Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

4.5 Жеткілікті негіз заңы

Материялық дүниедегі әрбір құбылыстың өзінің себебі, өзінің негізі болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды. Себепсіз әрект жоқ, ал әрбір себеп әрекет туғызады. Өзен қатады, өйткені оны қоршаған ауаның температурасы төмендейді. Түтін жоғары көтеріледі, өйткені ол қоршаған атмосферадан жеңіл, тағы сол сияқты.

Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың өткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғатпен қоғамды ешбір құбылыстың пайда болуы мүмкін емес.

Нәрселер мен құбылыстардың объективті дүниедегі осындай өзара байланысы адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген.

Жеткілікті негіз заңының тұжырымдмасы мынадай:

Әрбір ақиқат ой дәлелді болуы тиіс.

Қандай да болмасын бір ақиқат ой айтпайық, оның ақиқаттығын негіздеуіміз керек, яғни, шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуге тиіспіз. Мәселен, сотталушы,а белгілі бір кінә таққан кезде, айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығының негіздейтін қажетті дәлелдер келтіру керек. Олай болмаса, тағылған кінә негізсіз болып шығады.

Жеткілікті негіз заңының формуласы мынадай:

Егер В болса, онда оның дәлелі болуы тиіс.

Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады. Табиғатта барлық нәрселердің өзіне лайық шынайы негізі болатын сияқты, болмысты бейнелейтін біздің ойымыз да негізі болуы тиіс.

Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларда алуға болады?

Ең алдымен, мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірбиесін, жеке фактілерді келтіруге болады. Кейбір пікірлердің ақиқаттығын шындық фактілерімен тікелей дәлеледеуге болады. «Бұл қылмысты жасаған Н. Деген адам» деген пікірдің ақиқаттығы, мәселен, сол қылмыстың жасал,анын көрген адамның тікелей көрсетуі, куәләндіру арқылы дәлелденеді, т.б. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында тарихи фактілерді анықтауды, т.б. жиі қолданылады.

Жеткілікті негіз ретінде кқп жағдайда ғылым заңдылықтыры мен ережелер, адамдардың тәжірибелік іс-әрекетінде мыңдаған рет дәлелденген аксиомалар, мемлекеттік басқару органдары қабылдап бекіткен заңдар қолданылады. Мәселен, егер математик квадраттың диогональдары өз ара тең десе, онда ол өзінің айтқанын негіздеу үшін, тең бұрыштардың қарсысында тең қабырғалар жатады деген аксиоманы қолданар еді, өйткені квадраттың барлық бұрыштары тік болғандықтан, өзара тең болады.

Ғылым заңдары, аксиомалар бұрын әбден дәлелденген болады, оларды тағы да дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сондықтан қандай да бір жеке жағдайды негіздеу үшін ғылым заңын келтіреміз. Маселен, органикалық тіршіліктің бұдан бір жарым, екі миллиард жыл бұрын пайда болуы туралы пікірдің ақиқаттығын дәлелдеу үшін, тіршіліктің ең алғаш пайда бола бастағанын көрсететін нақты факті келтіру мүмкін емес.

Адамзаттың қоғамдық-тирихи тәжірбиесін өз заңдарымен принциптерінде тұжырымдаған ғылымның арқысында біз өз ойымызды негіздеу үшін, әрдайым тәжірбиеге жүгіне бермей, логикалық жолмен пайымдау әдіс-тәсілдерін қолданамыз.

Содықтан жазбаша баяндамада немесе ауызша сөйлейтін сөзде, мақала, шығарма жазғанда, тағы сол сияқты ой жұмыстарында бұрын талай рет тәжірбиеде тексерілген, ақиқатқа негізделген теориялық қағидаларға, заңдар мен ережелерге сүйене отырып, қорытынды жасаймыз.

