Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.

Орта терминдер силлогизмдер әр түрлі орын алуы мүмкін: ол екі алғышарттың екуінде де бастауыш немесе екеуінде де баяндауыш болуы мүмкін. Ол бір алғышартта- бастауыш, екінші алғышартта- баяндауыш болуыда ықтимал. Орта терминің алғышарттарындағы алатын орнына қарай силлогизмде төрт фигураның барын байқаймыз.

Ол фигураларды төменгі сызбамен көрсетуге болады:

1-фигура 2- фигура 3- фигура 4- фигура

Әр сызба екіалғышартты және олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Горизанталь сызықтар алғышарттардағы терминдер арасындағы байланысты, ал қиғыш және тік сызықтар алғышарттардың өздерінң арасындағы байланыстарды кқрсетед. Қорытынды крсетілмеген, өйткені олардың сызбасы барлық фигуралаға бірдей: S-P.

Терминдердің симетриялық орналасу фигуралардың айырмашылығын оңай есте қалдыруға жәрдем етеді.

Ол айырмашылықтар төмендегілер:

1-фигура. Орта термин – үлкен алғышарттың бастауышы, кіші алғышарттың баяндауышы болады. Мысалы :

Бәз уневерситтетің барлық студенттері (М) логиканы оқыды (Р).

Дүйсенбакев (S) біздің уневерситтетің студенті (М) олай болса, Дүйсенбаев (S) логиканы оқыды (Р).

2- фигура. Орта термин екі алғышарттар да( үлкен және кіші алғышарттарда) баяндауышы болады. Мысалы:

Металдың бәрі (Р) электір өткізгіш (М).

Кей бір денелер (S) электр өткізгіш емес (М).

Демек кейбір денелер (S) метал емес (Р).

3- фигура. Орта термин екі алғышарттарында (үлкен және кіші алғышарттарда) бастауыш болады. Мысалы:

Теңіз гупкасы (М) өздігінен қозғала алмайды (Р).

Теңіз гупкасы (М) – жәндік (S) .

Олай болса, кей бір жәндіктер (S) өздігінен қозғала алмайды (Р).

4- фигура. Біздің олай тәжірибемізде өте сирек қолданылады, өйткені щны жасанды фигура десе де болады. Бұл фигураның модустары бойынша қорытынды жасау пайымдау процесі үшін табиғи емес. Орта ғасырлық римдік дәрігер К.Галим әдетте I фигураның алғышартының орнын ауыстырып (кіші алғышартты үлкен алғышарттарын орнына, ал үлкен алғышартты кіші алғышарттың орнына) қойып, IV фигураны ойлап шығарған. Шындығында Ivфигура бойынша шығатын қорытындыны I фигура бойынша оп- оңай шығаруға болады.

Мысалы.

Квадраттың бәрі (Р)- параллеограмдар (М).

Параллеограмның бәрі (М)- төртбұрыштар (S)

Кей бір төртбұрыштар (S) – квдраттар.

Бұл пайымдау тілге мүлдем орамсыз болып тұр. Сондықтан екі алғышарттың орнын ауыстырып, ойқорытындыны бірінші фигура бойынша жасасақ, әлдеқайда икемді, табиғи болар еді.

Параллеограмдың бәрі – тік төртбұрыштар.

Квадраттың бәрі (S) – параллеограмдар (М).

Квадраттың бәрі (S) параллеограмдар (Р).

Сөйтіп ,IV фигура бойынша ойқорытнды жасау табиғи ойлау процесі рүшін икемсіз,жасанды болғандықтан , біз оны арнайы қарастырамыз.

Сонымен, кесімді силлогизмнің фигуралары дегеніміз оның түрлері екен. Ал енді осы түрлердің (фигуралардың) өз түрлері(яғни,түрлердің түрлері) бар. Оларды логикада силлогизмнің модустары (жеке түрлері) деп атайды.

