдау процесінде кететін логикалық қателер адамның өз ойының дұрыс немесе бұрыс құрылғанын қадағалай алмайтындығынан болады, өйткені ол логикалық заңдарды, ережелерді білмейді. Ал логикалық ережелерді білу ойлауда, пікірлеуде орын алған қайсыбір қателерді оп-оңай байқауға көмектеседі.Беркли деген американдық логиктің келтірген мына мысал бола алады.Бір американдық сенатор өзінің сөйлеген сөздерінде: «Коммунистердің бәрі маған тиісе береді. Ол да маған тиісе береді. Олай болса – ол коммунист» деген ойқорытынды жиі-жиі айтады екен. Сонда Беркли сенатордың бұл пайымдауын: «Барлық көбелек құрты капустаны жейді. Мен де капуста жеймін. Олай болса, мен көбелек құртымын» деген пайымдаумен бірдей деп сынайды.
Сенатордың бұл логикалық қатесінің шын себебі логиканың ережелерін білмеу емес, коммунистерге деген өшпенділігі болуы да мүмкін. Алайда, бұл сияқты қателер өмірде жиі кездеседі және олар, әдетте, логикалық ережелерді білмеуден, логикалық ойлау мәдениетінің төмендігінен туады. Ал логикалық ойлау мәдениеті – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір саласы. Логикалық формалар мен заңдарды берік меңгеріп, ойлаудың логикалық мәдениетін көтеру қоғам мүшелерінің ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастырудың алғышарты болып табылады.
Әрбір адамның логикалық ойлау мәдениеті немен анықталады және оның дәрежесін қалай көтеруге болады? Оны анықтайтын факторлар толып жатыр. Олардың ішінде тұқым қуалаушылық арқылы ата-бабаларынан қонатын қабілеттілік те бар. Адамның жеке басының дамып жетілу барысында ұдайы әсер етіп отыратын қоршаған әлеуметтік орта, оқу-тәрбие ісі, т.б. бәрі ойлау, сөйлеу қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді.
Логикалық ойлау мәдениетіне әсер ететін факторлардың ішінде қоршаған әлеуметтік ортаның алатын орны ерекше. Бұл жерде біз ойлау мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінің арасындағы аналогияға тағы да тоқталуға мәжбүрміз. Адам басқа адамдармен қарым-қатынаста сөйлеуге үйренетіні сияқты, ойлауға да үйренеді. Бұл әсіресе, балалық шақта күшті болады. Алайда, ғылымның дәлелдеуінше,әлеуметтік ортаның әсері бүкіл өмір бойы тоқтамайтын көрінеді. Адам белгілі бір саяси, адамгершілік, эстетикалық ортада тәрбиеленіп, соларға сәйкес сенімі мен көзқарасын қалыптастыратыны сияқты, белгілі бір логосферада (логикалық ортада) өсіп, тәрбиеленіп, логикалық ойлауға дағдыланады, логикалық ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Адамдардың логикалық ойлау тәсілдері бір-біріне тікелей тілдесу арқылы ғана емес, сонымен бірге жанама жолдармен де әсер етедіғ яғни, кітап, газет, журналдар оқу, теледидар, радио хабарларын тыңдау және көру арқылы да логикалық ойлау әдіс-тәсілдері қалыптасады. Дегенмен, логосфераның ықпалымен логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру саналы іс-әрекет емес, стихиялық сипаттама жүзеге асады. Мұнда адам хабар иесінің ойлау процесі логикалық заңдар мен ережелерге сәйкес келе ме, келмей ме, ол жайында ойланбайды да, оның ішкі құрылымына талдау жасамайды да.
Бірақ, мұндай жағдайда кейде ойлауда кеткен логикалық білімі болмаса да іштей сезуге болады. Мәселен, «діншіл деп діни сенімдегі адамды айтамыз» деген анықтаманы оқыған не болмаса естіген адам бұл анықтаманың бір кемшілігі бар екенін сезеді, бірақ ол қандай қате екенін логика тілімен айтып бере алмайды. Ал логиканың тілін білетін адам бірден «бұл анықтамада кеткен қате татология», яғни, «анықтамадағы шеңбер» деп аталатынын бірден айтар еді. Демек, логиканың қарапайым курсын оқытудың нәтижесінде меңгерген азды-көпті логикалық білімі бар адам ойлаудың дұрыс немесе бұрыстығын анықтауды сауатты әрі тез іске асырады, ойлауда кеткен қателік себебі туралы жорамал, болжамдар айтып жатпайды.
