Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.

Дәлелдеу процесі дәлелденетін тезиске қатысы бар, нақты материалды, статистикалық қорытындыларды,куәлардың көрген-білгендерін, ғылыми мәліметтерді, т.б. алдын ала мұқыят талдауды талап етеді. Күмәнді, әлсіз дәлелдерді тастап, сенімді,күштілерін бір жүйеге келтіріп кою қажет.

Түрлі аудиторияда сөйленетін сөздің дәлелдемелеріндетыңдаушылардың кәсібін, мәдени білім дәрежесін, жас шамасын, т.б. алдын ала ескеріп қоюдың маңызы зор. Өйткені, түрлі аудиторияда бір тақырыпқа сөйленетін сөзде тек стиль, мазмұн, психологиялық ерекшеліктер ғана ойластырылма, келтірілген дәлелдердің түрлері мен мазмұны даескерілуі қажет, яғни, сол аудитория үшін әсерлі, түсінікті де сенімді болатын дәлелдерді іріктеп қойған жөн.

Бұл айтылған талаптардың дәлелдер үшін мынадай ережелер туады; а) тезисті қуаттау үшін келтірілген дәлелдер күмәнсіз ақиқат болуы қажет; ә) дәлелдер ақиқаттығы жағынан тезистен тәуелсіз, өз алдына дәлелденген пікірлер болуы тиіс; дәлелдер бір-біріне қайшы келмеуі керек; б) дәлелдер тезис үшін жеткілікті негіз болуы қажет.

а) Дәлелдер дәлелдеу үшін мызғымас негіз болып табылады. Егер негізі әлсіз не дәлелденбеген болса, онда бүкіл дәлелдеудің быт-шыты шығады. Тәжірибелі сыншы дәлелдердің бір-екуіне күмән келтірсе болды, тезис құр бос сөз болып қалады.

Бұл тәжірибенің бұзылуынан екі түрлі қате туады. Біріншісі « негізінен адасу» деп аталады. Ол жалған дәлелді ақиқат деп шатасудан туады. Бұл жағдайда жоқ факті дәлел ретінде келтіруі мүмкін, болмаған оқиғаны болды деп дәлелдеу немесе дүниеде жоқ куәлар, т.б. келтірілуі мүмкін.

Мұндай қате әсіресе, сот-тнергеу ісіне қауіпті болып табылады, өйткені мүдделі адамдардың – айыпталушының немесе куәгердің жалған жауаптары, адмды, өлікті немесе заттарды танытуды дұрыс жүргізбеу кейде сот ісінде қателіктерге – кінәсіз адамды жазалауға немесе шын қылмыскерді ақтап жіберуге әкеп соғады.

Екінші қатенің мәні сол, дәлел ретінде дәлелденбеген, қалай болса солай алына салған пікірлер келтіріледі, вел арасында таралып кеткен сыбыстарды немесе біреулер әдейі таратқан жорамал пікірді дәлел ретінде ккелтіріледі,ал шындығында, мұндай дәлелдерді «долбар негіздер» деп атауға болады. Дәлелдеу процесінде дәлелдер долбарланбастан, анық ақиқат болуы тиіс.

ә)Дәлелдер тезистен тәуелсіз, өз алдына бөлек дәлелденген пікір болуы тиіс деген талаптың мәні сол, дәлелдің ақиқаттығы тезистен шығарылмауы керек немесе тезистін көмегімен дәлелденбеуі тиіс. Ерте заманнан бері логикада «қырсық шеңбер» (латынша «circulus uitiosus») деп аталып келе жатқан қате осы ережені бұзған кезде туады.

Мәселен, 1948 жылы болған Дунай конференциясында ағылшын дипломаттары «1921 жылғы Дунай өзеніндегі кеме қатынасы жайындағы конференция өз күшін жойған жоқ» деген тезисті өз- өзімен дәлелдеуге әрекет жасап: «Өйткені, оның солай екендігіне осы конференцияның болуының өзі-ақ дәлел» деп пайымдады. Ағылшын дипломаттарының бұл дәлелі Мольердің «Өтірік ауру» деген пьесасындағы дәрігердің берген түсінігін еске түсіреді: «Апиын неге ұйықтаттады?» деген сұраққа ол: «Апиынның ұйықтату себебі-оның ұйықтату күші барлығында» деп жауап қайырған.

б) Дәлелдер бір-біріне қайшы келмеуі тиіс деген ереже логикалық қайшылық заңының «дұрыс ойлау қайшылықты болмай, дәйекті болмауы керек» деген талабынан туады. Шынында да дәлелдер біріне –бірі жоққа шығарып жатса, олар тезистің ақиқаттығын қалай дәлелдемекші?

Сот-тергеу ісіне мұндай қателіктер сирек болса да кездесіп қояды: азаматтық іс бойынша қабылданған шешімді немесе қылмыстық іс бойынша айыптау үкіміннегіздеуге үстірт қарап, бір-біріне қайшы келетін фактілерге сүйенуге болмайды. Мәселен, куәгерлер мен жазаланушылардың бір-біріне қайшы жауаптары сарапшының қорытындысындағы фактілермен үйлеспей жататын және т.б. жағдайлар кездеседі.

в) Дәлелдер тезис үшін жеткілікті негіз болуы тиіс деген ереже логикалық ойлаудың жеткілікті негіз заңының талабынан туады.

Жеткілікті негіз заңының балабынан ауытқу екі түрлі сыңаржақтыққа әкеп соғуы мүмкін: біріншісі-өте аз дәлелдеу және екіншісі – шамадан тыс көп дәлелдеу.

Кейде аз ғана фактімен кең мағыналы тезисті дәлелдеуге тырысушылық байқалады. Мысалы, біреу заттың бір бөлігін алып, «Бұл –металл, өйткені, ол-электрөткізгіш» десе, бұл жеткіліксіз дәлелдеу болар еді, себебі электрді тек металдар ғана емес, металл еместер де өткізеді.

«Дәлелдер неғұрлым көп болса, соғұрлым-жақсы» деген принципті басшылыққа алу да әрдайым дұрыс нәтиже бере бермейді.Өз тезисін қайткен күнде де дәлелдеу мақсатымен жеңіл-желпі дәлелдерді бірінен соң бірін келтіре беретін оқиғалар да болады, сөйтіп, етқызулықпен біріне – бірі қайшы келетін дәлелдер де келтірілуі мүмкін. Сондықтан «кімде-кім көп дәлелдеймін десе, ол ештеңе дәлелдей алмайды» деген принципке ұрынбау керек. Сенімді дәлелдеудің ең дұрыс жолы: « Аз да болса, саз болсын» деген принцип бойынша дәлелденуге тиісті тезиске қатысты фактілер мен қағидалардың барлығы мұқият талданып, ең сенімді, салмақты деген дәлелдер іріктеп алынуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]