Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым

Логика дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым екенін жоғарыда айттық. Ал енді ойлаудың логикалық формасы және логикалық заң дегеніміз не, соны қарастырып көрейік.

Ойлаудың логикалық формасы деп оның құрылысын, яғни, құрамдас бөліктерінің байланысу тәсілін айтады.

Семантикалық жағынан алғанда, ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір және ой қорытынды жатады. Бұл формалардың әрқайсысы кейінірек арнайы тарауларда толық қарастырылады. Бұл жерде тек логикалық форма деген ұғымды түсіндіру үшін оларға қысқаша тоқталамыз.

Шындық дүниедегі жеке нәрселер немесе олардың жиынтығы адам ойында ең алдымен ұғым түрінде бейнеленеді. Олар мазмұны жағынан алуан түрі: мәселен, "ағаш", "қылмыскер", "өсек" т.б тұрліше ойлау обектілерін бейнелейтін ұғымдар. "Қылмыскер" - мемлекеттік өкімет органдары бекіткен заңды бұзған адамға айтылса, ал "өсек" біреуді масқаралайтын жалған пікір таратуды білдіреді. Бұл ұғымдардың мазмұны бір - бірінен мүлдем өзгеше болғанымен, бәріне ортақ белгі - заттарға тән жалпы, мәнді белгілерді немесе қасиеттерді бейнелеу тәсілі бірдей ұғымдару болу.

Бір нәрсеге тән айрықша белгілерді немесе көп нәрселердің тұтас тобына тән жалпы мәнді белгілерді мәнсіз белгілерінен бөліп алып бейнелеудің нәтижесінде сол ой обьектісі туралы ұғым (А) құрып, өзара байланысты (а, в, с деген) жалпы мәнді белгілерін атап көрсетеміз. Сөйтіп, түрлі заттар адам ойлауында бірдей тәсілмен - мәнді белгілердің белгіні бір байланысын көрсететін ұғым формасында бейнеленеді.

Шындық дүниедегі заттар мен олардың қасиеттері арасындағы немесе бірнеше заттар арасындағы түрлі қатынастар пікір формасында бейнеленеді. Бұл қатынастар қостау немесе терістеу түрінде бейнеленеді. Мысалы, "қылмыскердің қорғануға құқығы бар" деген пікірде қылмыскер мен оның қорғануға деген құқығы қосталып тұр. "Кейбір адамдардың логикалық білімі жоқ" деген пікірде " кейбір адамдар" мен "логикалық білім" арасындағы байланыс терістеліп тұр.

Келтірілген пікірлер мазмұны жағынан түрлінше болғанымен, ондағы ұғымдардың байланыс тәсілі бірдей. Ол байланыс не қостау формасында, не терістеу формасында бейнеленген. Бұл пікірлерді құрайтын ұғымдарды логикада қабыл алынған S (субьект) және Р (предикат) таңбалармен білгілеп көрсетсек, осындай кез-келген пікірлер үшін ортақ формула: S-P келіп шығады. Мұндағы S - (пікірдің субьектісі) ой обьектісін, Р (предикат) сол обьектінің белгісін, ал олардың арасындағы "-" белгісі S пен Р-нің байланысын көрсетеді. Бұл байланыс қостаушы да, терістеуші де болу мүмкін.

Ойқорытынды дегеніміз - бірнеше пікірлердің логикалық байланысының жаңа пікір - қорытынды шығарудың логикалық формасы. Қорытынды шығарудың логикалық формасы түрінше мазмұндағы ойқорытындыға ортақ. Мысалы, "Куә жалған мәлімет бермеуге міндетті", ал "Бейсенбаев - куә" деген пікірлерден қажетті түрде "Бейсенбаев жалған мәлімет бермеуге міндетті" деген пікір шығады. Алдыңғы екі пікір "куә" деген ортақ ұғымын көмегімен байланысып тұрғандықтан ғана қорытынды шығаруға мүмкіндік туды. Демек, мазмұны жағынан әр түрлі ойқорытындылардың бәріне ортақ жалпылық - алғаш берілген пікірлердің арасындағы байланысу тәсілі.

Сонымен, ойлаудың негізгі формалары ұғым, пікір, ойқорытындыны қарастыра отырып, біз олардың нақты мазмұнына тәуелсіз, әрқайсысына тән жалпылықты таптық. Атап айтқанда, ойдың мазмұны бөліктерінің байланысу тәсілін - ұғым мазмұндағы белгілердің, одан кейін пікір мазмұнын құрайтын ұғымдардың және соңында ойқорытындының мазмұнын құрайтын пікірлердің байланысу тәсілін таптық. Бұл тәсіл тілдері түрліше болып келетін алуан түрлі халықтар мен ұлттардың бәрін ойлау процесіне тән ортақ логикалық форма болып табылады. Сондықтан да біз аударма арқылы болса да олармен өзара түсінісе аламыз.

