- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
1. Төмеңгі қорытындыларды толық индукцияның көмегімен шығаруға болады ма?
А) жер шарындағы барлық өзендердің суы - тұщы.
Ә) соғыстың бәрі адам өліміне алып келеді.
Б) тірі жәндіктердің бәрі өзін қоршаған сыртқы ортамен малмасып отырады.
В) жаңбыр жауардың алдында қарлығаштар жер бауырлап төмен ұшады.
Г) бірде-бір кит желбезекпен тыныс алмайды.
Ғ) Біздің факултеттің барлық студенттері спортпен айналысады.
2. Төмендегі қорытындылар құбылыстардың себебін анықтаудың (ғылыми индукция) қай әдісі бойынша шығарылған?
А) теледидардан басқа лампаларына тиместен,бір ғана лампасынан алып тастағанда экрандағы көрініс жоқ болып кетті бұдан шыққан қорытынды экрандағы бейне көрсетудің себебі осы лампа болғаны.
Ә) химиялық элемент (гелий) ашылғанда қандай әдістер қолданған.
Б) Француз ғалымы Луи Пастер тез бұзылатын тамақтық заттарды консервілеу қажеттілігін ашқанда, индукцияның қай әдісін басшылыққа алған.
В) Тас,мақта,құстың мамығы тағы басқа не себепті жоғарыдан төмен қарай түрлі жылдамдықпен құлайды.
VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
Қандай да бір мектеп шығармасында не ғылыми еңбекте, баяндама не лекцияда, әңгімеде не пікірталаста болсын біз тек түрліше пікір айтып қана қоймаймыз, сонымен қатар олардың ақиқаттығын негіздеп, дәлелдеуге тура келеді Құрғақ сөзге толы, дәлелсіз пікірлер ешкімді сендіре алмайды және тәжірибеде алғаш рет тексергенде-ақ олардың негізсіздігі анықталады
Дәлелділік-дұрыс ойлаудың аса қажетті шарты. Ол материалық дүниенің негізгі заңдылықтарының бірінің адам миында бейнеленуі болып табылады.ал табиғат пен қоғамдағы әрбір нәрсе және құбылыс барлық нәрселермен және құбылыс атаулының бәрімен байланысты. Олай болса, сыртқы дүниедегі нәрселер туралы біздің ойларымыз да өзара байланысты болуы, өздерінен бұрынғы ой-пікірлерге өзінің негізгі ретінде жеткілікті табан тіреуі керек.
Белгілі бір мәселе жөніндегі ғылыми теория, дұрыс пікірлеу дұрыс ойлаудың дәйекті байланысы болып табылады. Мәселен, ең қарапайым индукциялық ойқорытындыда жалпы қорытынды басқа жеке-дара немесе онша жалпы емес пікірлерден шығатынын, яғни, басқа пікірлермен байланысты екенін біліміз.
Осы жолмен жасалған қарапайым қорытындыны жеке-дара немес онша жалпы емес пікірлерге қолданып, соның нәтижесінде жаңа пікір тудыруға болады. Бұл соңғы пікірдің жалпылығы алғашқыға қарағанда, кемірек. Бірақ солай бола тұрса да бұл соңғы пікірдің өзі де алдыңғы пікірлермен байланыстырудың нәтижесі болып табылады. Мұның өзі әрбір дұрыс ойқорытындыға, әрбір дұрыс пікірлеуге тән сипат: әрбір жаңа ой-пікір өзінің негізгі ретінде өткендегі ой-пікірлер ойқорытындының нәтижесін әзірлейді. Осындай дұрыс пікірлеудегі ой-пікірлердің өзара байланысы қалай болса солай болатын байланыс емес. Мұндай пікірлеудегі ойдың байланысы шындық дүниедегі нәрселер мен құбылыстардың шынайы байланыстарын бейнелейді. Мәселен, дедукиялық ойқорытындыдағы пікірлердің байланысы болмыстағы жалпы мен жекенің арасындағы байланысты бейнелейді.Мәселен,дедукциялық ойқорытындыдағы пікірлердің байланысы болмыстағы жалпы мен жекенің арасындағы байланысты бейнелейді.
Ғылыми-зерттеудің қандайының болса да мақсаты-нәрсенің түрлі жақтарының арасындағы байланысты, белгілі бір нәрсе мен оның айналасындағы басқа нәрселердің арасындағы байланысты ашу.
Сондықтан обьективтік дүниедегі заттардың байланыстарын бейнелейтін қандайда бір пікірлесу процесінде болмасын,ойпікірлердің қажетті байланысын сендірерліктей етіп дәлелдей білу ойлаудыі аса қажетті шарты болып табылады. Электр қуаты қазіргі кезде техникада пайдаланылатын қуаттың негәзгә түрі болып табылады;
Елді электірлендіру ісі-елдің шаруашылығын барған сайын дамытудың негізгі шарттарының бірі;
Электр туралы ілімнің дамуы материяның құрылысы жайындағы ғылыми түсінігімізді мейлінше өзгертті және т.б.