Силлогизмнің алғышарттары саны мен сапсы жағынан әр түрлі пікірлер: жалпы қостаушы (А), жалпітексеруші (Е) ішінара қостаушы (І) ішінара тексеруші (О) болып келу мүмкін. Мәселен, үлкен және кіші алғышарттардың екуде жалпы қостаушы (АА) не үлкен алғышартың үлкен жалпы қостаушы, кіші алғышар жалпы терістеуші (АЕ), т.б. пікірлеу болып мүмкін. Әрбір алғышарт біз білетін І,О деген төрт пікірдің кез келгені болуы мүмкін. Ал енді осы төртеуін фигураның санына көбейтсек (4x4), алғышарттардың 16 түрлі ұштасуы келіп шығады.

Олар: АА, АЕ, АІ, АО;

ЕА, ЕЕ, ЕІ, ЕО;

ІА, ІЕ, ІІ, ІО;

ОА, ОЕ, ОЕ, ОО.

Екі алғышарттан үшінші пікір қорытынды туатынын ескеріп, бұл 16 түрлі мүмкін алғышарттар байланысына тағы бір-бір пікірден қоссақ, сиоллогизмің 64 түрлі шығар еді. Бірақ істі олай қиындатып жатпай-ақ, олғышарттардың әлгі 16 түрлі байланысына жоғарыда келтірлген 7 жалпы ережені қолданып жіберіп, ережелерге сәйкес келмейтін алғышарттардың байланысын 7 байланысын шығарып тастасақ, дұрыс қорытынды беретін 9 түрлі алғышарттар байланысы қалады. Олар мыналар: АА, АЕ, АІ, АО, ЕА, ІА, ЕІ, ОА.

Енді бұл алғышарттардың ұштасуы қайсы фигураның құрылысы мен ережелеріне сәйкес келетінін анықтау керек, өйткені әр фигураның құрылысынан тұатын өз ережелері бар, соларды қарастырып көрейік .

Сиоллогизмнің фигураларының ережелері және танымдық маңызы.

Әр фигурада орта терминің алатын орнының өзгешіліктерінен туындайтын айрықша ережелері бар.

Бірінші ережесі мынандай екі ережесі бар:

  1. Үлкен алғышарт жалпы пікір болуы тиіс.

  2. Кіші алғышарт қостаушы пікір болуы тиіс.

Бұл ережелердің мәні неде, соны талдап кқрейік.

Екінші ережеден бастаймыз:егер кіші алғышарт қостаушы болмай,терістеуші болса, онда екінші жалпы ережеге сай сәкес қорытынды да терістеуші болмау тиіс.

Терістеуші қорытындының баяндаушы ( Р – үлкен термин) тартылған болады. Олай болса, үшінші жалпы ереженің талабына сай, Р үлен алғышраттың баяндауш терістеуші пікір болғанда ғана тартылған болады. Сөйтіп кіші алғышарт терістеуші болса, қорытынды да терістеуші болады. Қорытынды терістеуші болса, үлкен алғышарт та терістеуші болуы тиіс. Ал бұл жағдай екі терістеуші алғышарттан қорытынды шықпайды деген төртінші жалпы ережеге қайшы келеді.

Енді І фигураның бәрәншә ережесін талдап көрейік. Орта термин (М) бұл фигураның үлкен алғышартының бастауышы, кіші алғышартының баяндауышы болады, ал терминдер туралы екінші жалпы ереже бойынша орта терминнің, ең болмағанда, алғышарттардың біреуінде тартылған болуы тиіс. Кіші алғышартта орта термин баяндауыштың орнында тұрғандықтан, тартылмаған болады, өйткені кіші алғышарт- қостаушы пікір екенін әлгәнде ғана айтайық, демек, онда М тартылмаған. Сондықтан ол міндетті түрде үлкен алғышартта тартылған болуы тиіс, ал бұл үшін үлкен алғышарт жалпы пікір болуы тиіс.

