Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері

Гипотеза мен версия екі жолмен тексеріліп дәлелденеді: тікелей фактілермен салыстыру арқылы және дедукциялық қорытынды шығару жолымен.

Фактілермен салыстыру жолы. Ғылым мен сот зерттеулерінде жекеше гипотеза мен версия көбінесе белгілі бір жерде және белгілі бер кезде нақты нәрселер мен құбылыстардың болған фактісін анықтауды көздейді. Мұндай жорамалды шындыққа айналдырудың ең сенімді жолы белгіленетін жерде немесе уақытта керекті нәрсені немесе оның нақты белгілерін табу болып табылады.

Мысалы, қрлық туралықылмысты істі тексергенде сот – тергеу орандарының маңызды бір міндті - ұрланған нәрселердің тұрған жерін, аөшаларды, бағалы заттарды табу. Осы жолмен қылмысты іс не тікелей дәлелденеді немесе бекерленеді.

Тікелей фактілермен дәлелденетін немесе бекерленетін версиялар әрдайым жекеше версиялар болады. Олардың көмегеімен, әдетте жеке фактілер, оқиғалар, қылмыстық жеке жақтары анықталады.

Қорытынды жеке фактілермен салыстыру арқылы жүргізілетін пайымдау шартты – кесімді силлогизмнің қостаушы (ponens) модусы формасында құрылыды:

Егер S – P болса, S, S, S, болуы тиіс.

S – P

Олай болса, S, S, S, те бар.

Ал, егер версия расталмай, бекерге шығатын болса, онда ол терістеуші (tollens) модус формасында құрылады:

Егер S – P болса, S, S, S, болуы тиіс.

S, S, S жоқ

Олай болса, S – P емес.

Дедукциялық жолмен қорытынды шығару дәлелдеудің логикалық жолы болып табылады. Тексерілетін істің мәні жақтарын түсіндірулі көздейтін версияларды анықтау жанама жолмен (ойқорытындылар жасау жолымен) дәлелденеді, өйткені бұрын болған нәрселер мен құбылыстарды не болмаса қазір бар болғанымен, бірақ тікелей байқауға болмайтын құбылыстарды анықтау қажет.

Мысалы, қылмыстың жасалу әдіс – тәсілдері, қылмысты жасау мақсаттары, кінәлі кім екендігі, т.б. туралыы версияларды дәлелдеу пайымдауды қажет етеді.

Гепотезалар мен версияларды логикалық жолмен негіздеу тікелей дәлелдеу және жанама дәлелдеу формаларында жүзеге асады.

Тікелей дәлелдеу ұсынылған жорамалдардан түрліше салдар шығару үшін олардыжаңа табылған фактілермен растау жолымен құрылады.

Жанама дәлелдеу де барлық жасалған версияларды бекерлеп, шығарып тастау арқылы жасалады. Бұл жағдайда қорытынды шығару ажыратушы - кесімді силлогизмнің терістей отырып қостаушы (tollendo-ponens) формасында жүреді.

S не P не P не P

S – P емес және P емес

Олай болса, S – P.

Бұл ойқорытындының қортындысы ақиқат деп саналуы үшін, біріншіден, зерттеліп отырған оқиға туралы версиялардың мүмкін түрлерінің бәрі келтірілуі керек, екіншіден, тексеру кезінде жалған версиялардың барлығы бекерленіп, шығарылып тасталуы қажет. Қалған барлық версия ықтимал емес, ақиқат деп саналуы тиіс.

Логика курсы бойынша тест сұрақтары

Мына ұғымдар көлемі жағынан қай түрге жатады?

1.«Адам»

A) жалпы;

B) жекеше;

C) жинақтаушы;

D) нөлдік.

2. «Тобыр»

A) жалпы;

B) жекеше;

C) жинақтаушы;

D) нөлдік.

3. «Тәртіпсіздік»

A) жалпы;

B) жекеше;

C) жинақтаушы;

D) нөлдік.

4. «Қыдыр»

A) жалпы;

B) жекеше;

C) жинақтаушы;

D) нөлдік.

Мына ұғымдардың арасындағы қатынастар қандай?

