- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
Дәлелдердің тезиспен логикалық байланысы дедукция, индукция және аналогия формасында болатындықтан, демонстрацияның күші тиісті ойқорытындылардың ережелерін сақтауға тікелей байланысты болады.
Дедукциялық дәлелдеу тәсілі бірқатар методологиялық және логикалық талаптарды орындауды қажет етеді. Олардың негізгілері мыналыр:
а) дәлелдеу процесінде үлкен алғышартта бастапқы теориялық немесе эмпириктік қағидаларды дәл анықтап алу қажет, өйткені үлкен алғышарт дәлелдің рөлін атқарады. Бұл тыңдаушылардың алдында ғылыми, саяси бағытты немесе практикалық мақсатты сенімді түрде ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Дедукциялық дәлелдеу тәсілі нақты талдауды ғылыми теорияның негіздерімен байланыстырудың бір тиімді формасы болып табылады.
Сот ісінде жинақтаушы жалпы дәлелдік міндетін көбінесе жеке заң ережелері және кодекстердің баптары атқарады, осылардың негізінде нақты іс-әрекетке құқықтық баға беріледі.
ә) дәлелдеу процесінде нақты іс-әрекетті дәл және айқын анықтап беру талап етіледі, ал бұл кіші алғышартта көрсетіледі.
Бұл талап ақиқаттың нақтылығы турылы диолектикалық принциптен туады. Оқиғалар мен құбылыстарды дәл анықтау теориялық қағидалардың ішіне осы нақты жағдайға сәйкес келетінін дұрыс тауып алып, орынды қолдануға көмектеседі. Бұл ереже сақталмаса, тиісті теориялық жалпы қағиданы «шамамен» ғана іздеп тауып қолдану көп реттерде нақты жағдайды түсіндіруде қателесуге әкеп соғады.
Сот ісінде бұл талапты бұзу қылмыстық және азаматтық істерді қарауда қате қорытынды жасап, теріс шешім қабылдауға ұрындыруы мүмкін. Кіші алғышартта жеке оқиға мен іс-әрекетті дұрыс анықтамай, шамалап қана анықтау қате үкім қабылдауға, сөйтіп кінәсіз адамдарды жауапқа тартып жіберуге ненмесе шын қылмыскердлің жазадан құтылып кетуін әкеп соғады.
Дәлелдеудің индукциялық тәсілі, әдетте, тезисті факті мәліметтерімен негіздеу қажет болған кезде қолданылады.
Индукциялық дәлелдеудің негіздеушілік күші бір тектес құбылыстың қасиеттерінің ьұрақты қайталануына байланысты болды. Тексеріліп отырған іске қатысты жекеше құбылыстар неғұрлым көбірек байқалса, индукциялық дәлелдеу соғырлым сенімдірек болады. Көп жағдайда индукциялық дәлелдеу ықтимал ғана қорытынды береді, өйткені жеке құбылысқа тән белгі сол топтағы басқа құбылыстардың бәріне бірдей тән бола бермейді
Әлеументтік-экономикасының өмір саласының құбылыстарын дәлелдегенде, индуқциялық тәсілге ерекше сақ болу қажеттілігін ескерген жөн. Сырттай ұқсас әлеументтік фактілердің себептері түрліше болуы мүмкін. Сондықтан,мұндай фактілерді жалпыламас бұрын, олардың табиғатына, өзара байланыстары мен пайда болу себептеріне нақты диалектикалық талдау жасау қажет.
Жеке фактілерді тек тізіп қана қоймай, олардың мәнді жақтарын жалпылау дәрежесіне дейін көтерудің аса құнды жағы сол, осы жолмен индукция және дедукция биалектикалық бірлікте қолданылады.Индукциялық және дедукциялық дәлелдеу тәсілдерін дұрыс ұштастыру дәлелдеудің аса сенімді әдісі болып табылады. Бұл әдістің сендіру күшінің ерекшелігі сол, мұнда өмір шындығынан келтірілген нақты фактілер мен мысалдарға сүйену ғылым заңдары мен тәжірибе қорытындылары пайдаланылатын дедукциялық дәлелдеумен ұштастыра қолданылад.
