- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
7.3. Дәлелдеудің түрлері
Тезисті негіздеу (дәлелдеу) не дедукциялық, не индукциялық ойқорытынды немесе аналогия формасында жүреді, ал кейде осылардың бәрінен өзара ұштасқан формасында болады.
Дәлелдеудің дедукциялық формасы, көбінесе, жее жағдайды жалпы қағидаға, ережеге келтіру түрінде болады. Белгілі бір қасиеттің наұты бір нәрсеге немесе құбылысқа тән не тән еместігі жайындағы тезис бұл жағдайда ғылымның белгілі бір заңдарына, тәжірибелік мәліметтердің қорытындысына, моральдық не немесе құқықтық қағидаларға сүйене отырып негізделеді. Бұл қағидалар үлкен алғышартта баяндаладыда, кіші алғышартта олардың сөз болып отырған нақты құбылысқа тән немесе тән еместігі айтылады.
Мына төмендегі пікір дедукциялық дәлелдеудің мысалы бола алады; тергеуші нақты жағдайларды талдай келіп, жәбірленуші Н-ны өте жақын қашықтықтан атқан деген қорытындыға келеді, ал бұл қорытындының қылмыскер кім екенін ашуда зор маңызы бар. Бұл тезисті негіздеу үшін екі дәлел келтіріледі. Біріншісі- фактіні көрсететін пікір; Н—нің денесінің оқ тиген жерінің айналасына от алмаған оқ- дәрі (порах) тұрып қалған. Екінші дәлел –тәжірибеден белгілі жалпы пікір оқ өте жақын (1 метрге дейін) қашықтықтан атылғанда ғана жараланған жердің айналасына от алмаған оқ дәрі тұрып қалады.
Бұл дедукциялық дәлелдеу мынадай түрде болады:
Тезис: Оқ Н-ға жақын қашықтықтан аталған.
Аргументтер: 1.Н-ның дененсінің жараланған жерінің айналасында от алмаған оқ-дәрілер тұрып қалған.
2. Жарақаттың айналасына тұрып қалған оқ-дәрі оқтың жақын қашықтықтан атылғанын көрсетеді.
Дедукциялық дәлелдеудің ерекшелігі сол. Біріншіден, дәлел алғышарттар ақиқат болса және оларға ойқорытындының ережелері дұрыс қолданылса,онда ол ақиқат нәтиже береді. Екіншіден, үлкен алғышартта келтірілген жалпы қағиданың дәлелділік күші тыңдаушыларға сөзсіз сенетіндей әсер етеді
Индукцилдық дәлел дегеніміз – белгілі бір нақты жағдайлар туралы жекеше пікірлерден, яғни, дәлелдерден осы жекеше жағдайларды жинақтаушы жалпы пікір – тезиске өтудің логикалық жолы.
Мысалы, «Азаматтардың жеке меншігіне қарсы бағытталған қылмыстың қай-қайыссы болсын, бас бостандығынан айыру жазасына сотталады» деген жалпы пікірді тезис ретінде алайық. Бұл тезисті дәлелдеу үшін, азхаматтардың жеке меншігіне қолсұғушылықтың барлық түрлеріне (ұрлыққа, тонауға, алдап алуға, қорқытып алуға, т.б) қарсы бағытталған заң баптарының бәрі дәлел ретінде индукциялық жолмен тізіп көрсетіледі. Бұл дәлелдеу толық индукция формасында құрылады, өйткені дәлелдерден азаматтардың жеке меншігіне қарсы бағытталған баптардың бәрі толық келтіріліп отыр, сондықтан тезистің ақиқаттығы дәлелдердің ақиқаттығынан логикалық қажеттілікпен шығып отыр.
Егер дәлелдеу толымсыз индукция формасында құрылса, онда тезистің ақиқаттығы біраз ықтималдық дәрежесінде болады. Бұл жағдайда дәлелдеудін басқа түрлері ( мәселен, индукциялық) қолданылып, тезистің толық ақиқаттығы әрі қарай негізделе түседі.
Индукциялық дәлелдеудің қай- қайыссында болсын, дәлел ретінде, әдетте, фактілер, нақты мәліметтер келтіреді. Нақты мәліметтер мен фактілер дұрыс пайдаланса, индукциялық дәлелдеудің сендіру күші жоғары болады.
Аналогия формасында дәлелдеу-жекеше құбылыстың қасиеттері туралы тезисті біріші құбылыстың мәнді белгілеріне ұқсас мәнді белгілері бар екінші құбылыс жөнінде дәлелдердің көмегімен негіздеу.
Дәлелдеудің бір тәсілі ретінде аналогия жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарда, техникада және күнделікті пікірлеу процесінде жиі қолданылады.қатаң аналогияны қолданғанда, бұл ойқорытындының ережелері дұрыс сақталса, онда ол сенімді түрде ақиқат қорытынды береді. Мысалы, техникада түрлі салаларда ұқсастықтың теориялық тұрғыдан дұрыс анықталған өлшеуіші қолданылса, онда ол логикалық жағынан дәлелді нәтиже береді.
Тарихи зерттеулерде аналогия қорытынды жасаудың бірден бір мүмкін әдісі болып табылады. Сот сараптамасының дактиоскопиялық, трассологиялық және басқа түрлерінде сарапшылар өздерінің қорытындыларын аналогияның негізінде жасайды.
