Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

VIII тарау гепотеза

8.1 Гепотеза ұғымы

Дүниені танып – білудің міндеті объективтік ақиқатқа жетіп, соның негізінде шындық дүниені мақсатқа сай өзгерту екені белгілі. Алайда, ақиқатты дайын күйінде бірден біле қою мүмкін емес. Ақиқатқа жету үшін, ұзақ уақыт бойы(кейде ғасырлар бойы) бақылау жүргізіп, көптеген нақты материалдарды ақыл – ой тезінен өткізуге тура келеді. Бұл істе байқалған құбылыстардың шын себептері жайында түрліше жорамалдар мен болжамдар жасауға тура келеді. Ол жорамалдан алғашында ықтимал қорытынды жасалды да, одан кейінгі зерттеулердің нәтижесінде тиісті түзетулер мен түсініктемелер енгізіліп, толықтырыла түседі. Ақыр соңында ғана ғылым мен тәжірибеде көптеген ауытқулар мен қайшылықтарды жеңе отырып, объективтік ақиқатқа жетеді.

Жаңа білімге жетудің бұл қиын – қыстау жолында гипотеза үлкен рөл атқарады.

Ақиқат екені әлі тәжірибе арқалы дәлелденіп жетпеген қандай да болса бір құбылысты айқындау үшін, ғылымда пайдаланаьын жорамалды гипотеза деп атайды.

Гипотезанаң ғылымдағы мазмұнын бағалай келе Ф. Энгельс «Гипотеза – жаратылыстанудың даму формасы» деп атап көрсеткен болатын. Таным процесінің қандайын алсақ та, табиғат құбылыстарын немесе қоғам өмірін бе, жеке нәрселерді немесе жалпы заңдылықтарды ма, барлығында да жаңа алғашында гипотеза формасында пайда болды. Сондықтанда ғылым тарихында расталмаған гипотезалардың орнына әрдайым жаңа гипотезалар келіп отырады. Мәселен, Н. Коперникке дейін (1472-1548) ұзақ уақыт бойы үстемдік жасап келген «Жердің қозғалмайтындығы» туралы жалған гипотезаның орнына, өзінің «Әлем саласындағы айналыстар туралы» кітабында жаңа гипотеза – дүниенің гелиоцентрлік жүйесі жөнінде гипотезасын ұсынып, Күн Жерді айналмайтынын, керсінше, Жер Күнді айналып тұратынын дәлелдеп берді. Бұл еңбекті Ватикан жарыққа шығаруға тыйым салынған кітаптардың қатарына енгізіп, 1822 ж. дейін сол тізімді сақтап келді.

Гипотеза құру әрдайым зерттелетін құбылыс туралы жорамал – түсіндірме ұсынудан басталды. Ол жеке пікір немесе өзара байланысты пікірлер жүйесі түрінде болады және олар әрдайым ықтимал пікір болады. Ол жорамал пікір ақиқат білімге айналу үшін ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан тексерілуі тиіс. Түрліше логикалық әдіс- тәсілдермен ойқорытынды формаларын қолдану арқылы гипотезаны тексеру процесі, арқырында, гипотезаны растауға немесе бекерлеуге әкелуі керек.

8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы

Зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне қарай гипотеза жалпы және жекеше болып екіге бөлінеді.

Жалпы гипотеза деп – табиғи және қоғамдық құбылыстардың себептері мен заңдылықтары және сондай – ақ, адамның руханаи дүниесінің заңдылықтары туралы ғылыми негізделген жорамалды айтады. Жаплы гипотезанаң мысалы ретінде ежелгі грек философы Демокриттің заттардың атомдық құрылысы туралы гипотезасын алуға болады. Ғылымның дамуы ол гипотезаны растады да, ғылыми теорияға айналдырды. Басқа мысалдар: әлем денелерінің пайда болуытуралы академиктер О.Ю. Шмид пен В.Г. Фесенковтың гипотезасы, мұнайдың пайда болуының органикалық және органикалық емес жолдары туралыгипотеза, т.б

Жалпы гипотезалар ғылыми білімдердің дамуының құрылыс материалы міндеті қызметін атқарады.

Жекеше гипотеза – жекеше фактілердің, нақты құбылыстар мен оқиғалардың қасиеттері мен пайда болуы туралы ғылыми негізделген жорамал.

Жекеше гипотезалар жаратылыстану және қоғамдық тарихи ғылымдарда да көп қолданылады. Мәселен, Қазақстанның археологтарыАлматы облысының Есік қаласының маңыынан табылған «Алтын адамның» қашан, қандай тайпадан болғанын, кім екені туралыгипотеза құрды. Тарихшылар нақты тарихи оқиғаларды немесе жеке тарихи адамдардың әрекеттері арасындағыбайланыстар туралыгипотеза құрады.

Сот тергеу ісінде қолданылатын көптеген жорамалдарда жекеше гипотезаға жатады, өйткені олардажекеше оқиғаларға, қылмыстық істерге байланысты адамдардың іс-әрекеттері, жеке фактілер туралы пайымдаулар, болжамдар жасауға тура келеді.

Жалпы және жекеше гипотезалармен қатар, ғылымда, қылмысты зерттеу тәжірибесінде, сондай-ақ «жұмысшы гипотеза» деген термин қолданылады.

Жұмысшы гипотеза – зерттеудің бастапқы кезінде басшылыққа алатын уақытша жорамал. Онда зерттелетін құбылыстардың шын себептерін ашу міндеті тікелей қойылмайды; ол бақылаудың нәтижелерін белгілі бір жүйеге топтастырып, байқалған өқбылыстарға түсініктеме беруге көмектесетін уақытша жорамалдың қызметін атқарады.

Сот – тергеу ісінде ұсынылатын түрлі жорамалдар версиялар (латынша –

versio – өзгерту деген мағына береді; логикалық мәні – болуы мүмкін бірнеше құбылыстың, себептің бірі дегенді білдіреді) деп аталады.

Сот - тергеу ісіндегі версия – қылмыстың жеке құбылыстарының себебі мен қасиеттерін немесе бүкіл қылмысты тұтас түсіндіретін мүмкін гипотезалардың бірі.

Сот алдында тұрған міндет қылмыстың қалай болғанын және оны жасаған адамдардыанықтау болғандықтан, жинақтаушы версия дәлелдеудің басты мәселесітуралы ұсынылады. Ол болған оқиғаның басты жағдайларының бәрін анақтап, қандай қылмыс жасалды, оны жасаған кім, ол қылмыс қашан, қай жерде, қандай жағдайда және қандай әдіс – тәсілмен жасалған, қылмыстың көздеген мақсаты, қылмыскердің кінәсі қандай, т.б. сұрақтарға жауап береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]