- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
Төмендегі пайымдауларда логиканың қай заңы бұзылған?
Азамат Н. қылмыс жасалған кезде сол жерде болыпты. Демек, ол қылмысқа тікелей қатысушы болып табылады.
Бұл грамматикалық сөйлем ұзын екен. Олай болса, бұл сөйлем – күрделі сөйлем.
Ф.Энгельс өзінің бір еңбегінде идеялық қарсыласының пайымдауындағы қателікті ашып көрсету үшін, мынадай мысалды келтіреді: немесе армиясының бір қарт майоры өзі басқаратын бөлімшеге қызмет етуге бір ерікті әскери адам – философия докторы келіпті дегенді ести сала, оны өзіне шақырып алады да:
Сізді доктор дейді ғой, рас па? Доктор болсаңыз, оқтын – оқтын маған келіп тұрыңыз, үйінде әйелі және жеті баласы бар адамға емдеуші керек – ақ! – дейді.
Кешіріңіз, майор мырза, - дейді ерікті әскери адамдар, - мен философия докторы!
Онда менің жұмысым жоқ, докторсыз ба, докторсыз. Жүре беріңіз! – дейді майор.
Тургеневтің «Рудин» атты романында мынадай диалог келтіреді:
Демек, сіздіңше, сенім деген жоқ қой?
Жоқ және болған да емес.
Бұл сіздің сеніміңіз ғой?
Иә.
Сонда қалай болғаны? Сенім жоқ дейсіз, артынша бар дейсіз!
Ол жұмысқа не автобуспен, не трамваймен келуі тиіс. Ол трамваймен келмеді. Олай болса, автобуспен келедін
Логикалық заңдардың бұзылғанын көрсететін мыңсалдарды кітаптан, газет – журналдардан, т.б. өздерің келтіріңдер.
V тарау ойқорытынды
5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
Шындықты танып-білудің нәтижесінде адам жаңа білім алады. Оның бір қатарын сезім мүшелерінің көмегі арқасында тікелей бейнелеулердің нәтижесінде алады: көзімен көреді, құлағымен естиді, иісін сезеді, т.б. Бірақ адамның бұл сезімдік таным процесіне ақыл-ой міндетті түрде қатысады. Солай болғанын өзінде де, адам сезімдік таныммен шектеліп қала алмайды, өйткені сезім мүшелерінің дүниетану мүмкіндіктері шектеулі: тек сезім мүшелері арқылы адам, біріншіден, бұрын өтіп кеткен заттармен құбылыстарыды танып – біле алмас еді. Екіншіден, көптеген заттар мен құбылыстар кеңістік тұрғысынан алданған, өте алыс орналасқан, оларды да сезім мүшелерімен танып-біле алмайды. Үшіншіден, сезім мүшелері арқылы адам нәрселердің тек сырт көріністерін, құбылыстарын ғана танып білер еді де, ал олардың ішкі мәнін, заңдылықтарын, т.б. танып-біле алмас еді. Мәселен, адамзат көптеген ғасырлар бойы Жерді күн айналады деп қателесіп немесе Жер шар тәрізді домалақ емес, жазық деп түсініп келді, өйткені көздің көрсетуі солай болды. Тек астрономия ғылымы дамығаннан кейін ғана ғылыми ойлаудың (ойқорытындының) көмегімен ол қателіктерді жөндеді.
Қазіргі заманғы біздің біліміміздің басым көпшілігі – абстрактылы ойлаудың маңызды бір формасы – ойқорытындың көмегімен алынған білімдер. Біз өзімізді қоршаған блмыс туралыбілімді ұғым, пікір, ойқорытынды формасында тұжырымдаймыз. Сондықтан ойлаудың бұл формалары дүниетанудың құралы болып табылады.
Ойлаудың бұл үш формасы өзара тыңыз байланысты болады. Ұғымдардың логикалық байланысынан пікір құрылатынын жоғврыда көрдік. Ал пікірлердің өзара байланысынан ойқорытынды құралы. Мысалы, әрбір металдың электр өзкізгіштігінен және мыстың металл екендігінен адам мынадай ойқорытынды жасайды.
Металдың бәрі – электр өткізгіш.
Мыс – металл.
Олай болса, мыс – электр өзкәізгіш.
Бұл ойқорытынды үш пікірден тұрады. Алғаш берілген екі пікір (олар алғашрет деп алады) үшінші пікірден (жаңа пікітді) қорытып шығаруға негіз болып отыр.Алғышарттардың байланысынан туған жаға пікір қорытынды еп аталады.
Жаңа пікір (қорытынды) жаңа білім болып табылады, ол бұрыннан ақиқаттығы белгілі пікірледен туды. Ойқорытындының жаңа білім алудағы маңызын ашып көрсететін тағы бір-екі мысал келтірейік.
