- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
Әрбір логикалық дәлелдеу, онда дәлелденетін пікірдің жеке, нақты ерекшеліктеріне қармастан, әрдайым мынадай үш негізгі бөліктен: тезистен, негізден және дәлелдеу (демонстрациядан) тұрады.
1) Тезис деп- ақиқатты дәлелдеуді қажет ететін пікірді айтады.
Әрбір тезиске қойылатын негізгі талап: дәлелденетін тезис ақиқат болуы, яғни, оның мазмұны обьективтік шындыққа келуі тиіс.
Мысалы, Математикада дәлелденетін теорема тезистің рөлін атқаруы мүмкін. Тәжірбиелік зерттеулерде нақты фактілерді жалпылаудың нәтижесі тезис болуы мүмкін: жекеше нәрселер мен оқиғалардың немесе пайда болу себептері туралы пікірлер тезис болуы мүмкін. Мысалы, дәрігерлік зерттеудің нәтижесінде белгілі бір ауырудың диагнозың анықтайтын пікір негізделеді: тарихшы нақты бір тарихи оқиғаның болғандығы жөнінде пікіп ұсынып оны дәлелдейді, т.б
Сот теркеу ісінде қылмыстың нақты жағдайлары туралы қылмыскер адам туралы, оған қатысушылар туралы, қылмыстың мақсаты мен себептері жайында, ұрланған заттардың қандай екендігі жөнінде түрліше пікірлер ұсынылып дәлелденеді. Тергеушінің айыптау қорытындысында және соттың үкімінде де қорытынды тезис ретінде жасалған қылмысты түрлі жақтан сипаттайтын мәнді жағдайлардың бәріде көрсетіледі.
2) Негіз (дәлел немесе аргумент)деп –ақиқаттығы анықталған, сондықтан тезисті дәлелдеуге жеткілікті негіз ретінде қолдануға болатын пікірлерді айтады Дәлелдеудің негізінің бірнеше түрі болады. Олардың ішінде ең сенімдісі тезиске қатысты фактілер жиынтығы болып саналады.
Бір-біріне байланысты алынған дәл және талассыз фактілер тек «өз дегені болмаса, көнбейтін», дауыссыз дәлелді нәрсе деп есептеледі. Жалпы байланысынан жұлып алынған, қалай болса солай қолданыла салатын фактісымақтар өзінің дәлелдік күшін жояды.
Факті деп- белгілі бір уақытта, жерде және нақтылы бір жағдайда болған жеке –дара оқиғалар мен құбылыстарды айтады. Фактілер дәлел ретінде зерттеудің түрлі салаларында- тарихта, физика мен геологияда, биология мен лингвистикада, сот –тергеу ісінде кеңінен қолданылады. Мысалы, тарихшы үшін қоғамда болған нақты оқиғалар, адамдардың іс –әрекеттері,т.б. факті болвп саналады. Дәрігер үшін аурудың сыртқы белгілерінің сипаттамасы және жасалған анализдің мәліметтері факті болып табылады
Сот тергеу ісінде фактілердің маңызы ерекше зор, өйткені оқиғаны көрген адамдардың санасында және материалдық заттарда қалған ізі бойынша бұрын болған жеке құбылыс, оқиғалар фактілердің көмегімен қалпына келтіріледі. Айыптау қорытындысында немесе үкімінде тезисті негіздейтін факті ретінде, мысалы, айыпкердің куәгер байқаған істерін, мінез – құлқын, жасалған жерде қалған іздері, қылмыс жасалған жерді зерттеудің нәтижелерін, тінту кезінде тауып алынған мүліктер мен қымбат заттарды, жазба құжаттарды және құжаттарды және басқаларды келтіруге болады
Логикалық дәлелдеудің дәлелі ретінде келтірілген факті жайында сөз болғанда, әнгіме нақты фактілердің өздері туралы емес, жеке құбылыстар мен оқиғалардан хабар беретін пікір жөнінде болатынын есте сақтау керек
Ғылым заңдары мен негізгі ұғымдардың анықтамаларын негіз ретінде келтіруге болады. Логикалық жинақтаудың нәтижесінде ғылымда қорытылып шығарылған теориялар мен заңдар жаңа құбылыстар мен жағдайларды түсіндіру негізі ғана емес, сондай-ақ пікірлеу процесіндегі мықты логикалық негізде болады. Мәселен, заңдар, баптар қылмысты дәлелдеудің нақты дәлелі болып тадылады.
Ал математика ғылымындағы дәлелдеулерде анықтамалармен қатар, аксиомалар мен постулаттар да кеңінен пайдаланылады. Аксиоманың мәні бізге өткен параграфтан мәлім. Постулат аксиомаға өте ұқсас, бірақ одан айырмашылығы сол, ол аксиома сияқты көпшілікке белгілі емес.
3) Дәлелдеудің тәсілі (демострация) дегеніміз – тезистің ақиқаттығын дәлелдеуге мүмкіншіліктін негіз бен қорытындының арасындағы логикалық байланыс формасы.
Дәлелдеу тәсілі дегеніміз – ақиқаттығы ғылыми негізделген немесе тәжірибеде тексерілген алғышарттардан не дәлелдерден тезистің ақиқаттығы логикалық жолмен қажетті түрде шығатындығын айқын көрсететін бірнеше ойқорытындылардың дәйекті байланысы, пікірлер тізбегі болып табылады.Жеке алғышарттарды қалай болса солай қоса салудың дәлелділік күші болмайды.
Дәлелдеудің бұл аталған үш құрамдас бөлігі әрбір дәлелдемеден міндетті түрде болуы тиіс. Дұрыс дәлелдеуге тезис пен негіздің арасы айқын, анық айыратындай болады. Бірақ тезисті білу мен негіздің болуы әлі жеткіліксіз. Сонымен қатар, негізден логикалық жолмен тезисті шығара білу, керек. Дәлелдеу қабілеті туғаннан болатын қасиет емес, оны жатығудың көмегімен дамыта білу қажет
Дәлелдеу - ойқорытынды түрінде жүзеге асқанымен, бірақ ойлаудың ойқорытындыдан өзгеше формасы. Олардың өзгешеліктері мынада: дәлелдеудің тезисі ойқорытындыда қорытынды, ал дәлелдеудің дәлелдері ойқорытындыда алғышарттар болып келеді. Бұл - біріншіден. Екіншіден: ойқорытындыда алдымен алғышарттар берілгендіктен, мазмұндары белгілі болады да, олардан шығатын қорытындының мазмұны белгісіз болады. Ал, дәлелдеуде, керісінше, алдымен тезис берілетіндіктен, оның мазмұны белгілі, ал дәлелдеудің мазмұны белгісіз болады. Сондықтан дәлелдеу процесінде келтірілген дәлелдердің мазмұны айқындалады. Сөйтіп дәлелдеу процесінде логикалық ойлау қорытындыдан алғышарттарға қарай жүреді, ал қорытындыда алғышарттардан қорытындығы қарай жүреді. Сол себепті де логикалық дәлелдеу ойлаудың ойқорытындыдан өзгеше формас деп есептелінеді.
