Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі

Дүниетанудың мақсаты - дүние жайында ақиқат білім алу. Философияда ақиқат деп біздің біліміміздің шындыққа дәл сәйкес келу мазмұнын айтады. Мәселен, "жер күнді" деген пікір - ақиқат ой. Ал, керсінше, "күнде, айда, барлық жұлдыздар да Жерді айналады" деген жалған пікір ерте заманда ғасырлар бойы үстемдік жасап келеді. Әлем жайында білім барған сайын тереңдей түсуінің нәтижесінде астраномия ғылым бұл пікірдің жалғандығын, яғни шындыққа сәйкес келмейтіннің дәлелдеді.

Дүниетану процесінде біз тек тікелей сезім мүшелерінің көрсеткеніне тәзірибелік, нақты фокторлерге ғана сүйенбей, адамзаттың ғасырлар бойғы тәжірибесі мен ғылыми танымды жинақтаған білімдерге де сүйенеміз. Бұрын ашылып, тәжірибеде дәленденген жалпы білімдерді пайымдау арқылы жаңа білім қорытып шығанру фактісін біз ғылымнан да, күнделікті өмірде сан рет кездестіреміз. Мұндай білімдер ғылымда қорытпа білім деп аталады. Мәселен, XVI - ғасырда кемемен жүзіп, жерді айналып шыққан протуладық Магеллан оның шар тәрізді екенін алдын ала көзімен тікелей көре алған жоқ. Логикалық пайымдаулар арқылы жасалған "жер - шар тәрізді домалақ дене" деген қорытпа білімнің ақиқаттығына кәміл сенгендіктен ғана бес-алты кемені жабдықтап, батыл тұрде батысқа қарай жүзіп кетті. Ал жердің шар тәріздес екенін тек біздің ғасырымызда ғарышқа ұшудың нәтижесінде ғана тікелей көруге мүмкінді туды.

Логика ғылымының негізгі міндеті - пайымдау арқылы ой-қорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын (ережелерін) зерттеу. Ойқорытындылар жасағанда бір пікірді дәлелдеуге немесе бекерге шығаруға, жалған пікірлердің теріс екенің дәлелдеп, ұғымды анықтауға, т.б. логикалық әркекттерді іске асыруға тура келеді. Мұның бәрі белгілі бір логикалық ережелерге бағыну тиіс.

Ойқорытындыларын жасай отырып, ақиқат білімге жету үшін, міндетті түрде мына екі талап орындалуы тиіс; біріншіден - алғысшарт болып таблатын негізгі алынатын бастапқы пікірлеріміздің ақиқат болуы, яғни, ақиқаттығы дәлелденген болуы тиіс, екіншіден - пайымдау барысында ойымыз логика заңдарына (ережелеріне) сәйекс құрылуы қажет."Егер біздің алғышарттарымыз ақиқат болса және оларға ойлау заңдарын дұрыс қолдансақ, - деп жазды Ф. Энгельс, - онда нәтиже шындыққа сәйкес келуі тиіс".

Бірнеше мысал келтіре отырып түсіндірейік.

Металдың бәрі қатты зат.

Сынап қатты зат емес.

Олай болсақ, сынап метталл емес деген жалған қорытынды шығады, себебі "Металдың бәрі қатты зат" деген бірінші алғышарт - жалғас пікір.

Металдың бәрі - электор өткізгіш.

Мына зат та - электор өткізгіш.

Олай болса, бұл зат - металл деген қорытынды шықпайды, өйткені, екі алғшарттың екеуі де ақиқат болғанымен, олардың логикалық байланысы дұрыс қорытынды шығаруға жеткілікті негіз бола алмайды. Ол зат металл болуы да мүмкін, бірақ міндетті түрде оны металл деп айта алмаймыз.

Металдың бәрі - электр өткізгіш, мыс - металл деп, екі алғышартты байланыстырсақ, онда бұл екеуінің байланысынан міндетті түрде "мыс - электр өткізгіш" деген ақиқат қорытынды шығады.

Логиканың зандарын, көптеген иделист - философтар айтқандай, адамдар өз қалауынша, өз еркінше қолдан жасап алған жоқ.Олар материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың байланыстары мен қатынастарының адам миында табиғи бейнеленуі. Осы тұрғыдан алғанда, логиканың заңдарына сәйкес ойлау процесін, яғни, логикалық ойлауды, логика ғылымынан ажырата білу қажет.

Адамзат логиканың заңдарына сәйкес ойлауды ол заңдарды зерттейтін логика ғылымы пайда болудан әлдеқайда бұрын бастаған болатан. Логикалық теория адамның ойлау, сөйлеу қызыметін белгілі бір тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде кейіннен пайда болды. Әрбір зерделі адамның логика ғылымы қарастыратын ұғым мен пікірді, ойқортынды мен дәлелдеу процестерін логика ғылымы оқып, үйренбей-ақ қолдана білетін ойлау логикасының алғашқылығы дәлелдейді. Ойлау логикасының дамуына, тереңдеуіне байланысты логика ғылымының да дамитынын логиканың екі жарым мың жылдық тарихы айқын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]