Міне, енді осы екі ережені жоғарыда келтірілген дұрыс қорытынды беруге тиісті 9 алғышарт байланысына қолдансақ.

І фигураға тиісті мынандай төрт модустың алғышарттары шығады. АА, ЕА, АІ, ЕІ. Бұларға жалпы ережелерді тағы да қолдансақ, мынандай модустар шығады. АА-А, ЕА-Е, АІ-І, ЕІ-О. Бұлар –І фигура бойынша дұрыс қорытынды беретін модустар. Орта ғасыр тұсында бұл модустарды есте сақтауды оңайдату үшін, сол дауысты әріптерге дауыссыз әріптер қосып, әр модус үшін мазмұнсыз атау сөз ойлап шығарған. Ол сөздер мыналар: barbara, celarent, darii, ferio. І фигураның модустарының танымдық маңызы зор екендігі және ойлау, пайымдау процесінде кеңінен қолданылатындығы олардан шығатын қорытындылардың сипатынан да көрініп тұр. Онда пікірдің төрт түрінің төртеуіде (А, Е, І, О) бар. І фигура дедукциялық ой қорытындының ең кең тараған әдетті формасы болып табылады. Ғылыми заңдарын, құқықтық заңдарды көрсететін жалпы қағидаларға сүйене отырып, жеке факті, жеке құбылыстар мен нақты істер туралы қорытынды жасалды. Мәселен:

Қазақстанның азаматтары (М) қоғамдық байлықтарды қорғап, молайтуға ат салысуы тиіс (Р).

Дәулетов (S)Қазақстанның азаматы (М).

Демек, Дәулетов (S)- қоғамдық байланыстарды қорғап, молайтуға ат салысуы тиіс (Р).

Бұл мысалдар жалпыға бірдей міндетті қағидаға сүйене отырып, бір азамат жайында қорытынды пікір шығардық. Бұл І фигураның Barbara деген модусы бойынша жасалады. Бұл фигураның модустары пайымдаудың табиғи жолын бейнелендіреді, сондықтанда олар өте жиі қолданылады.

І фигураның модустары оқыту, білім беру, сот- тергеу істерінде кеңінен қолданылады. Құқықтық әрекеттерге заңдық баға беру, жеке-дара оқиғаларға құқықтық нормалар (заңдар) қолдану, нақты біреудің істеген қылмысы үшін жаза қолдану және басқа сот шешімдері силлогизмнің бірінші фигурасы формасында тұжырымдалады. Мысалы:

Пара алушылардың бәрі – қылмыскерлер.

Иванов – пара алушы.

Демек, Иванов – қылмыскер.

ІІ фигураның да екі ережесі бар.

1.Үлкен алғышарт – жалпы пікір.

2.Алғышарттардың біреуі- терістеуші пікір.

ІІ фигураның екінші ережесі жалпы екінші ережеден (орта термин, ең болмағанда, алғышарттардың біреуінде тартылған болуы керек деген) туындайды. Орта термин (М) ІІ фигурада екі алғышартта да баяндауыштың орнында тұрғандықтан, алғышарттың біреуі терістеуші болуы керек, сонда орта термин тартылған болады.

Ал, егер алғышарттың біреуі терістеуші болса, онда қорытынды датерістеуші болады. Демек, үлкен термин де (Р) қорытындының баяндауышы ретінде қаратылған болады. Ал ол енді үлкен алғышартта да тартылған болуы тиіс. Р (үлкен алғышарттың бастауышы) жалпы пікірлерде тартылған болады. Міне, содан келіп енді « үлкен алғышарт – жалпы пікір бодуы керек» деген екінші ереже шығады.

