- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
Ғылым мен техникада саяси және қоғамдық өзімізге керекті құбылыстардың себебін білудің әрқашан маңызы үлкен. Себебін білу дегеніміз құбылысты көп реттерде адамның мақсатына бағындырып оны басқаруға мүмкіндік алу деген сөз. Мысалы, техник машинаның тоқтаған себебін тауып ол себепті жоюды машина қайтадан жұмыс істейбастайды.
Әдетте себепті тексеру бақылаудан басталады бақылау процессінде табиғаттану, техникалық ғылымдарда және кейбір қоғамдық ғылымдарда экспирементті яғни қолдан тәжірибе жасауды жиі қолданады. Бақылау жүргізгенде тәжірибе жасағанда құбылыстардың себепті байланыстарын зерттеу әдістерін пайдаланады ондай әдістердің бізге белгілісі біреу: ұқсастық әдісі айырмашылық әдісі ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі қалдықтар әдісі және бірге болатын өзгерістер әдісі. Әдетте бір әдіс біріктіріліп қолданылады сонда әртүрлі әдістерің комбинациясы жасалады. Көп таралған комбинация ұқсастықпен айырмашылық біріккен әдіс болып саналады. Бұл әдістерді қолдану арқылы құбылыстардың себепті байланысы анықталады енді осы әдістерді қысқаша қарастырайық:
1.Ұқсастық әдісі бұл- әдісті тұжырымдамасы мынадай егер зерттеліп отқан құбылысты екі немесе оданда көпжағдайларының барлығына ортақ бір ғана құбылыс болса онда бұл ортақ құбылыс зерттеліп отырған құбылыстың себебі болады. Мысалы, жаз айының бірінде бір ауылда бірінен соң бірі үш адам күтпеген жерден дизентерия ауруымен ауруханаға түседі. Бұл аурудың себебін зерттеп қарағанда олардың ішкен жеген тамақтары жалпы алғанда бірдей болып шығады бірінші ауру сүт ішкен ет, көкөніс, жеміс жеген, ішетін суы құдықтың суы болған. Екінші ауруда көкөніс жеген сүт ішкен үйдегі краннан су ішетіні анықталған. Үшінші ауру жеміс жидек жеген олда сүт, үйдегі краннан су ішкен осы үш аурудың барлық жағдайларын салыстырғанда аурудың себепшісі сүт болып шығады өйткені үш жағдайдың үшеуінің ұқсастығы сүт ішуде болып отыр. Бұл аурудың таралу себебін ары қарай тексергенде дизентериябацилласын бактериясын таратушы сүт сататын әйел болып шығады.
Ұқсастық әдісі бойынша жасалған салыстырудыңсыз басы мынадай болады:
1. АВСД бар жерде d бар.
2. АСД бар жерде d бар.
3. АВД бар жерде d бар.
4. АВСД бар жерде, d бар.
Демек А бәлкім b себебі болар.
Жалпы алғанда индукциялық ұқсастық әдісі бойынша жасаған ой қорытындының логикалық формасы дидукциялық ойқорынтының ажыратушы - келісімді силлогизмнің tellendo ponens(терістей отырып қостаушы) модусы бойынша жасалады.
НеА, не в,не С,не Д ны тудырады.
ВС ның себебі болмай шықты.
Олай болса, А
Ұқсастық әдісі қылмысты тергеу тәжірибесінде жиі қолданылады. Мәселен, бір аптаның ішінде қаланың үш жерінде есіктің құлпын бұздырып пәтерді тонау қылмысы орын алды делік. Осы үш ұрлықтың барлық жағдайларын салыстыра отырып, олардың жасалу әдістерінің ұқсастығын анықтайды. Сөйтіп, бұл ұрлықты жасаған бір ұрылыар тобы деген қорытынды жасалып, қылмыскер ізделе бастайды.