Басқа пікірлердің дұрыстығын дәлелдеу үшін келтірелген пікірлерді логикалық негіз деп, ал ол негізден туатын пікірді логикалық салдар деп атайды. Логикалық негіз бен салдардың байланысы объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың себеп – салдар байланысын бейнелейтін жоғарыда айттық. Бірақ әрдайым логикалық негіз объективтік негіз логикалық салдар түрінде болып келеді. Мәселен, «Далада жаңбыр жауып тұр, өйткені үйдің шатыры су болып қалыпты» дейміз немесе «Біз іздеп жүрген автомашина мына жерде тұрыпты, өйткені оның ізі түсіп қалыпты» деп топшылайды қылмысты тергеуші. Ал, шындығында шатырдың су болуы мен автомашинаның ізі себеп емес, салдар болып табылады. Сондықтан логикалық негіз бен салдардан ажырата білу қажет.

Логикалық негіз болмыстағы құбылыстардың дұрыс бейнесі болса ғана, жеткілікті негіз бола алады, екінші сөзбен айтқанда, әрбір логикалық негіз әрдайым шынайы негізбен байланысты.

Жеткілікті негіз заңының ойлау процесінде аса зор теориялық және тәжірбиелік маңызы бар. Біреуді өзіздің айтқандарымыздың ақиқаттыңына сендіру керек болатын әрбір жағдайда сол айтқандарымызды дәлелдеуіміз керек.

Жеткілікті негіз заңы – еш нәрсемен дәлелденбеген пікірлерге сеніп, оларды қабылдай салатын логикасыз ойларға, әр түрлі нанымдарға, ырымшылдық пен жоққа сенушілікке қарсы бағытталған заң.

Біздің заманымызда да жоққа сенетін, ырымшыл адамдар аз емес, қазіргі кезде олар тіпті көбейіп барады. Олар, мәселен, айна сынса, бақытсыздыққа арасында ешқандай себепті байланыс жоқ. Логика – жоққа сенушілік пен жалған нанымның дұшпаны. Сондықтан ол әрбір пікірдің дәлелді болуы үшін «содан кейін, демек, соның себебіне» деген логикалық қатені жібермеуді талап етеді. Бұл соңғы қате уақыт жағынан бірінен кейін бірі болатын екі құбылыстың өзара байланысы болмаса да, бірін себеп, екіншісін салдар деп дұрыс түсінбеуден туады.

Бұл жөнінде орыстың ХІХ ғасырдағы атақты жазушы Н.Г.Чернышевский « Ырымшылдық және логиканың ережелері» деген еңбегінде ежелгі римдіктердің өмірінен мынандай мысал келтіреді. Ежелгі римдіктер әскерінің оң жағында қарқылдап отырған қарғаны көргенде, ұрыста жеңіліп қалыпты, келесі жылы қарға сол жақта отырып қарқылдаса, ұрыста жеңіп шығыпты. Осыдан кейін римдіктер: «Оң жақтан қарқылдаған қарға жеңіліс әкеледі, сол жақтан қарқылдаған қарға жеңіс әкеледі» деген қорытынды жасаған екен.

Жеткілікті негіз заңының талаптарын бұлжытпай орындаудың сот – тергеу тәжірбиесінде атқаратын рөлі орасан зор. Ең алдымен, соттың немесе тергеу ісінің әрбір қорытындысы негізді болуы тиіс. Жазаланушының қылмысты екендігі туралы материалды оның жұмысын бұлтартпай дәледейтін жеткілікті мәліметтер болуы қажет. Олай болмаса, кінәлау дұрыс деп есептелмейді.

Біз қарастырып өткен төрт заңның дұрыс ойлауға қоятын айқындылық, қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптары ойлаудың ұғым, пікір, ойқорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп отырады. Мысалы, бұл заңдар ұғымдардың арасындағы қатынастарды қарастырғанда, ұғымды анықтағанда, пікірлердің арасындағы қатынастарды, ойқорытындылар мен дәлелдеулердің жеке түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, т.б қолданылады. Сол себепті бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын берік меңгеріп, біліп алған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]