Темір компастың магнит тілін өзіне тартытыны әлде қашан белгілі болатын. Содан кейін компаспен Курск қаласы маңынан өтіп бара жатқанда, оның тілі меридианнан едәуір бұрылатын мәлім болды. Осының барлығын білгеннен кейін мамандар Курск қаласының маңында темір кені бар деп қорытынгды жасады. Соңынан зерттеу жүргізгенде, бұл қорытындының дұрыстығы айқындалды.
Сөйтіп, темірдің компастың агнит тіліне қандай әсер ететін және магнит тілінің Курук қаласы маңында бағытын өзгертетінін біліп, адамдар осыдан дұрыс қорытынды жасады.
Дәл осындай жағдай Қостанай облысында темірм кенін ашарда да қайталанды.
Бұл мысалдар ойқорытындының дүниетанудағы маңызын көрсетеді.
Біз өзіміздің күнделікті тәжірбиелік қызметімізде де үнемі ойқорытынды жасап отырамыз.
Егер негізге алғанда пікірлер дұрыс болса және біз ойқорытындыны дұрыс құрсақ, яғни, оны логика заңдарының талабына сәйкес құрған болсақ, қорытындымыз әр уақытта ақиқат болып шығады. «Егер біздің алғышартымыз дұрыс болса және біз оларға ойлау заңдарын дұрыс қолдансақ, онда шыққан нәтиже шындыққа сәйкес келуі керек...»(Ф.Энгельс)
Ойқортындыға былай деп анықтама беруге болады:
Ой қортынды дегеніміз – екі немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір-қортынды шығаруға мүмкіндік беретін логикалық әрекет.
Берілген пікірлерден қортынды шығару үшін, ол пікірлерді мазмұны бойынша белгілі тәртіппен бір-бірмен байланыстыруымыз керек. Кездейсоқ қатар келетін пікірлерден қорытынды шықпайды. Өйткені, оларда ортақ мазмұн жоқ. Мысалы, мынадай екі пікірден қорытынды шығаруға болмайды: «Барлық құстар – жануар», «Капиталистердің бәрі – қанаушы». Бұл пікірлердің арасында логикалық байланыс жоқ.
Ойқортындыда ой жалпыдан жекеге қарай немесе жекеден жалпыға қарай жүруі мүмкін, яғни, алғышарттардың ең болмағанда біреуі жалпы пікір болып, одан жекеше қорытынды шығуы не жекеше алғышарттардан жалпы қорытынды шығуы және жекеше алғышарттардан жекеше қорытынды шығуы мүмкін. Осыған орай ойқортындылар үш түрге бөлінеді. Жалпы алғышарттартан жекеше қорытынды шығатын ойқортынды дедукциялық ойқортынды деп аталады. Оны қысқаша түрде дедукция деп атайды. Жекеше алғышарттардан жалпы қорытынды шығатын ойқортындыны индукциялық ойқортынды немесе индукция деп атайды.
Жекеше алғышарттан жекеше қорытынды шығаруды аналогиялық ойқортынды немесе аналогия деп атайды.
Алғшарттардың санына, қарай, яғни, қорытынды бір алғышарттан шыға ма, әлде екі және одан да көп алғышарттардан шыға ма, соған қарай ойқортындылар тікелей және жанама болып екі түрге бөлінеді. Бір ғана алғышарттан қорытынды шығару тікелей ойқорытынды деп аталады, ал екі және одан да көп алғышарттардан қорытынды шығару жанама ойқортынды деп аталады.
Тікелей ойқортынды пікірлерді түрлендіру жолымен іске асады. Оған айналдыру, ауыстыру, пікірлердің арасындағы қатынастарды анықтау («логикалық квадрат» деп аталытын бқл соңғы тәсіл «Пікір» тарауында айтылды) тәсілдері жатады.
Айналдыру. Пікірді айналдыру деп пікірдің мағынасын өзгертпей, терістеуші пікірді қостаушыға және қатысушыға және қатысушщы пікірді терістеушіге айналдырудың логикалық тәсілін айтамыз.
Айналдыру нәтижесінде пікірдің тек сапасы ғана өзгереді.
Мысалы: «Жұлдыздар қозғалмайды емес», демек, «Жұлдыздар қозғалып тұрады».
«Өйткені аптаның кейбір күндері суық болды», демек, «Өйткені аптаның кейбір күндері суықсыз болды».
Айналдыру тәсілін қолданғанда, бір пікірге екі терістеуші белгі енгіземіз: біріншісі – байланыспен бірге, екіншісі – баяндауыштың артынан келеді.