Аналогия формасында дәлелдеу жекеше құбылыстар мен оқиғаларды ұштастыру негізінде қолданылады. Аналогиялық дәлелдеу кезінде мынадай ережелерді сақтау қажет.
Біріншіден, екі құбылыстың кез келген белгілері бойынша емес, мәнді белгілерінің ұқсастығы бойынша жасалған аналогиялық қорытынды ғана сенімді болады. Бұл ереженің сот-тергеу ісіне де қатысы бар.
Екіншіден, екі құбылыстың немесе оқиғаның ұқсастығын анықтағанда олардың арасындағы өзгешелікті де ескеру керек. Егер екі құбылыстың өзгешелігі мәнді болса, олардың ұқсас белгілерінің бар екндігіне қарамастан, оларды ұқсастыруға болмайды. Бұл жағдайда аналогиялық сенімсіз болып шығады,
Тарихи фактілер мен құбылыстарды ұқсастырған кезде өзгешеліктерді ескерудің маңызы бар, өйткені аналогиялық қоғамдық-тарихи құбылыстарды зерттегенде, әрдайым түпкілікті сенімді қорытынды бере бермейді. Оны дедукциялық немесе индукциялық дәлелдеу тәсілдеріне қосымша ретінде ғана пайдалануға болады.
Демонстрацияда болатын қателер аргументтер мен тезистің арасында логикалық байланыстың жоқтығынан туады. Логикалық байланыстың жоқтығынан туатын қате «алдамшы салдар» деп аталады.
Алдамшы салдар, көбінесе, дәлелді білдіретін пкірдің сырттай қарағандағы алдамшы байланысынан, ал үңіле қарағанда байқалатын байланыссыздығынан пайда болады. Демонстрацияның ережелерін бқұзудан туатын қателердің кейбіреулерін келтірейік.
а) «Тар мағынада айтылғаннан кең мағыналы қорытындыға көшу» деп аталатын қате құбылыстардың бір түрі жайында айтылған дәлелдерден ол құбылыстардың бүкіл тегі жайлы қорыитындыға (тезиске) орынсыз көшуден туады, ал түрдің білгілерінің бәрі бірдей тектік бола бермейтінін «Ұғым» тарауынан білуге тиіспіз. Демек, бұл қате орынсыз жалпылаудан пайда болады.
ә) Екінші қате «шартты түрде айтылғаннан шартсыз түрде айтылғанға көшу» деп аталады. Сөйлеуші шешен белгілі бір шартты орындағанда ғана ақиқат болуы мүмкін дәлел келтіреді. «Егер А болса ғана В болады» дәлелін қыза келе естен шығарып алады да шартсыз (кесімді) пікір түрінде қорытынды жасайды. Шынтуатынына келсек, шартты алғышарттардан шартты ғана қорытынды шығуы тиіс.
б) « Бір тұрғыдан айтылғаннан жалпылама айтылғанға көшу»деп аталатын қате дәлелдерде құбылыстардыбір тұрғыда қарастырып, бірақ қоытындыда бардық тұрғыда алынған тезиске көшуден туады. Міне, бұл аталған қателердің бәріндедәлелдерден тезистің ақиқаттығы «белден басып» шығарылады десе де болады.
Тезисті негіздеу үшін онымеен логикалық байланысы жоқ дәлелдер келтіру де алдамшы салдар қателігіне жатады. Ондай толып жатқан қулық амалдардың ішінен үш-төртеуін қарастырайық.
в) «Қара күшке сүйенген дәлел» - логикалық дәлелдердің орнына қара күшке суйеніп, қорқыту, экономикалық, әкімшілік-саяси қыспаққа алу сияқты амалдар қолданудан туатын қателік.