ІІ фигураның, осы екі ережесін алғышарттарға қолдансақ, мынандай төрт дұрыс алғышарт шығады: ЕА, АЕ, ЕІ, АО. Бір алғышартты терістеуші болғандықтан қорытынды терістеуші болады:ЕА-Е (cesare), АЕ-Е (camestres) ЕІ-О (Festino), АО-О (Baroco) деген төрт дұрыс модус шығады. Бұл фигура тек терістеуші қорытынды береді.

Егер бір құбылыстың жалпы ережеге сәйкес келмейтінін дәлелдеу керек болса, онда адам ІІ фигураның модустарын қолданады. Мысала, сот процесінде қорғаушы айтушының сөзіне қарсы сөйлегнеде, өзінің дәлелдеуін, көбінесе ІІ фигураға сүйеніп құрады, яғни, өзінің қорғап тұған адамынаң іс-әрекеті айыптаушы ұстанып отырған жалпы қағидаға (қылмыстық кодекстің тиісті бабын) сәкес келмейтінін дәлелдеп, айыптаушының дәлденіп бекерге ығарады. Мысалы:

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің бабымен (Р) бөтен азаматтың мүлкін ұрлаған адам сотталуға тиісті (М).

Айыпкер (S) сөз болып отырған азаматтың мүлкін ұрлаған жоқ (М).

Демек айыпкер (S) Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің бабымен сотталуға тиісті емес (Р).

Силлогизмнің ІІ фигурасы бекерге шығару фигурасы деп атайды.

Қате нақтылаған диагнозды бекеге шығару үшін, дәрігер өзінің пікірін ІІ фигураға сүйеніп айтады.

ІІІ фигураның да екі ережесі бар:

  1. Кіші алғышарт қостаушы пікір болуы тиіс.

  2. Қорытынды ішінара пікір болады.

ІІІ фигураның бірінші ережесі І фигураның екінші ережесі сияқтыдәлелденеді: кіші алғышарт қостаушы пікір болса, онда оның баяндауышы – (S- кіші термин) тартылмаған. Алғышартта тартылмаған термин қорытындыда да тартылмаған болуы тиіс деген жалпы үшінші ережеге сәкес кіші термин қорытындыда тартылмаған болуы тиіс. Олай болса ішінара пікір болуі тиіс, өйткені оның бастауышы S (кіші термин) кіші алғышартта тартылмаған.

Осы екі ережені алғышарттрға қолдансақ, төмендегідей алты дұрыс алғышарт шығады: АА,ІА,АІ,ЕА,ОА,ЕІ, ІІІ фигураның екінші ережесі бойынша бұл алғышарттардан ішінара қорытынды шығады: АА-І, ІА-А, АІ-І, ЕА-О, ОА-О, ЕІ-О. Бұл алты модустың латынша аттары мынандай: darapti, datisi, disamis, felapton, bocardo, feriaon. Бір мысал:

Адвокаттардың (М) бәрі – заңгерлер (Р).

Кей бір адвокаттар (М) – шахматшы (S).

Демек кей бір шахматшылар (S) – заңгерлер (Р).

Бұл мысал- datisi модусы бойынша құрылған силлогизм.

Қайсы быр ережелер жеке жағдайларға сәйкес келмейтін дәлеледеу қажет болғанда көбінесе ІІІ фигура қолданылады. Бұл үшін бекрге шығарлатын жалпы ережеге қайшы келетін жеке жағдайлар атап көрсетіледі.

Мысалы: « барлық заттарды қыздырғанда, көлемі ұлғаяды» деген жалпы пікірді үшінші фигураға сүйеніп дәллдеу арқылы былай бекерге шығаруға болады: суды 00- тан 40– қа дейін жылытқанда, оның көлемі кішірейді. Ал су – зат, олай болса, кейбір заттарды 00 – тан 40 – қа дейін жылытқанда, оның көлемі кішірейді.

Пайымдау тәжірибиесінде ІІІ фигура әлдеқайда сирек қолданады. IV фигураның бес модусы бар, бірақ оларды арнайы қарастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]