Ұқсастық әдісінің мәнісі, басқа индукциялық әдістер сияқты, жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығару болып табылады. Мұндай жеке оқиғалар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің қорытындымыз сенімдірек болады.
Алайда, ғылым индукция қорытындысының сенімділігі зерттелетін оқиғалардың санына ғана байланысты емес, ең алдымен біздің зерттелетін құбылысты қаншалықты терең жан-жақты тексеруімізге байланысты.
Ұқсастық әдісін қолданғанда, зерттелетін құбылыстардың барлығына ортақ бір ғана ақиқат жағдай бар екенін дәл анықтау керек. Бірақ, көбінесе, анықтау қиын болғандықтан, ұқсастық әдісі индукцияның басқа әдістермен толықтырылады.
Айырмашылық әдісі. Бұл әдісті мынадай мысалмен түсіндірейік: бақшаның ішінде бірнеше түп бүлдірген өскен дейік. Бірсыпырасы күн жағында, бірсыпырасы күн түспейтін көлеңке жағында өседі. Олардың өсіп, дамуының басқа жағдайлары(топырағы, жердің ылғалдылығы, тыңайтқыштардың шашылуы, тағы басқалары) бірдей олардың сортыда бірдей. Күн жағында өскен бұталардың жидектері тәтті, көлеңкедегі бұталардың жидектері дәмсіз, тәтті емес.
Бұдан олардың дәмінің әр түрлі болуының себебі – күн сәулесінің әсері деп қорытынды жасауға болады.
Бұл қорытынды айырмашылық әдісі бойынша жасалып отыр.
Бұл әдістің мәнісі мынада:біз өзімізге керекті құбылыстың екі оқиғасын салыстырамыз. Ол екі оқиғаның бір жағдайдан басқа жағдайларының бәрі бірдей екенін көреміз. Содан келіп, зерттеліп отырған құбылыстың себебі бір ғана жағдай екендігі туралы қорытынды жасаймыз.
Айырмашылық әдісінің тұжырымдамасы мынадай:
Егер құбылыс болатын оқиға мен сол құбылыс болмайтын оқиғаның бір ғана жағдайдан көрінсе, сол жағдайды құбылыстың себебі деп тұжырымдауға болады.
Айырмашылық әдісі - ұқсастық әдісіне қарағанда, көбірек қолданылатын әдіс. Ұқсастық әдісі, көбінесе, табиғи жағдайларда бақылау жүргізуге байланысты болса, айырмашылық әдісі, әдетте, экспериментке байланысты қолданылады. Өзімізге керекті құбылысқа бір қажетті жағдай туғызамыз, кейбір жағдайларды әдейі болдырмаймыз (немесе жаңадан енгіземіз) сөйтіп, себепті табамыз.
Бірақ айырмашылық әдісі жай бақылау процесінде де пайдаланылады (бүлдірген жөніндегі мысал).
Француздың әйгілі ғалымы Луи Пастер айырмашылық әдісін қолдана отырып, азық-түлік заттарының не себепті тез бұзылатынын ашып берді. Ол бірдей екі ыдысқа сұйық азық-түлік затты құйып, біреуінің аузын ауа кірмейтін етіп мықтап бекітіп, екіншісінің аузын ашық қалдырып, бір бөлмеге қойып қояды. Бөлменің температурасы да бірдей, айырмашылық тек біреуінің ішіне ауа емін-еркін кіреді де, екіншісіне ауа кірмейді. Бір аптадан кейін барып қарағанда, аузы бітеу ыдыстағы тамақ бұзылмай, сол күйі тұрғанын, ал екінші аузы ашық ыдыстағы тамақты құжынаған құрт басып кеткенін көреді. Сөйтіп, одан: «азық-түлік заттарының тез бұзылуының себебі – оған ауамен бірге түрлі микробтардың енуінде» деген қорытынды жасап содан бері тез бұзылатын тамақтық заттарды консервілеу басталды.
