Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер

Ойлаудың басқс формалары сияқты, дәлелдеу мен бекерлеу процесіне дұрыс құрылуы үшін орындалуы міндетті болып табылатын логикалық ережелер бар. Олар тезиске ұатысты ережелер, ділелдерге қатысты ережелер және дәлелдеу тәсіліне демострацияға ұатысты ережелер болып үш топқа бөлінеді.

1. Тезиске қатысты ережелер мен логикалық қателер.

Тезис логикалық тұрғыдан айқын, анық және дәл тұжырымдалған пікір болуы тиіс.

Біреу жиналыста, үйірменің отырысында не басқа бір жиында жарыс сөзге шығып сөйлегенде, өте жатақ сөйлейді, тыңдаушылардың назарын өзіне аударатын дәлелдер кетіреді. Бірақ оның қандай пікірді дәлелдеп, қандай ойды дамытқысы келіп тұрғанын ажырату қиын, яғни, оның тезисі дәл, айқын емес.

Ұсынылып отырған тезистің айқындылығы мен дәлдігі туралы талаптың антитезиске де қатысы бар. Ежелгі Үнді философиясында мынадай өте бір орынды ереже ұсынылыпты: «Егер сіз бөтен біреудің пікірін снамақшы болсаныз, онда сыналатын тезисті қайталап, оның дұрыс қайталанғандығы жөніңде сыналушы адамның келісімін алуыңыз керек. Тек осыдан кейін ғана тезисті сынауға кірісуге болады». Бұл ережені орындау сынның обьективті, дәл және әділетті болуын қамтамасыз етеді.

Тезисті дәл анықтау үшін оны білдіретін пікірдің логикалық құрылысына талдау жасаған жөн. Ол пікір қарапайым ба, әлде күрделі ме, соны да анықтап алу керек. Егер қарапайым болса, онда оның субьектісі (S) мен предикатын (P) тауып, пікір қостаушы ма әлде терістеуші ме, соны да анықтаған жөн.

Тезис сан жағынан алғанда, жалпы пікір ме, (А,Е), әлде ішінара пікір ме(І,О), мұның да маңызы зор. Айтылып отырған ой нәрселердің бүкіл тобына қатысты ма, әлде кейбіреулеріне ғана қатысты ма, айқын пікір ме, әлде айқынсыз ба,бұларды біреудің зор дәлелілді маңызы бар. Мысалы, « Адамдардың бәрі алыпсатар болып кетті» немесе «Адамдар – зұлымдыққа бейім» деген сияқты пікірлерді алып қарасақ, мұнда сөз бүкіл S туралы ма немесе кейбір S туралы болып отыр ма, айқынсыз: мұндай айқынсыз тезистерді қорғауда қиын, бекерлеуде оңай емес.

Дәлелдеу мен бекерлеуде тезисті білдіретін пікірдің модальдығын (ақиқаттық дәрежесін) білудің де маңызы аз емес: сөйлекшінің дәлелдеп отырған тезисі толық ақиқат пікір ме, әлде ықтимал пікір ме, шындық пікірме, әлде ақиқаттығы мүмкін пікір ме?Бұлардың бәрін анықтап алмайынша, дәлелдеу мен бекерлеуді ойдағыдай іске асыру қиын.

Дәлелдеудің немесе бекерлеудің бүкіл барысында тезис өзгертілмей, сол күйінде сақталуы тиіс. Бірінші ереже де, екінші ереже де ойлаудың тепе- теңдік заңын сақтауға негізделген, ал бұл заң бұзылса, онда тезис дәлелденбей немесе бекерленбей қалады.

Егер сөйлеуші өзінің дәлелдеуі барысында жаңа фактілердің немесе қарсы дәлелдердің ықтималымен өзінің тезисінің алғашқы тұжырымдамасы дәл емес екендігін іштей сезсе, онда ол тезисті дәлірек тұжырымдамасы дәл емес екіндігін іштей сезсе, онда ол тезисті дәлірек тұжырымдау үшін, біраз өзгерту енгізе алады, бірақ бұл жөнінде тыңдаушыларға алдын ала ескертуі тиіс. Алғашқы тезистен үндемей, білдірмей ғана бастартуға логика тиым салады.

