Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.

Пайымдау процесінде қарапайым силлогизмдер өзара логикалық жағынан байланыса отырып, силлогизмдер тізбегінен тұратын күрделі ойқорытындылар туады. Бұл күрделі ойқорытындыларда алғашқы қарапайым силлогизмнің қорытындысы одан кейінгі силлогизмнің алғышарты болып келеді. Мұндай силлогизмдер немесе полисиллогизмдер деп аталады. Полисилогизмніңм екі түрі бар: олар прогрессивті полисиллогизм және регрессивті полисиллогизм деп аталады.

Прогрессивті полисиллогизмде алдыңғы силлогизмнің қорытындысы кейінгі силлогизмнің үлкен алғышарты болып отырады.

Оның формуласы:

бірінші А дегеніміз В

силлогизм С дегеніміз А

С дегеніміз В кейінгі

Д дегеніміз С силлогизм

Д дегеніміз В

Мысалы:

Қоғам үшін қауіпті әрекет (А) жазалануы тиіс ( В).

Қылмыс (С)- қоғам үшін қауіпті әрекет (А).

Демек, қылмыс жазалануы тиіс (В).

Пара беру (Д) – қылмыс (С).

Демек, пара беру (Д) жазалану тиіс (В).

Регрессивті полисиллогизмде алдыңғы силлогизмнің қорытындысы кейінгі силлогизмнің кіші алғышарты болып келеді.

Формуласы:

бірінші А дегеніміз В

силлогизм С дегеніміз А

С дегеніміз В кейінгі

В дегеніміз Д силлогизм

С дегеніміз В

С дегеніміз Д

Мысалы:

Тауар өткізу дағдарысы өндірісті тоқтаттырады.

Капитализм тұсында тауар өндірісін ұлғайту тауар өткізу дағдарысын тудырады.

Демек, капитализм тұсында тауар өндіруді ұлғайту өндірісті тоқтаттырады.

Өндірістің тоқтауы еңбекшілер арасында жұмыссыздықты тудырады.

Капитализм тұсында тауар өндірісін ұлғайту өндірісті тоқтаттырады.

Демек, капитализм тұсында тауар өндіруді ұлғайту еңбекшілер арасында жұмыссыздықты тудырады.

Келтірілген екі мысалдың екеуі де екі жай кесімді силлогизмді біріктіруден қорытынды шығаратын 1 фигураның ААА модусы бойынша жасалды. Алайда, полисиллогизм басқа фигуралардың басқа модустары бойынша да және шартты силлогизмдерді біріктіру арқылы да құралады.

Пікірлеу процесінде полисиллогизм, әдетте, қысқартылған формада қолданылады.оның кейбір аралық алғышарттары түсіп қалады. Қысқартылған полисиллогизмнің сорит және эпихейрема деп аталатын екі түрі бар.

  1. Екі алғышарты да энтимема болып келетін қысқыртылған күрделі силлогизм эпихейрема деп аталады.

Біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату жазаланатын қылмыс, өйткені ол өсек болып табылады.

Айыпкердің әрекеті адамды масқаралайтын өтірік пікірді әдейі тарату болып табылады, өйткені ол азамат Н. Туралы айтқан пікірінде фактіні әдейі бұрмалаған.

Демек , айыпкердің әрекеті жазалануға тиісті қылмыс.

Бұл эпихейреманы толық силлогизм қалпына келтірелік. Бұл үшін алдымен I этимеманы қалпына келтіреміз.

Өсек - жазаланатын қылмыс.

Біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату - өсек.

Олай болса, бөтен біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату жазаланатын қылмыс.

Енді II энтимеманы қалпына келтірелік.

Азамат Н. Туралы айтқан пікірдегі фактіні әдейі бұрмалау біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату болып табылады.

Айыпкердің азамат Н. Туралы пікіріндегі әрекеті фактіні әдейі бұрмалауға жатады.

Демек, айыпкердің әрекеті біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату болып табылады.

Эпихейреманың қорытындысы I және II энтимемалардың қорытындыларынан шығарылған:

Біреуді масқаралаған үшін әдейі өтірік пікір тарату- жазаланатын қылмыс.

Айыпкердің әрекеті біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату болып табылады.

Олай болса айыпкердің әрекеті - жазаланатын қылмыс.

Эпихейреманы толық полисииогизм түрінде қалпына келтіру ойқорытындының дұрыстығын тексеруге, байқамай кетіп қалатын логикалық қателерді болдырмауға көмектеседі.

Кейбір алғышарттары түсіп қалатын полисиллогизм сорит (грекше - бір топ алғышарт) деп аталады.

Сорит те прогрессивті және регрессивтік болып екіге бөлінеді. Прогрессивтік соритте полисиллогизмнің кейінгі силлогизмдердің үлкен алғышарттары түсіп қалып отырады.

Формуласы: А дегеніміз В

С дегеніміз А

Д дегеніміз С

Е дегеніміз Д

Демек, Е дегеніміз А.

Мысалы: Денсаулықты нығайтқанның бәрі (А)

Пайдалы (В)

Спорт (С) денсаулықты нығайтады (А)

Жеңіл атлетика (Д)- спорт (С).

Жүгіру (Е)- жеңіл атлетиканың түрі (Д).

Демек, жүгіру (Е)- пайдалы.

Регрессивті соритте регрессивтік полисиллогизмнің кіші алғышарты түсіп қалып отырады.

Формуласы: А дегеніміз В

В дегеніміз С

С дегеніміз Д

Д дегеніміз Е

Демек, А дегеніміз Е.

Мысалы: Пальма дегеніміз ағаш.