Айырмашылық әдісі белгілі бір қылмысты мәселен, «үй тонауды»кім жасағанын анықтау үшінде пайдаланалы.Тергеуші бұл қылмыста не Н.,не М.,не К,жасауы мүмкін деп жорамал жасағанан кейін ,іс ж.зінде бұл күмәнді адамдардың сол күні (түні) қайда болғанын ,не істегенін анықтауға кіріседі. Астыртын зерттеудің нәтижесінде тергеуші қылмыс жасалған күні Н, мүлде басқа жақта болғанын, ал М ауруханада жатқанын,т.б.анықтайдыда, демек, қылмысты жасаған К.болуы керек деген қорытындыға келеді де, әрі қарай тексеруге кіріседі.
Айырмашылық әдісі бойынша қорытынды жасаудың логикалық формасыда дедукциялық ойқорынтыдының ажыратушысы – келісімді силлогизмнің telendo ponens (терістей отырып қостау)модусы бойынша жасалады:
Не А, не В,не С-d-ны тудырады.
В және С-d-ның себебі емес
Ондай болса , А-dның себебі
Айырмашылық әдісін дұрыс қолдану үшін бізге керекті оқиғалардың айырмашылығы тек бір жағдайдан ғана көрінетіндігін анықтаудың маңызы зор. Бірақ мұны анықтау көбінесе қиын болғандықтан, мұндай айырмашылық әдісін ұқсастық әдісімен толықтырған пайдалы...
3. Ұқсастықпен айырмашылықтың біріккен әдісі. Бұл әдіс- ұқсастық әдісімен айырмашылық әдісін ұластыру.
Мынадай мысал алайық баклажанды көп жылдық қызанақпен будандастыруды нәтижесінде аса мұқият қарағанның өзінде, ешбір айырмашылығы жоқ сияқты болып көрінген тұқым алынды.
Тұқым тәжірибе егістігіне себәлді. Бұл будан өсімдіктің өніп шыққан көктерінің сырт пішіні жағынан бір бірінен айырмашылығы болған жоқ. Кейіннен оларға орамжапырақ бүргесі түсіп жей бастады. Бірақ бүрге барлығының көгін жеген жоқ кейбіреуіне тіпті тимепті.
Сөйтіп (айырмашылық әдісі бойынша) бұл будан өсімдіктің көктерінің арасында (олай болса тұқымныңарасында да) айырмашылық бар екені анықталды. Өйткені, бүрге кейберінің көктерін жейді ді кейбіреулерікін жемейді.
Мұндай айырмашылықты себебін білу үшін ұқсастық әдісінде қолдануға тура келеді. Көпжылдық қызанақтың көгі мен өсімдіктің көгінің арасында ұқсастық болғаны.
Бұдан баклажанды көпжылдық қызанақпен будандастырудан алынған тұқымның ішінде өзінің химиялық құрамы жағынан баклажан тұқымына жақын тұратындары (көгін бүрге жеп қойғандары) және өзінің химиялық құрамы жағынан қызанақ тұқымына жақын тұратындары да (көгін бүрге жемегендері де) бар деген жалпы қорытынды жасалды.
Сөйтіп ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісін қолдану, біріншіден баклажанды қызанақпен будандастыру нәтижесінде алынған тұқымдардың арасындағы айырмашылықты білуге және екіншіден ол айырмашылықтың себебін анықтауға мүмкіншілік берді.
4. Қалдықтар әдісі. Нептун ғаламшарының табылуы бұл әдісті қолданудың мысалы бола алады.