Ережені бұзудан туатын бұл логикалық қате тезисті ауыстырып жіберу деп аталады. Тезисті ауыстырып жіберу тезисті «жоғалтып алу» және тезисті толық немесе жарым-жартылай ауыстыру түрінде болады.

Кейде сөйлеуші адам сөзден сөз қуа отырып, өзінің алғашқы тезисін ұмытып кетеді. Әдейі болмаса да бір мәселеге байланысты екінші мәселеге, ал одан үшінші, төртінші, бесінші, т.б. мәселелерге көше отырып, өзінің алғашқы тезисін ұзап кететінін сонша, ол тезиске қайтып жол таба алмай қалады.

Мұндай жағдайға душар болмау үшін, логика тезисті дәл айқындап алып, содан кейінгі сөйлейтін сөзінің қысқаша жоспарын жасап алуды, яғни неден неге қарай өту керектігін және өзінің алғашқы тезисіне қайтып оралу жолын қышқаша белгілеп алуды ұсынады.

Тезисті толық ауыстырып жіберу не білместіктен, немес әдейі жасаудан болуы мүмкін. Бірақ қалай болғанда да, тезисті ауыстырып жіберудің мәні сол, сөйлеуші алғашында белгілі бір тезисті ұсынады да, ал іс жүзінде соған жақын немесе ұқсас басқа бір пікірді дәлелдейді, бірақ алғашқы тезисті дәлелдеген болып көрінуге тырысады.

Пікірталаста сөйлеуші берілген сұраққа тура жауап бергісі келмей, ол жақ, бұл жаққа бұлтақтап, берілген сұрақтың төңірегінде көп сөйлеп кетсе, бұл да тезисті ауыстырып жіберудің бір түріне жатады.

Тезисті ауыстырып жіберудің тағы бір түрі «адамның жеке басына жармасу» деп аталады. Бұл көбінесе әдейі жасайтын қате болып табылады. Бұл қателік, әсіресе, талас, айтыста жиі кездеседі. Оның мәні мынады: бір тезистің ақиқаттығын (немесе жалғанжығын) дәлелдеу сол тезис жайында пікір айтып, тезисті сынаған немесе қорғаған адамның жеке басының жетістігін не кемшілігін айтуын ауыстырылады. Мысалы, тезистің жалғандығын дәлелдеген болып, сол тезисті қорғаған адамның жеке басының кемшіліктерін тізе бастайды не болмаса тезисті қорғау үшін, адамның бұрынғы жетістіктерін айтып мақтайды. Мұндай қателіктер кейде сот отырысында да жіберіледі: қылмыстың болған, болмаған фактісін келтірудің орнына бұл қылмысты жасады деп күмәнданатын адамның кім және қандай екендігін айтуға кіріседі.

Тезисті жарым-жартылай ауыстырудың мәні мынады: дәлелдеу барысында сөйлеуші адам өзінің алғашқы тезисін шамалы өзгертіп. Жұмсартуға тырысады. Мысалы, әуелгіде «қылмысқа қатысушылардың бәрі қылмысты өз еркімен жасады» десе, біразден кейін бәрі деген сөзді «олардың көпшілігі...» деп өзгертеді де, тағы біраздан кейін « кейбір жеке қылмыскерлер...» деп, ұғымның (S-тың) көлемін одан әрі тарылтады.

Енді бір жағдайларды бұған кері әрекет байқалады, яғни, қарсыластың тезисін күшейте, ұғымның көлемін кеңейте түсу әрекеті байлады. Өйткені, осылай жасалса, тезисті бекерлеу немесе дәлелдеу оңайлау болатын сияқты көрінеді. Мысалы, мекеме басшысы кәсіпорында еңбек тәртібін нығайту үшін бақылауды күшейту қажет деген тезисті дәлелдесе, бұған қарсы топтың өкілі мекеме басшысы тәрбиелеу сендіру шараларын жете бағаламайды, тек әкімшілік шараларды ғана жақтаушы деп сынауға тырысады, сөйтіп тезисті жарым-жартылай өзгертіп жібереді.

Егер дәлелдеу барысында тезис анық, айқын, дәл болуы тиіс және ол басқа тезиспен ауыстырылып жіберілмеуі керек деген логикалық ереже бұлжытпай орындалса, онда жоғарыдағыдай бұрмалаушылықтарға жол берілмес еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]