Ағаш дегеніміз өсімдік.

Өсімдік дегеніміз ағза.

Ағза бұзылады.

Демек , пальма бұзылады.

« Ойқорытынды» тарауы бойынша жаттығулар

  1. Мына ойқорытындылардың алғышарттары мен қорытындысын көрсетіңіздер.

а) Барлық адвокаттардың жоғары білімі бар.

Ивановтың жоғары білімі жоқ.

Демек, Иванов адвокат емес.

ә) Омыртқалы жануарлардың қаны қызыл болады.

Сүтқоректілер- омыртқалы.

Олай болса, сүтқоректілердің қаны –қызыл

б) Егер жаңбыр жауып тұрса, онда аспанда бұлт бар.

Аспанда бұлт жоқ.

  1. Төмендегі силлогизмдердің алғышарттары мен терминдерін ( S –M- P ) орын- орнына қойып, фигураларын және модустарын анықтаңыздар.

А) адал ниетті адамдар әділетті болады.

Менің досым- адал ниетті адам.

Демек, ол- әділетті адам.

Ә) Ешбір планета өзі жарық шығармайды.

Жұлдыздар өздері жарық шығарады.

Демек, жұлдыздар планета емес.

Б) Біздің университеттің барлық студенттері логиканы оқып үйренуде.

Біздің универсиеттің студенттерінің көршілігі- қазақтар.

Олай болса, кейбір қазақтар логиканы оқып үйренуде.

В) Ешбір құс сүтқоректі емес.

Кейбір үй жануарлары- құстар.

Демек, кейбір үй жануарлары сүтқоректі емес.

  1. Мына қарапайым силлогизмдер дұрыс құрылған ба?

Дұрыс болмаса, қандай жалпы және ерекше ережелер бұзылған?

А) Студенттердің бәрі емтихан тапсырады.

Дүйсенбаев- студент емес.

Олай болса, ол емтихан тапсырмайды.

Ә) Кейбір студенттер- білімқұмар.

Дүйсеньбаев - студент.

Олай болса, ол- білімқұмар.

Б) Адамды өзін- өзі өлтіруге итермелеу - өмірге қарсы бағытталған қылмыс.

Петров - өмірге қарсы бағытталған қылмыс жасады.

Демек, Петров адамды өзін- өзі өлтірмеуге итермеледі.

В) Ешбір адал ниетті адам жаманшылық істемейді.

Кейбір жастар жаманшылық істеп жүр.

Демек, кейбір жастар - адал ниетті адам емес.

Г) Жас балаларды ұрлыққа баулу - кешірілмес қылмыс.

Н. Жас балаларды ұрлыққа баулиды.

Демек, Н. Кешірілмес қылмыс жасауда.

Ғ) Барлық прогресшіл адамдар бейбітшілікті жақтайды.

Бейбітшілікті жақтаушылар- соғысқұмар емес.

Демек, соғысқұмарлардың ешқайсысы прогресшіл адам емес.

  1. Төмендегі энтимемаларды толық силлогизм қалпына келтіріліп, қорытындысының дұрыстығын анықтаңдар.

А) Ол қызарып кетті. Ол ай болса, ол- кінәлі.

Ә) бұл түзулер өзара қиылыспады. Өйткені олар – параллель түзулер.

Б) тірі ағзалардың бәрінде зат алмасу жүріп жатады.

Демек, өсімдіктер де зат алмасу жүріп жатады.

В) Студенттердің бәрі емтихан тапсыруға міндетті, ал Бейсенбаев – студент емес. Демек...

5. Шартты және ажыратушы силлогизмдер тақырыбына арналған жаттығулар.

Төмендегі шартты- кесімді силлогизмер дұрыс па?

А) Егер студент логиканы оқып үйренсе, онда ол өзінің ойлау мәдениетін көтерумен айналысқаны.

Студент Н. Логиканы оқып үйренуде.

Демек, ол өзінің ойлау мәдениетін көтерумен айналысуда.

Ә) Егер студент ауырып қалса, онда сабаққа келе алмайды.

Студент Н. Сабаққа келді.

Демек, студент Н. Ауырған жоқ.

Б) Егер өсімдікті суармаса , онда ол қурап кетеді.

Өсімдік қурап кетті.

Олай болса, ол суарылмаған.

В) Егер студент ауырып қалса, онда ол сабаққа келе алмайды.

Студент Н. Ауырған жоқ.

Демек, студент Н. Сабаққа келеді.

  1. Мына ажыратушы және шартты- ажыратушы силлогизмдер дұрыс па?

А) күрделі сөйлемдер не салалас құрмалас, немесе сабақтас құрсалас болады.

Мына сөйлем - салалас құрмалас.

Демек, ол - сабақтас құрмалас емес.

Ә) Фосфор не ақ, немесе қызыл болады.

Мына фосфор - қызыл емес.

Демек, ол- ақ фосфор.

Б) Бұл қылмысты жасаған не Иванов не Петров болар.

Бұл қылмысты жасаған Иванов екен.

Олай болса,..?

В) Егер орман арқылы даламен жүрсем, онда тұтқынға түсіп қалуым мүмкін. Ал егер ашық даламен жүрсем, оққа ұшуым мүмкін.

Бірақ мен орман арқылы немесе ашық даламен ғана жүре аламын.

Олай болса, не тұтқынға түсемін, не болмаса оққа ұшамын.

  1. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.

Өтірік сенімсіздік тудырады. Өйткені, өтірік шындыққа сәйкел келмейді.

Жарамсақтану - өтірік айту. Өйткені жарамсақтану - ақиқатты әдейі бұрмалау.

Олай болса, жарамсақтану сенімсіздік тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]