г) «Білісіздікті пайдалану дәлелі» тыңдаушылардың мәселені білмейтіндігін немесе жалпы білімсіздігін пайдаланып, шындыққа сәйкес келмейтін немесе ғылымға қайшы келетін пікірлдерді мойындату болып табылады.
ғ) «Аяушылық білдіру дәлелі» болған оқиғаға тиісті баға берудің орнына, адамгершілік, аяушылық білдіруге шақыру болып табылады. Бұл дәлел қылмыскерді соттау не басқадай жаза қолдану мүмкін болған кезде пайдаланылады.
д) «Беделге сүйену дәлелі» белгілі бір тезисті дәлелдеудің орнына біреудің немесе ұжымның беделіне сілтеме жасау үшін пайдаланылады.
Қорыта айтқанда, тезиске, дәлелдерге және демонстрацияға қатысты логикалық ережелерді сақтау паымдаудың негізділігін қамтамасыз етеді, ал негізділік ғылыми және практикалық білім салалары үшін ауадай қажет қатаң дәлелділіктің аса маңызды факторы болып табылады.
Дәлелдеу мен бекерлеудегі логикалық қателер білместіктен немесе әдейі жіберілуі мүмкін.
Дәлелдеу немесе бекерлеу барысында логикалық ережелерді ұқпсыздықтың салдарынан абайламай не білместіктен бұзудан туатын қателер паралогизм деп аталады. Поралогизмдер көп жағдайда адамның логикалық мәдениетінің төмендігінен туады.
Қарсыласты және тыңдаушыларды шатастыру мақсатымен немесе айтыс-тартыста жеңіп шыққан болып көрінуі үшін логикалық ережелерді әдейі бұзудан туатын қателер софизм немесе логикалық құлық деп аталады.
«Софизм» мермині ежелгі гректің «sophisma» (құлық) деген сөзінен алынған. Алғашында ежелгі Грекияда белгілі бір өнер саласында, мәселен, музыкада, қолөнерде, т.б. аса жоғары жетістікке жеткендерді софистер деп атаған. Кейінірек бұл сөздің мәні біртіндеп өзгеріп, кәсірқой философтарды, даналық пен шешендікке үйретушілерді софистер деп атаса, ал одан да кейініректе тыңдаушыларды жаңылыстырудың амалдарын ойлап тапқыш адамдарды ғана осылай айтатын болған.
Мысалға, ежелгі гректердің бір-екі софизмін келтірейік.
«Жоғалпаған нәрсең өзінде бар. Сен мүйізіңді жоғалқан жоқсың. Олай болса, сенің мүйізің бар».
«Ұры –жаман ештеңені алғысы келмейді. Жақсыға ие болу жақсы іс. Олай болса, ұры жақсылықты тілійді».
Софизмде кететін қатені бірден табу аңай емес. Деген мен, бірінші софизмді талдап көрейік. «Мүйізді» деп аталатын бірінші софизмдегі «жоғалту» деген сөз (силлогизмнің орта термині «М» болып тұр) екі алғышартта екі мағынада алынып отыр: үлкен (бірінші) алғышартта бар нәрсені жоғалту жайында айтылады, ал кіші алғышартта ол сөз адамда жоқ (болуы да мүмкін емес) нәрсені жоғалту туралы болып отыр.Сөйтіп, силлогизмде термин үшеу емес, төртеу болып кетіп отыр. МИұндай қате «терминдердің төртеу болып кетуі» деп аталатыны «Силлогизмнің ережелері» тақырыбында айтылған болатын.
Сот-тергеу ісінде мұндай «логикалық қулыққа» орын берілмеуі тиіс, себебі, ол тергеу ісін бұрмалап, қаралып отырған іс бойынша әділетті үкім шығаруға зиянын тигізеді.