5. «Спортшы» - «оқушы» - «қазақ»

A) тепе-теңдік;

B) бағыныштылық;

C) ішінара сәйкестік;

D) қатар бағыныштылық;

E) қарама-қарсылақ.

6. «Шотан» - «балық» - «су жәндігі»

A) тепе-теңдік;

B) бағыныштылық;

C) ішінара сәйкестік;

D) қатар бағыныштылық;

E) қарама-қарсылақ.

7. «Шотан» - «жайын» - «балық»

A) тепе-теңдік;

B) бағыныштылық;

C)ішінара сәйкестік;

D) қатар бағыныштылық;

E) қарама-қарсылақ.

8. Биік-аласа:

A) тепе-теңдік;

B) бағыныштылық;

C) ішінара сәйкестік;

D) қатар бағыныштылық;

E) қарама-қарсылақ.

9. Биік-биік емес:

A) тепе-теңдік;

B) бағыныштылық;

C) ішінара сәйкестік;

D) қатар бағыныштылық;

E) қарама-қарсылақ.

Ұғым анықтамасының қай түріне жатады?

10. Космонавтика деген гректің «kosmos», «әлем» деген сөзінен шыққан-әлем жайлы ғылым дегенді білдіреді.

A) атаулы анықтама;

B) шын анықтама;

C) генетикалық анықтама;

D) айқынсыз.

11. «Космонавтика аспан әлеміне ұшуға байланысты мәселелерді зерттейтін ғылымның жаңа саласы».

A) атаулы анықтама;

B) шын анықтама;

C) генетикалық анықтама;

D) айқынсыз.

12. «Конус дегеніміз үшбұрышты бір катеті арқылы айналдырғанда пайда болатын геометриялық дене».

A) атаулы анықтама;

B) шын анықтама;

C) генетикалық анықтама;

D) айқынсыз.

13. «Бойдақ деп некеде жоқ еркекті айтады».

A) атаулы анықтама;

B) шын анықтама;

C) генетикалық анықтама;

D) айқынсыз.

Төмендегі мысалдарда анықтаманың 4 ережесінің қайсысы бұзылған?

14. «Етістік дегеніміз нәрсенің қймылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы».

A) анықтама шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) айнымалы болуы тиіс;

C) анық, айқын болуы тиіс;

D) терістеуші пікір болмауы тиіс.

15. «Идеалист дегеніміз иделистік көзқарастағы адам»:

A) анықтама шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) айнымалы болуы тиіс;

C) анық, айқын болуы тиіс;

D) терістеуші пікір болмауы тиіс.

16. «Архитектура қатып-семіп қалған музыка».

A) анықтама шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) айнымалы болуы тиіс;

C) анық, айқын болуы тиіс;

D) терістеуші пікір болмауы тиіс.

Ұғымды бөлудің 4 ережесінің қайсысы бұзылған?

17. «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері толықтауышқа және анықтауышқа бөлінеді».

A) бөлу шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) бөлу бір негізде болуы керек;

C) бөлу мүшелері бірін-бірі тысқаралап тұруы керек;

D) бөлу үздіксіз және толық болуыкерек.

18. «Келісім шарт бір жақты, екі жақты, көп жақты және жазбаша болуы мүмкін».

A) бөлу шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) бөлу бір негізде болуы керек;

C) бөлу мүшелері бірін-бірі тысқаралап тұруы керек;

D) бөлу үздіксіз және толық болуы керек.

19. «Қылмыс ашылған, ашылмаған және қасақана жасалған болып бөлінеді».

A) бөлу шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) бөлу бір негізде болуы керек;

C) бөлу мүшелері бірін-бірі тысқаралап тұруы керек;

D) бөлу үздіксіз және толық болуыкерек.

20. «Ағаш: алма, алмұрт, қайың және емен ағаштары болып бөлінеді».

A) бөлу шамалас, яғни, тепе-тең болу керек;

B) бөлу бір негізде болуы керек;

C) бөлу мүшелері бірін-бірі тысқаралап тұруы керек;

D) бөлу үздіксіз және толық болуыкерек.

Мына сөйлемдер қандай пікірді білдіреді?

21. Бірде-бір жалқау еңбек сүйгіш емес.