Бұл ғаламшарды таппастан бұрын астрономдар Уран ғаламшардың белгілі бір жерге келгенде өзінің қозғалысыныңбаяулататынын байқаған( Уранды ол уақытта Күн жүйесінің ең соңғы ғаламшары деп есептейді). Бұл сияқты баяулау сол кезде мәлім болған басқа ғаламшарлардың бірінің әсерінен болуы мүмкін еді. Алайда, есептеп қарағанда «ұйытқуының» себебі ол емес екені анықталды. Сондай ақ күнде басқа жұлдыздарда оған себеп болуы мүмкі емес еді. Ғаламшардың тұрған орнын есептеп шығарып, одан кейін сол орынды өте қуатты телескоппен қарауды нәтижесінде шынында да нептун деп аталған жана ғаламшар табылды (1846 ж).
Қалдықтар әдісінің жәрдемімен Гелий деп аталған химиялық элемент ашылды. Ол жерден емес ,күнің беттінен ашығандықтан ,ол гелий (орысша «Солнечный» дегенді білдіреді) деп аталды. Аса күшті телескоппен қарағанда ,ғалымдар күніңі бетінен бұрын белгісіз бір спекторды көреді.Бұл жаңа спектр бұрын белгісіз жана химиялық элеметке байланысты болу керек деген болжамға келеді де, қалдықтар әдісі бойынша күн сәулесінің құрамындағы бұрынан белгілі спектрлердің бәрін шығарып тастағанда ,қызғылттау сары түсті спектр қалады. Бұл спектр Жерде де болу керек деп, ұқсастық әдісі бойынша әрі қарай зерттеулер жұргізгенде ол жердене табылды.
Қалдықтар әдісі көбінесе, күрделі құбылыстардың бұрынан белгілі бқліктерін шығарып тастап, қалған белгісіз белгінің себептерін анықтау үшін қолданылады.
Қалдықтар әдісі бойынша құрылатын ой қорытындының формасы мынадай болады.
Алғышарттар:1) АБС-құбылыстарымен байланысты,
2) А-а-мен
3) В-в-мен
4) С-смен байланысты
Олай болса, мен байланысты х деген құбылыс болуы тиіс.
Қалдықтар әдістерінің мәнісі мынада: өзімізге керек құбылыстың себебін анықтау үшін, біз одан бұрын болған (және онымен қосақтаса болып отыратын) жағдайларды зерттейміз.
Осындай зерттеудің процессінде біз бұл жағдайдың біреуінен басқасы бізге керекті құбылыстың себебі бола алмайтынын анықтаймыз.
Қалдықтар әдісінің тұжырымдамасы мынадай: егер солай болуға тиіс деген жағдайлардың біреуінен басқалары құбылыстың себебі емес екендігі мәлім болса, онда сол бір жағдай – құбылыстыұ себебі болғаны.
Басқа индукциялық қорытындылар сияқты қалдықтар әдісі бойынша шығарылған қорытынды да ықтимал білім береді. Бұл білімнің ықтималдылығы неғұрлым жоғары болуы үшін, біріншіден, бұрыннан белгілі құбылыстар жайындағы біліміміз мүмкіндігінше дәл білім болуы тиіс. Екіншіден, бұрыннан белгілі себептердің әрқайсысының жалпы нәтижеге тигізетін әсері туралы білім дәл болуы қажет. Қалдықтар әдісі бойынша жасалатын ойқорытынды күрделі қылмыстардды ашу үшін жиі қолданылады. Мәселен, қоймадан ұрланған тауарлар туралы қозғалңан қылмысты істе қоймашының мойнына алған тауарларының мөлшері жетпейтін тауарлардың жалпы мөлшеріне мүлдем сәйкес келмейтіні анықталды. Жалғыз адамның сонша мол байлықты алып шығуға күші жетпейтінін есептеп шығарған тергеуші қоймашының «қылмысты жалғыз өзім жасадым» деген мойындауы жалған екенін дәлелдеп және топасқан бабы қатаңдау болғанын ескеріп қоймашының серіктестерін анықтайды.
