Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

7.5. Бекерлеу

Ұсынылған тезистің жалғандығын немесе негізсіздігін анықтау жолымен дәлелдеуді бұзуға бағытталған логикалық әрекетті бекерлеу деп айтады.

Бекерлеуге тиісті пікір бекерлеу тезисі деп аталады. Тезистің бекерлеуге көмектесетін пікірлер бекерлеудің дәлелдері деп аталады.

Ғылым мен мәдени өмір, саясат немесе өндіріс қызметінің төңірегінде теориялық және тәжірибелік мәселелерді талқылау кезінде көп жағдайларда бір мәселе бойынша түрлі пікірлер таласы болып қалады. Кейде талқылау қыза келе пікірталасқа айналып кетеді. Ол қатысушылардың пікірлерінің сипатына қарай екі жақты немес көп жақты болуы мүмкін.

Шешуін әлі таба қоймаған мәселелер жайында сын пікірлер айтылып пікірталас айтысқа айналып кетеді. Сот процесінде, мәселен, айыптаушы мен қорғаушының арасындағы талас, сондай-ақ азаматтық процесте ізденуші мен жауапкердің мүдделерінің қарама-қарсылығы сот процесін нағыз айтысқа айналдырып жібереді. Айтыса білу өнері тек дәлелдеу әдістерін де меңгеруді талап етеді.

Бекерлеудің мақсаты дәлелдеуді бұзуға бағытталғандықтан, бекерлеудің үш тәсілін атап көрсетуге болады: 1) тезисті бекерлеу;2) дәлелдерді (негізді) бекерлеу; 3) дәлелдеу тәсілін (демонстрацияны) сынау

Тезисті бекерлеудің мақсаты- ұсынылған тезистің қиынсыздығын ( жалғандығын не қателігін) көрсету.

Тезисті бекерлеу төмендегідей екі тәсілдің көмегімен: тікелей бекерлеу және жанама бекерлеу жолымен іске асырылады.

Тікелей бекерлеу «қиынсыздыққа соқтыру» деп аталатын пікірлеу формасында құрылады. Бұл жағдайда пікірлеу былай жүреді: алғашында апогогикалық дәлелдеу жолымен қарсылас адам ұсынған пікір шартты түрде ақиқат деп қабыл алынып, одан туатын логикалық салдарларды шығарады. Бұл жағдайда пайымдау былай жасалады: оппонент ұсынып отырған тезис ақиқат дейік, сонда одан мынадай-мынадай салдар тууы тиіс. Ал, ол салдарды фактілермен салыстырып көрсек, олар шындыққа қайшы келед екен, демек, оларды ақиқат деп қабылдауға болмайды.

Осының негізінде тезистің өзі жалған болып шығады, өйткені ереже бойынша салдар жалған болса, онда оның негізі де жалған болады.Мысалы, «Шолпан ғаламшарында тіршілік болуы мүмкін» деген тезисті бекерлеу үшін мынадай мәліметтерді келтірсек жетіп жатыр: Шолпанның бетіндегі температура 470-480 градус Цельсий, ал ауаның қысымы 95-97 атмосфера екен. Бұл мәліметтер Шолпанда тіршіліктің бізге белгілі формасының болуы мүмкін еместігн дәлелдейді.

Дәлелдеу процесінде тікелей бекерлеу бұзушылық міндеп атқарады. Оның көмегімен ұсынылған тезистің жалғандығы көрсетіледі.

Жанама бекерлеу басқа жолмен жүреді: тезисті бекерлеу антитезистің (тезиске қайшы пікірдің) ақиқаттығын дәлелдеу арқылы жүзеге асырылады. Антитезистің ақиқаттығын дәлелдей алсақ, онда үшінші жоқ заң бойынша, оған қайшы пікір, тезис, өзінен-өзі жалған болып шығады. Мысалы, жұрттың бәріне кең тараған «Иттің бәрі үреді» деген пікірді бекерге шығару керек. Бұл пікір жалпы қостаушы (А) пікір, енді оғпн қайшы келетін «Кейбір иттер үрмейді» деген ішінара терістеуші (О) пікірді қарсы қоямыз. Кейінгі пікірдің ақиқаттығын дәлелдейміз: «Пигмеилердің иттері ешқашан үрмейді екен» . Олай болса, « Иттердің бәрі үреді» деген пікір-тезис бекер болып шығады.

Дәлелдерді бекерлеу. Дәлелдеу амалының мақсаты тезисті ақиқаттығы бұрын анықталған пікірлердің көмегімен негіздеу болғандықтан, дәлел ретінде келтіру қажет.Егер оппонент дәлелдердің жалғандығын немесе күмәнділігін көрсете алса, онда бұл тезистің негізсіздігін көрсетеді . Бірақ дәлелдердің жалғандығын тезистің жалғанды,ғы шықпайды, тезис ақиқат болуы мүмкін, өйткені негіздің жалғандылығынан салдардың жалғандығы шықпайды деген заң бар. Сондықтан тезистің ақиқаттығын дәлелдейтін басқа негіздер, дәлелдер іздеу керек.

Демострацияны (дәлелдеу тәсілін) сынау.Бекерлеудің бұл тәсілінің мақсаты келтірілген дәлелдер мен тезистің арасында қажетті логикалық байланыс жоқ екендігін көрсету болып табылады. Тезис дәлелдерден болса, ондаол негізсіз,тірексіз қалған болып шығады. Мұндай жағдайда ең көп тараған логикалық қате «шықпайды, тумайды» деп аталады, өйткені келтірілген дәлелдің тезистің ақиқаттығы шықпайды. Егер ойқорытындының қайсы бір ережесі «асығыс жалпылау» жасаған болса (мысалы, ішінара пікірлердің (I.O) ақиқаттығынан жалпы пікірлердің (А,Е ) ақиқаттығына көшкен болса ), онда дәлелдеу дұрыс құрылмаған болып шығады.

Демострацияның барысында кеткен қатені тапқаннан кейін, біз дәлелдеуді жоққа шығарамыз, ал брақ тезисті бекерлей алмаймыз, ол тек негізсіз болып қалады, Сондықтан бекерлеудің бұл әдісін асыра бағалап, демонстрация бұзылды немесе дәлелдер бекерленді, олай болса, тезис те бекерленді деп қате қорытынды жасауға болмайды. Шынында, тезис бекерленген жоқ, ол тек басқаша дәлелдеуді қажет етті.

Бекерлеудің келтірілген үш әдісі, көбінесе, бірге қолданылып. Бірін-бірі толықтырып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]