A) жалпы қостаушы;

B) жалпы терістеуші;

C) ішінара қостаушы;

D) ішінара терістеуші.

22. Көптеген студенттер спортпен айналысады.

A) жалпы қостаушы;

B) жалпы терістеуші;

C) ішінара қостаушы;

D) ішінара терістеуші.

23. Кейбір журналистер прогресшіл емес.

A) жалпы қостаушы;

B) жалпы терістеуші;

C) ішінара қостаушы;

D) ішінара терістеуші.

24. Адамның бәрі бақыттылыққа талпынады.

A) жалпы қостаушы;

B) жалпы терістеуші;

C) ішінара қостаушы;

D) ішінара терістеуші.

Төмендегі мысалдар күрделі пікірдің қай түріне жатады?

25. Петров, Иванов және Сидоров шахматшылары.

A) конъюнкциялық;

B) біріктіруші-ажыратушы;

C) тысқарылаушы-ажыратушы;

D) шартты (импликативті).

26. Сіздің бұл келуіңіз қажетті де, орынды емес еді.

A) конъюнкциялық;

B) біріктіруші-ажыратушы;

C) тысқарылаушы-ажыратушы;

D) шартты (импликативті).

27. Егер мен қатты шаршасам, сабаққа әзірлене алмаймын.

A) конъюнкциялық;

B) біріктіруші-ажыратушы;

C) тысқарылаушы-ажыратушы;

D) шартты (импликативті).

28. Бұл бұрыш не тік немесе сүйір не доғал болуы мүмкін.

A) конъюнкциялық;

B) біріктіруші-ажыратушы;

C) тысқарылаушы-ажыратушы;

D) шартты (импликативті).

Төмендегі қосарланған пікірлердің арасындағы логикалық қатынастар қалай аталады?

29. Барлық студенттер оқу үздігі – ешбір студент – оқу үздігі емес. А-Е.

A) қайшылық;

B) қарама-қарсылық;

C) бағыныштылық;

D) төменгі қарама-қарсылық.

30. Барлық студенттер оқу үздігі – кейбір студент – оқу үздігі емес. А-О.

A) қайшылық;

B) қарама-қарсылық;

C) бағыныштылық;

D) төменгі қарама-қарсылық.

31. Барлық студенттер оқу үздігі – кейбір студент – оқу үздігі емес. А-J.

A) қайшылық;

B) қарама-қарсылық;

C) бағыныштылық;

D) төменгі қарама-қарсылық.

32. Барлық студенттер оқу үздігі – кейбір студент – оқу үздігі емес. J-O.

A) қайшылық;

B) қарама-қарсылық;

C) бағыныштылық;

D) төменгі қарама-қарсылық.

Ойқорытындылар тарауы бойынша тест сұрақтары. Төмендегі қарапайым-кесімді силлогизмдер қайсы фигура және модус бойынша құрылған?

33. Ұрлықтың барлық түрі заңмен жазаланады,

Автомобиль айдап кету-ұрлық,

Олай болса, автомобильді айдап кету заңмен жазаланады.

A) I фигураның модусы бойынша;

B) II фигураның модусы бойынша;

C) III фигураның модусы бойынша;

D) IV фигураның модусы бойынша.

34. Адвокаттың бәрі жоғары білімді

Бейсенбаев-жоғары білімді емес.

Олай болса, Бейсенбаев адвокат емес.

A) I фигура;

B) II фигура;

C) III фигура;

D) IV фигура.

35. Н.Назарбаев-көрнекті мемлекет қайраткері.

Н.Назарбаев-президент.

Олай болса, кейбір президенттер-көрнекті қоғам қайраткері.

A) I фигура;

B) II фигура;

C) III фигура;

D) IV фигура.

36. Квадраттың бәрі-параллелограмдар.

Параллелограмдар-төртбұрыштар.

Олай болса, кейбір төртбұрыштар-квадраттар.

A) I фигура;

B) II фигура;

C) III фигура;

D) IV фигура.

Төмендегі қарапайым кесімді силлогизмдер I фигураның қайсы модусы бойынша құрылған?

37. Қасқырдың бәрі жыртқыштар

Бұл хайуан-қасқыр

Олай болса, ол-жыртқыш

A) AAA (barbara);

B) EAE (celarent);

C) AII (barii);

D) EIO (ferio).