Күнделікті ойлау процесінде ойдың мазмұны мен формасы ажыратылмас бірлікте болады, өйткені, формасыз таза мазмұн және мазмұнсыз таза форма болмайды. Бірақ арнайы талдау жасау мақсаты қойылған кезде, ойдың нақты мазмұнына көңіл аудармай, оның формасына ойша біліп алып зеттейміз. Сондықтан біз қарастырып отырған логика формалдық логика деп аталады.

Ойлаудың бұл аталған формалары ақиқат қорытынды беруі үшін, олардын байланысы белгілі бір логикалық зандар мен ережелерге бағынуы тиіс, өйткені, пайымдау процесінде ойлау формаларын дұрыс байланыстыратын зандар түрліше логикалық қателіктерден сақтайды. Россияның "Строиельная газетасында" жарияланған мынадай бір хабар бұл айтқанымыздың айқын мысалы бола алады.

Бір құрылыс алаңында салынып жатқан үш қабат үйдің балконының бір жағы қисайып тұр екен. Соны түзеп қою үшін құрылыс бригадирі жанына тайгадағы бір селодан жаңадан келген бір жас жұмысшыны алып, іске кіріседі. Ол сүйменді (ломды) алып, балкон тіреуінің бүйіріне көлденең қойып, жас жұмышыға кувалда деп аталатын дәу балға беріп:

- Бей по ребру! - деп бұйырады.

Бұйрықтың мәнін түсінбеген жас жұмысшы аң-таң болып тұрғанда, бригадир:

-Бүйірден соқ дедім ғой саған! - деп боқтап жібереді.

Содан кейін жас жұмысшы бригадирдің бүйірінен соғып жібергенде, ол үшінші қабаттан жерге құлап түседі, бірақ Құдай сақтап, қалың күртік қардың үстіне құлайды.

Жас жұмысшы сотта ақталып шығады, өйткені, бригадир бұйрық бермес бұрын, оның мәнін жұмысшыға дұрыстап түсіндіруі тиіс еді.

Бұл жерден логикның тепе-теңдік заңы бұзылды. Өйткені "ребро" деген сөзді екеуі түрлі түсінді де," әрбір ой анық, айқын болуы тиіс, олар түрліше мағынада алынбауы керек" деп аталған заңның талабы сақталмады, өйткені, орыс тілінде "ребро" деген сөз - көп мәнді сөз.

Ойлау заңы дегеніміз - пайымдау прцесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ойқорытынды сияқты ойлау формаларына тән қажетті, ішкі, мәнді байланыстар. Формалдық логиканың заңдары (тепе-теңдік, қайшылықсыздық, үшіншісі (шешімі) жоқ және жеткілікті негіз заңдары) ойлаудың айқындылығын, қайшылықсыздығын, дәйектілігін және дәлелділігін талап ете отырып, оның дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бұл талаптарды бұзу міндетті түрде логикалық қателіктерге соқтырады.

Аталған заңдар адамдардың еркінен, қалауынан тыс қалыптасып, әрекет етеді. Олар - материиялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің байланыстары мен қатынастарының бейнеленуі. Сондықтан формалдық логиканың заңдары адамдардың ұлтына, табына, жеріне қарамастан, жалпы адамдық сипатта болды, өйткені, олар адамзаттың көп ғасырлық дүниетану тәжірибесінің нәтижесі ретінде тәжірибелік іс-әрекетте қалыптасты. Тәжірибеде миллиард қайталана отырып, адам санасында логиканың фигуралары (ойқорытындылары) түрінде орнықты.

Ескеретін жағдай, формалдық логиканың заңдарымен қатар, ойлаудың диалектикалық заңдары да бар. Олар: қарама-қармылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өту және терістеуді терістеу заңдары. Бұлар - дүниенің даму заңдары. Бұл заңдардың көмегі арқасында ойлау процесі обьективтік дүниедегі диалектикалық даму процестерін танып-біле отырып, сонымен қатар формалдық логиканың заңдарын да қатаң сақтауы тиіс, өйткені, диалектикалық ойлау үшін де айқындылық, қайшылықсыздық және дәлелділік аса қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]