- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
Жоғарыда қарастырылған себепті байланыстарды анықтаудың әдістері логикалық құрылысы жағынан индукциялық ойқорытындыларымен ұштасу негізінде құрылатын күрделі ойқорытындылар болып табылады себепті байланыстардың қасиеттеріне сүйене отырып, дедукция кездесоқ жағдайларды шығарып тастаудың логикалық құралы міндеті атқарады,сөйтіп индукцилық ойқорытындыға түзу бағыт береді. Индукция мен дедукцияның өзара байланысы әдістерді қолданғанда, пікірлеудің логикалық бағытын дұрыстап отырады да, соның нәтижесінде алғышшарттарды бейнелеген білімнің дәлдік дәрежесін анықтап береді .
Ғылми ойлау процесңінде кезкелген индукцилық қорытынды тәжірбиеде тексерілмес бұрын тиісті теориялық тексеріспен толығады, яғни, дедутивтик логикалық тексерістен өтеді. Дедукцияның индукциямен тығыз байланыстылығы, мәселен мынадан, көрінеді: дедукциялық ойқорытындының үлкен алғышарты көптеген жекеше мәліметтерді индукциялық жолмен жалпылаудан шыққан жалпы пікір болып келеді. Мәселен «металдың бәрі қыздырғанда ұлғаяды» деген жалпы пікір белгілі металдардың бәрін зертеп көрудің нәтижесінде тұжырымдалады. Бірақ ғылым таза индукциялық жолмен тұжырымдалған біліммен қанағаттана алмайды, өйткені ,ол білім жаңадан ашылған металл қыздырғаннан ұлғая ма, әлде жоқ па, не себепті түрлі металдардың әрқайсының қыздыру, темперетурасының қарай ұлғаю зандылығы түрліше деген және т.б. сұраққа жауаптарды түсіндіре алмайды. Оларға жауап беру үшін, ол «металдардің қыздырудан ұлғаюының себебі не де, олардың арасындағы қажетті заңдылық қандай»деген сұраққа жауап беру керек, ал ол үшін табиғатың бұрын ашыоған, тәжірбиеде тексерілген басқа заңдылықтарына сүйене отырып, дедукциялық жолмен дәлелдеу керек. Бұл заңдылық «Заттардың құрылысының молекулалық теориялық» деп аталады .
Индукциялық жолмен Кеплер ашқан «Ғаламшардың бәрі эллипс бойынша қозғалады» деген заңды Ньютон Бұрын ашылып ,тәжірбиеде дәлелденген екі заңды орталықтан тепкіш заң мен тартылыс заңын негізге ала отырып, дедукциялық жолмен түсіндірді.
Шындықты дүниеде жекеше мен жалпы өзара тығыз байланыста болғандықтан, заңды байланыстарды ашып,нәрселердің бүкіл тобы туралы жаопы заңдарды тұжырымдағанда, тек жеке заттар мен құбылыстарды зертеудің негізінде ғана тұжырымдауға болады.Алайда,ғылыми зертеуде шешуші рөл атқаратын зертелген жеке дара нәрселердің саны емес ,ең алдымен зерттелетін жағдайларды талдау, түсіндіру (дидукциялық жолмен) жекеше нәрселерді талдау процесінде мәнді белгілер мен байланыстыратын ажыратып алу ,бақылаудың, эксперименттік сапасы болады. Тіпті зерттеу үшін керекті жеке фактілерді іріктеу алуды да бұрынғы тәжірбиені, бұрын жинақталған білімді пайдаланудың негізінде жүргізіледі,ал бұл дидукциясыз мүмкін емес.
Оқыту ісіде дүниені танып білудің бір формасы. Онда да индукциямен дедукция бірлікте қолданылады: оқушылардың түсінуі қиын жаңа материады өткенде және әнгімелесу негізінде оқушылардың өздеріне қорытынды, жалпылау жасату қажет болған жағдайда индукциялық әдіс қолданылады. Индукциялық әдіс оқушылардың белсенділігін арттырады, бірақ мұғалім тарапынан оған мұқият даярлануды талап етеді және оқушыларды өздігінше қорытынды жасауға жетектеуге уақыт көбірек жұмсалады.
Дедукциялық әдісті қолданғанда белгілі бір ережені заңды ,теореманы білдіретін жалпы пікірді мұғалімнің өзі тұжырымдайды да ,содан кейін оны қолдану жолын түсіндіретін нақты мысалдар, фактілер мен оқиғаларды келтіреді .
Оқыту процесінде индукция мен дидукцияны байланыстыру оқу матералын түсісінудің екі жлын: индуктивті дедукциялық және дедуктивті идукциялық жолдарын тудырады.
К.Д.Ушинский граматиканы оқып үйренуде ирдукцияны жоғары бағалаған.Арнайы іріктеп алынған мысалдарды пайдалана отырып, оқушыларды тілдің даму заңдылықтарын түсініп ,өздігінше жалпылау жасауға ережелерді тұжымдауға үйреткен. Ал сонымен бірге дидукцияны аса жоғары бағалап оқушыларды ережелерге сәйекс нақты мысалдар тауып жаттығулар үйреткен.
Дедукциялық және индукциялық ой қордындылардың логикалық бірлігінің қажетілігінің, әсіресе,сот,тергеу тәжірибесінен айқын көрінеді. Құқық нормаларын жеке жағдайларға қолданып ,қылмыс жасаған адамға қылмысының сипатына қарай нақты жаза кесу үшін ,қылмыстық кодекстің тиісті бабы қолданылады. Ал заңға сәйкес жаза кесу үшін, оның қылмысы толып жатқан нақты фактілермен дәлелденіп, индукциялық қорытынды жасалады.
ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ-ғасырдың басында ағылшын жазушысы Артур Канон Дойл «Шерлок Холмс жайлы естеліктер» атты кітабында лондонда өмір сүрген ағылшының әйгілі детективі, тыңшы кеңесшісі Шерлок Холлмстың толып жатқан қылмыстарды ашуына көмекткскен құралы детективтік әдіс, яғни, дедукциялық ойқорытынды деп жазады. Шынына келгенде ол қылмыстарды ашуда дедукциямен бірлікте индукциялық қорытынды жасаудың түрлі формаларын, себепті байланыстарды ашудың индукциялық әдістерін ұдайы қолданып отырады. Әңгімелердің қай қайсысын алсақта, Шерлк Холмстың логиқалық пайымдаулары фактілерді жан жақты талдаға негізделеді. Сондықтан оның логикалық пайымдауларында дедуциялық әдіс басым болғанымен, бірақ оны индукциялық әдіспен бірлікте қолданғаннын естен шығамаған жөн.
