Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм

Бір алғышарты шартты пікір, екінші алғышарты ажыратушы пікір болып келетін ойқорытынды шартты- ажыратушы силлогизм немесе леммалық (латынша lemma –жорамал ойқорытынды )деп аталады.

Ажыратушы пікірдің альтернативасы екеу, үшеу және одан да көп болатынын жоғарыда көрдік, сондықтан леммалық ойқорытынды дилемма (екі альтернативалы), трилемма (үш альтернативалы), т.б болып бөлінеді. Енді дилемманы ғана қарастырып, мысалдар келтірейік. Дилемманың екі түрі болады:конструктивтік (құрастырушы) және деструктивтік (бұзушы) дилеммалар. Бұлардың өзі қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

1.Қарапайым коструктивтік дилемманың шарты алғышартында екі негізі болады, осы екі негізден ғана салдар шығады. Ажыратушы алғышарт мүмкін екі негізді қостайды, қорытынды салдарды қостайды. Сөйтіп, ойқорытынды негіздердің ақиқаттығын қостаудан салдардың ақиқаттығын қостауға көшеді.

Формуласы: Егер S-P болса, S1-P1.

Егер A-B болса, S1-P1 болады.

S-Pне A-B болады.

Олай болса, S1-P1 болады.

Мысалы:

Егер көпір арқылы жүрсе, онда мені жануар көріп қояды.

Егер өзеннен жүзіп өтсем, онда да мені жануар көріп қояды.

Демек, қай жолмен жүрсем де, жануар мені көріп қояды.

2. Күрделі конструктивтік диалемманың шарты алғышартында екі негіз, екі салдар болады. Ажыратушы алғышарт мүмкін екі негізді қостайды, қорытынды мүмкін екі салдарды қостайды. Сөйтіп, ойқорытынды негіздердің ақиқаттығын қостауға көшеді.

Формуласы: Егер S-P болса, S1-P1.

Егер A-B болса, S1-P1 болады.

S - P не A - B болады.

Олай болса, S1-P1 не S2-P2 болады.

Мысалы, өртеніп жатқан үйдің екінші қабатында қалған адам былай тұжырымдаған болар еді:

Егер басқыш арқылы түссем, онда отқа күйемін, ал егер терезеден секірсем, аяғымды сындырамын.

Мен аман қалу үшін, не басқыштан түсуім керек, не терезеден секіруім керек.

Демек, мен не отқа күюім керек не аяғымды сындыруым керек.

Сөйтіп, конструктивтік дилемма қостаушы екен.

3. Қарапайым деструктивтік дилемманың үлкен алғышартында бір негіз және одан тууы мұмкін екі салдардың екеуін де терістейді.

Формуласы: Егер S-P болса, S1-P1 не S2-P2

Бірақ S1-P1 емес, S2-P2емес.

Демек, S - P емес.

Мысалы:

Егер көрінген өсімдік ағаш болса, онда ол не жапырақты, не қылқанды болады.

Бірақ ол жапырақты да, қылқанды да емес.

Олай болса, ол өсімдік ағаш емес.

4. Күрделі деструктивтік дилемманың үлкен алғышартында екі негіз болады, ал қорытындыда олардан тууы мүмкін салдар болады. Кіші алғышарт екі салдарды терістейді, қорытынды екі негізді терістейді.

Формуласы: Егер S2-P2 емес.болса, онда S1-P1, егерS1-P1; егер A-B болса, онда

S2-P2болады.

Бірақ, S1-P1 емес және S2-P2 емес.Демек, S-P емес және A-B емес.

Мысалы:

Егер айыпкер алаяқтықпен айналысқан болса, онда ҚР қылмыстық кодексінің 147- бабымен сотталады; егер зорлықшылдықпен айналысқан болса, онда ол ҚР қылмыстық кодексінің 148- бабымен сотталады. Айыпкердің әрекетінде ҚР қылмыстық кодексінде көрсетілген баппен белгіленген қылмыстық әрекеттер жоқ.

Олай болса, айыпкер алаяқтықпен де, зорлықшылдықпен де, айналыспаған.

Сөйтіп, деструктивтік дилемма терістеуші модус екен.

Дилемманың төрт түрі бойынша сенімді түрде ақиқат қорытынды бермейді.

1. Конструктивтік (қостаушы) дилеммада ойқорытынды негізді қостаудан салдарды қостауға қарай жүруі тиіс. Деструктивтік (терістеуші) дилеммада салдарды терістеуден негізді терістеуге қарай жүруі тиіс.

Бұларға керісінше жүретін ойқорытынды сенімді түрде ақиқат қорытынды бермейді.

2. Ажыратушы алғышартта мүмкін альтернативалардың барлығы тізіп көрсетілуі тиіс.Ал дилеммада екі альтернативадан басқа альтернативалар болмауы керек.Бұл талап орындалмаса, сенімді ақиқат қорытынды шықпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]