Жалпы қостаушысы пікір жалпы терістеушіге немесе керісінше пікірге, ал ішінара қостаушы пікір ішінара – терістеуші пікірге немесе керісінше пікірге айналады.
Айналдыру біздің ойымызды айқындай түседі, оның маңызы да тап осында. Дұрыс айналдырмаса, онда пікірлер айқын болмай шығады немесе олардың мағыналары бұзылады.
Ауыстыру. Ауыстыру дегеніміз – пікірдің бастауышын баяндауыш, ал баяндауышын бастауыш етіп ауыстырып қоятын логикалық тәсіл.
Ауыстырудың нәтижесінде пікірдің сапасы өзгермейді. Мысалы: «Жұлдыздардың барлығы күн болып табылады» деген пікір «Күндердің барлығы да жұлдыздар болып табылады» деген пікірге ауысады. Бірінші пікірде ой нәрсесі «жұлдыздар» болса, екіншіде – «күндер». Ой нәрсесі өзгергендіктен, пікірдің мағынасына да өзгереді, яғни біз тіпті жаңа пікір алдық.
Біздің мысалымыздағы пікір өзінің санын өзгеркен жоқ, мұндай ауыстыру жай ауыстыру немесе таза ауыстыру деп аталады. Ол тек пікірдегі екі терминнің екуі де таратылған немесе екуі де таратылмаған жағдайларда ғана қолданылады. Сондықтан ауыстырғанда терминдердің көлемдері арасындағы қатынас өзгермейді.
Кейбір жалпы қостаушы пікірлерде терминдердің екуі де таратылған болады. Сондықтан ондай пікірлер жай түрде ауысады.
Алайда, жалпы қостаушы пікірде баяндауыш, көбінесе, таратылмаған болады. Осындай жағдайларда жай ауыстыру өрескел қатеге әкеліп соғады. Мысалы, «Студенттердің бәрі де оқушы» деген пікірді «Оқушының бәрі де студент» деген пікірге немесе «Ақындардың барлығы қиялдай алады» дегеді «Қиялдай алатын адамдардың барлығы – ақын» деген пікірге ауыстыруға болмайды. Бұлай ауыстыру – қате.
Баяндауыш таратылмаған жалпы қостаушы пікірлер әрқашанда шектелумен ауыстырылады. Мысалы, «Жұмысшалардың барлығы да еңбекшілер» деген пікір «Еңбекшілердің кейбіреулері – жұмысшылар» пікірге ауысады.
Пікірдің екі термині де таратылмаған кезде, яғни, жеке қостаушы пікірде, жай ауыстыру болуы мүмкін, соған байланысты ауыстырғанда, терминдердің көлемдері арасында қатынас өзгермей қала береді. Мысал, «Кейбір балалар – әнші» деген «Кейбір әншілер – балалар» деген пікірге жай ғана аусады.
Ал егер ішінара қостаушы пікірдің баяндауышы таратылған болса, оны ауыстырған кезде, біз жалпы қостаушы пікірге келеіз.
Мысалы, баяндауышы таратылған «Оқушылардың бірсыпырасы – студенттер» деген ішінара қостаушы пікір «Студенттердің барлығы – оқушы» деген жалпы қостаушы пікірге ауысады.
Жалпы терістеуші пікірлер жай ғана ауысады, себебі ол пікірледің екі терминдері де әрқашан таратылған болады. «Бірде –бір ұры адал адам емес» деген жалпы терістеуші пікір. «Бірде –бір адал адам ұры емес» деген жалпы терістеуші пікірге ауысады. Мұнда бастауыш пен баяндауыш көлемдерінің қарым – қытынасы өзгерген жоқ.
Ішінара терістеуші пікірлер ауыстырылмайды. Оның себебі мынада: ауыстырған кезде, пікірдің сапасын өзгерпеуіміз керек, олай болса терістеуші пікірді ауыстырғанда, терістеуші пікір алуымыз керек. Бірақ ішінара терістеуші пікірде бастауыш әрқашан таратылмаған болады. Егер біз ондай пікірді ауыстыра бастасақ, онда таратылмаған баяндауыш болып шығар еді, ал дұрыс логикалық ойлауда бұл мүмкін емес.
Сөйтіп, жалпы терістеуші пікірлердің барлығы және терминдердің екуі бірдей таратылған немесе екуі де таратылмаған қостаушы пікірлер жай ауыстыруға келе береді
Пікірді түрлендірудің, яғни,айналдыру мен ауыстырудың біздің ойлау процесімізде елеулі маңызы бар.
Түрлендірудің әрбір түріне жасалға талдау пікірдің түрінен екіншісіне көшу әркімнің өз еркінше, қалай болса солай бола бермейтіндігін көрсетеді. Бұл өзгерістердің заңдары бар. Олар белгілі ережелерге негізделген.