5.Бірге болатын өзгерістер әдісі бұл әдісті мына мысалдарды алып қарастырып көрейік. Егер сым арқылы электр тогы жүрсе, онда сымның айналасында магнит өрісі пайда болады: олай болса, электр тогын жүруі- магнит өрісі пайда болу себебі егер дөңгелекті біліктен айналдырса, дөңгелектің білігі қызады олай болса, дөңгелектің өз білігінен айнала қозғалуы - оның қызуының себебі.
Бұл қорытындылар бірге болып отыратын өзгерістер әдісі бойынша жасалады.
Оның тұжырымдамасы мынадай: егер бір құбылыстың тууы екінші бір құбылысты тудырса, онда олардың біріншісі екіншісінің себебі болады.
Бірге болып отыратын өзгерістер әдісі керекті құбылысты өзінің жаратылысынан біткен қасиеті бойынша онымент бірге қосақтаса болып олтыратын құбылыстан ажыратуғаь болмайын реттерлде қолданылады. Мысалы, дененің жылылығын лоның көлемінің ұлғаюнан бөліп алуға болмайды. Сондықтан бұндай құбылыстарды зертттегенде олардың біреуі өзгерсе, екіншісі қалай өзгеретінің (мәселен жылылық өзгергенде дененің қалай өзгеретінідігін) бақылаумен ғана қанағаттанамыз. Бірге болып отыратын өзгерістер әдісі көбінесе айырмашылық әдісімен ұластырылып қолданылады. Мысалы магнит өрісінің пайда болу себебі туралы қорытынды шығару үшін біз тек электр тогы өткенде магнит өрісі пайда болатынын ғана анықтап қоймаймыз, снымен қатар электр тогы тоқталған кезде магнит өрісі жоғалып кететін де анықтаймыз.
Бірге болатын өзгерістер әдісі бойынша индукциялық ойқорытынды құрудың логикалық формасы, бұдан бұрын қарастырылған әдістердегідей сияқты дидукециялық ойқорытындының ажыратушысы – кесімді циллогизмнің (терістей отырып, қостаушы) модусы бойынша құрылады.
Алғышарттар:
А не В не С- себебі болады
В да, С да – себебі емес
Олай болса, А ның себебі болуы мүмкін.
Бірге болатын өзгерістер әдісін қолдану мынадай ережелерді сақтауды талап етеді.
Біріншіден, зерттелетін құбылыстардың ықтимал себептеорінің барлығын білу қажет.
Екіншіден, зерттелетін құбылыстардың себебі бола алмайтын жағдайлардың бәрін қатардан шығарып тастау керек.
Үшіншіден, құбылыстың өзгерісіне байланыста өзгеріп отыратын бір ғана жағдайды қалдыру қажет.
Бірге болатын өзгерістер тура және кері тәуелділік болып екіге бөлінеді.
Тура тәуелділік дегеніміз – себеп неғұрлым екпіндуі өзгерсе салдарда сондай екпінмен өзгеру еді. Ал екпіні баяуласа салдарыда баяулайды. Мысалы ауаның температурасы неғұрлым тез ысыса, термометрдің сынабының көлеміде соғұрлым тез ұлғайып жоғары көтеріледі. Температура төмендесе, сынапта төмендейді.
Кері тәуелділік дегеніміз – себептің өзгерісі қаншалықты екпінді олса салдардың өзгерісі соншалықты баяулай түсуі. Мәселен үйкеліс неғұрлым күшті болса, дененің қозғалыс жылдамдығы соғұрлым аз болады.
Бірге болатын өзгерістер әдісі бойынша қарастырылған жағдайлардың саны неғұрлым көбірек болса және бұрыңғы жағдайлар туралы білім неғұрлым дәлірек болса шығарылған қорытындының ықтималдық дәрежесі соғұрлым жоғары болады.
Тағы бір мысал. Егер тәртіп қорғау органдарының жұмыс неғұрлым пәрмендә белсенді жүргізілсе қылмыстың саны да соғұрлым кеми түседі және керісінше болады.