38. Ғаламшарлардың ешқайсысы өзі жарық шығармайды

Венера-ғаламшар

Олай болса, ол өзі жарық шығармайды

A) AAA;

B) EAE;

C) AII;

D) EIO.

39. Металдардың бәрі-электрөткізгіш

Кейбір сұрақтар-металдар

Олай болсы, кейбір сұйықтар-электрөткізгіш

A) AAA;

B) EAE;

C) AII;

D) EIO.

40. Бірде-бір жалқау еңбексүйгіш емес

Кейбір студенттер-жалқау

Олай болса, кейбір студенттер-еңбексүйгіш емес.

A) AAA;

B) EAE;

C) AII;

D) EIO.

41. Төмендегі мысалдарға ғылыми индукцияның қай әдісін қолдануға болады?

Үй тонау фактілерін зерттеген кезде қолдануға болады:

A) ұқсастық әдісін;

B) айырмашылық әдісін;

C) бірге болатын (жүретін) өзгерістер әдісін;

D) қалдықтар әдісін.

42. Француз ғалымы Луи Пастер азық-түлік заттарының тез бұзылу себебін ашып, оларды консервілеуді ұсынғанда индукцияның қай әдісін қолданды?

A) ұқсастық әдісін;

B) айырмашылық әдісін;

C) бірге болатын (жүретін) өзгерістер әдісін;

D) қалдықтар әдісін.

43. Гелий деп аталатын химиялық элементті ашуда ғалымдар қай индукциялық әдісті қолданған еді?

A) ұқсастық әдісін;

B) айырмашылық әдісін;

C) бірге болатын (жүретін) өзгерістер әдісін;

D) қалдықтар әдісін.

44. Қозғалыс жылдамдығы мен үйкелістің арақатынасынан зерттегенде ғалымдар қай әдісті қолданды?

A) ұқсастық әдісін;

B) айырмашылық әдісін;

C) бірге болатын (жүретін) өзгерістер әдісін;

D) қалдықтар әдісін.

45. Төмендегі мысалдар энтимеманың қай түріне жатады?

Бейсенбай-емтихан тапсыруға міндетті, өйткені ол дінтану бөлімінен I курсында оқиды. Олай болса, ...

A) үлкен алғышартсыз энтимемаға;

B) қорытындысыз энтимемаға;

C) кіші алғышартсыз энтимемаға.

46. Дінтану бөлімінің I курс студенттерінің бәрі «Логикадан» емтихан тапсырады, ал Бейсенбай сол бөлімнің I курс студенті. Олай болса,...

A) үлкен алғышартсыз энтимемаға;

B) қорытындысыз энтимемаға;

C) кіші алғышартсыз энтимемаға.

47. Дінтану бөлімі курс студенттерінің бәрі «Логикадан» емтихан тапсырады, демек, Бейсенбай да логикадан емтихан тапсырады, олай болса,...

A) үлкен алғышартсыз энтимемаға;

B) қорытындысыз энтимемаға;

C) кіші алғышартсыз энтимемаға.

48. Логикалық дәлелдеудің қай ережесі бұзылған және ол қате не деп аталады?

«Әлемнің орталығы – Жер, өйткені Күнде, Ай да және барлық жұлдыздар да Жерді айналады» деп түсіндіреді Птолемей мен Аристотель жасаған геоцентрлік теория:

A) негіз жасалған («негізгі адасу»);

B) «тезисті алмастыру»;

C) «шықпайды»;

D) «тавтология».

49. Американдық сенатор Джозеф Маккартидің төмендегі логикалық дәлелдеуінде қай ереже бұзылған?

«Н-коммунист, өйткені ол әрдайым мені сынайды, ал коммунистердің бәрі мені сынайды»

A) негіз жасалған («негізгі адасу»);

B) «тезисті алмастыру»;

C) «шықпайды»;

D) «тавтология».

50. «Жоғалтпаған нәрсең-өзіңде, ал сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың, олай болса, сенің мүйізің бар»

A)негіз жасалған («негізгі адасу»);

B) «тезисті алмастыру»;

C) «шықпайды»;

D) «тавтология».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]