Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары

4.1 Логикалық заң туралы түсінік

Материялық дүниенің біздің санамыздан тыс және тәуелсіз өмір сүретіні, ал біздің ойымыз материялық дүниедегі нәрселермен құбылыстардың адам миында бейнеленуі екені бірінші тарауда айтылды.

Объективті дүние дегеніміз - байланысты, тұтас, бір бүтін нәрсе. Ондағы нәрселер мен құбылыстар бір-біріне тәуелді, бір-бірімен шарттас және қозғалыста, дамуда болады. Сыртқы дүниедегі нәрселердің қозғалысы мен дамуы белгілі бір заңдар бойынша жүреді. Егер біздің ойымыз бұл заңдарды дұрыс бейнелесе, онда біз оларды біле аламыз.

Алайда, ойлау болмысты тек дұрыс қана қоймай, бұрыс бенеленуіде мүмкін. Сондықтан ойлау дұрыс болғанда, оның қандай қасиеттері болатынын анықтаудың біз үшін үлкен маңызы бар. Бұл заңдарды біліп алғаннан кейін, оларды саналы түрде пайдалануға және соның арқасында өзімізді қоршаған дүниені дұрыс тануға болады.

Табиғаттың заңдары сияқты ойлау заңдарын да ешкім ойдан шығармаған. Ойлау заңдары материялық нәрселердің қажетті байланыстарының адам санасында бейнеленуі болып табылады.

Логикалық ойдаудың негізгі төрт заңын зерттейді. Олар: тепе-теңдік заңы, қайшылық заңы, үшіншісі жоқ заң және жеткілікті негіз заңы. Бұл заңдар дұрыс ойлаудың негізгі сапаларын, яғни, біздің ойымыздың анықтығын, қайшылыұсыздыңын, дәйектілігін және негізділігін білдіреді.

Ойлау дұрыс болуы үшін, ол аса не дәл анық, қатаң дәйекті болып, пікір тақырыбынан ауытқып кетпеуі керек және ойлауда логикалық қайшылықтар мен екіұштылық болуы тиіс. Біздің пікірлеріміз бен ойқорытындыларымыз дәлелді болуы керек, онсыз олардың сенімді болуы мүмкін емес.

Логикалық заңдар - дұрыс ойлаудың негізгі шарты.

4.2 Тепе-теңдік заңы

Бізді қоршаған дүниеде, табиғат пен қоғамда барлық нәрселер мәңгі және тоқтаусыз қозғалыста, өзгерісте болады. Қозғалыс дегеніміз – материяның мәңгі және өзіне тән табиғи қасиеті. Дүние – қозғалып тұрған материя.

Бірақ мәңгі қозғалыс процесінде болатын материялық денелер сонымен бірге уақытша белгілі бір тепе-теңдік күйінде және салыстырмалы тыныштықта болуы мүмкін. Мәселен, біз өзіміздың қай танысымызды алсақ та, ол жыл сайын өзгеріп тұрады. Бірақ, біз оны өзіміз танитын және танымайтын басқа адамдардан бәрібір ажырата аламыз: себебі ол танысымыздың бойында өзінің негізгі сипаттары өмір бойы сақталып қала береді. Сондықтан да біз оны тани аламыз.

Өсіп тұрған ағаш үздіксіз өзгеріп, дамуда болғанымен, ағаш болудан өзгермейді.

Міне, осы сияқта болмыстағы нәрселердің салыстырмалы тұрақтылығы, орнықтылығы, анықтылығы біздің санамызда тепе-теңдік заңы түрінде бейнеленеді. Бұл заң біздің ойларымыздың анықтығын және олардың белгілі бір пікірлеу процесіндегі тұрақтылығын көрсетеді.

Болмыстың кейбір құбылысы туралы дұрыс пайымдай отырып, біз өзіміздің ойымызда зерттеп отырған нәрсені басқа нәрсемен ауыстырмайиыз, әр түрлі ұғымды араластырып жібермейміз, екіұшты ойлаймыз. Ойлаудың дәл, анық болуы-дұрыс ойлаудың заңы.

Бұл заңның тұжырымдамасы мынадай:

Белгілі бір пікірлеуде, пікірталаста, әңгіме әрбір ұңым бір мағынада ғана қолданылуы қажет, яңни, өзіне-өзі тең болуы тиіс. Тепе-теңдік заңын А дегеніміз А немесе А=А деген формула түрінде бейнелеу қабыл алынған. Мұндағы А кез келеген ойды білдіреді.