Кейбір ғылыми теориялардың бастапқы, түпкі қағидаларының болмашы ғана бөлігі дәлелдеусіз қабылданды. Мысалы, геометрияда мұндай қағидалар мыналар: «Екі шаманың әрқайсысы жеке-жеке үшінші шамаға тең болса,онда олар өзара тең болса», «Бүтін өзінің бөлігінен әрдайым үлкен болады»,«Егер тең шамаларға тең шамаларды қосса, тең шамалар шығады» және т.б. Мұндай пікірлер аксиома деп аталады. Дүниетанудың білімнің тарихи даму барысында олар тәжірибеде сан мың рет тексеріліп анықталады. Сол себепті де аксиомалар дәлелдеуді керек етпейтін қағидалар деп есептеледі. Мына сияқты ақиқаттығы өзінен-өзі көрініп тұрған пікірлер де арнайы дәлелдеуді керек етпейтін: «Аттар сұлы жеп тұр», «Жайық өзені Каспий теңізіне құяды», т.б
Бірақ біздің айтқандарымыз тек аксиомалар мен өзінен-өзі айқын ақиқаттар бола бермейді. Сөйлеген сөздер мен жазбаларда, баяндамаларда, шығармаларда, т.б ақиқаттығы жалпыға мәлім аксиомалар арқылы дәлелденбейтін пікірлерді көптеп қолданамыз. Мысалы, «Жер шар тәрізді домалақ» екенін, «Жердің күнді айналып қозғалатынын» білеміз. Бұл білімдерді біз нәрселердің тікелей сезім мүшелеріне тигізетін әсерлері арқылы алғанымыз жоқ. Ал, егер көздің көрсеткеніне сенетін болсақ, онда «Жер шар емес, жалпақ жазық» сияқты, «Жер күнді емес, керісінше, Күн Жерді айналып қозғалатын» сияқты көрінеді.
Айтылған сөздердің басым көпшілігі ақиқат екенін дәлелдеу керек. Шын ғылыми теорияның ешқайсысында құрғақ сөзге толы, негізсіз, дәлелденбей айта салған қағида болмайды.
Дәлелдеу дегеніміз не? «Дәлелдеу» деген сөзді қалай түсіну керек? Ол логикалық жолмен негіздеу тәсілі.
196
Бір пікірдің ақиқат екенін дәлелдеу үшін фактінің тікелей өзін келтіріп жатудың керек емес екенін «Жеткілікті негіз заны» қарастырғанда айтқан болатынбыз.
Біз «мыс –жылу өткізгіш» дейміз. Бұл былай дәлелденеді: мыс-металл, ал барлық металдар жылуды жақсы өткізеді, олай болса мыс жылуды жақсы өткізеді. Сөйтіп, ақиқаттығы бізге мәлім екі пікірмен «мыс жылу өткізгіш» деген пікірдің ақиқаттығын анықтадық.
Екі жағдайда да біз логикалық дәлелдеуді қолданық.
Сонымен, дәлелдеу дегеніміз белгілі бір пікірдің ақиқаттығы тәжірбиеде тексерілетін немесе тікелей сезім мүшелері арқылы мәлім болатын басқа пікірлермен негіздеу үшін қолданылатын логикалық амал.
Логикалық дәлелдеу - ойлау, бір пікірдің ақиқатығын басқа пікірлермен негіздеу процесі.
Дегенмен, айта кеткен жөн, әрбір дұрыс дәлелдеу, сайып келгенде, фактілерге негізделетіні сөзсіз, өйткені тәжірибе - ақиқаттын өлшеуіші болып табылады.
Әрине, ақиқаттығын дәлелдеу керек болатының пікірлердің мазмұны әр ғылымда әр түрлі болады. Бірақ пікірлердегі жеке ерекшеліктер мен нақты жағдайда назар аудармайтын болсақ онда дәлелдеудің барлық түрлерінде қолданылатын кейбір дәлелдеу ережелерін қорытып шығаруға болады. Логиканың дәлелдеу саласында зерттелетін мәселенің өзіде осы жалпы қағида болып табылады.
Дәлелдеудің формаларымен тәсілдері - адамзат ойының ұзақ уақыт шұғылданған абстракциялау жұмысының нәтижесі. Оларды бір заманның ғана берген жемісі деп қарауға болмайды. Дәлелдеудің құрылысы оның тәсілдері бірнеше заманның берген жемісі болып саналады.