Бұл нағыз қарапайым шартты әрбір жазушы, әрбір баяндамашы, әрбір жарыссөзде, әңгімелеуде, таластарда, тағы сол сияқты пікір алысуларда сөйлеушілер орындаулары тиіс.

Әсіресе, біздің тілімізді бір емес, бірнеше мағыналы сөздердік бар екенін еске алсақ, бұл міндетті шартты орындаудың қажеттігі өзінен-өзі түсінікті болады.

Мысал үшіни төмендегі пікірлерді алайық:

«Барлық жанартаулар-тау, ал барлық гейзерлер – жанартаулар болғандықтан, барлық гейзерлер – тау болады».

Бұл пікірлерді төмендегі формаға келтірейік:

Барлық жанартаулар-тау.

Барлық гейзерлер – жанартаулар

Олай болса, барлық гейзерлер – тау.

Бұл қорытынды («барлық гейзерлер – тау») дұрыс емес, өйткені гейзерлердің тау емес екні белгілі. Мұндай жалған қорытындың шығу себебі пікірлеуде тепе-теңдік заңы бұзылған, яғни, логикалық қате жіберілген, оны ұғымды алмастыру деп атайды.

Мұның мәні мынада: пікірлеуде «жанартаулар» деген сөз әр түрлі екі үмағынада қолданылған. Бірніші пікірде «жанартаулар» деген жердің белгілі қатапары ретінде айтылған, ал екінші пікірде «жанартаулар» деп жанартаудаң атылуы процесі айтылып тұр. Ұғымның алмасып кетуі нәтижесінде, яғни, сөздің мәні ауысқандықтан, «жанартаулар» деген сөз екіұшты мағынада қолданылып отыр. Сондықтан мәні жағынан да, формасы жағынан да дұрыс болмай тұр.

Ұғымды алмастыру қатесі білместіктен болуы немесе әдейі жасалуы мүмкін. Мәселен, адамдар көбінесе, өмір тәжірбиесіне, т.б. байланысты «өсек» деген ұғымды түрліше түсінуі мүмкін. Заңгер өсек деп жазықсыз біреудің абыройын төгетін, ойдан шығарылған жалған пікір таратуға, байланысты қылмысты әрекетті түсінеді, ал заңгер емес қатардағы азамат кез келген қтірікті өсек деп түсінеді. Кейбір ұғымдарды тергеуші бір мағынада, ал айыпкер немесе куәгерлер дәл мағынасын білмей, басқа мағынада түсінгендіктен, дауласуға дейін баратын жағдайларда кездеседі. Бұл түсінбеушілік қаралап отырған істің дұрыс шешілуіне кедергі болады.

Ұғымның мазмұнын дұрыс түсінбегендіктен туатын «ұғымдарды алмастырып алу» қатесі логикада «паралогизм» деп аталатын, яғни, паралогизм – білместіктен туатын логикалық қате.

Кейде тепе-теңдік заңы саналы түрде, әдейі бқзылады. Осы істі ақиқат жағдайын бұрмалағысы келген адамдар істейді. Ондай қате «софизм» деп аталады. Мәселен, өзінің әңгімелескен адамын біле тұра шатастыру мақсатымен бұрыс пікірлеуге грек софистері өте шебер болған. «Софизм» деген сөз, яғни, біле тұра істелетін логикалық өате осыдан шыққан. Софистер өздерінің пікірлеуінде ылғи әр түрлі мағынадағы ұғымдарды қолданған. Мысал үшін «мүйізді» деген софизмді талдайық:

Неңдң жоғалтпасаң, сол өзіңде бар,

Сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың.

Олай болса, санің мүйізің бар.

Сызықтың астында жазылған қорытынды – көрер көзге қате. Мұндағы софистердің айласы «жоғалту» деген сөздің екіұшты талқылануына негізделеген. Бірінші жолдағы «жоғалту» деген сөз адамда бар нәрселерге арналған және оларды адам жоғалқан жоқ, ал екінші жолдағы «жоғалту» адамда еш уақытта болмаған нәрселерге арналған. Қорытындының дұрыс болуының мүмкін еместігі сондықтан.

Софистикалық айла қолдану – сот, тергеу ісінде жиі кездесетін жағдай.

Кейбір әккі айыпкерлер өзінің қарсылысына жала жауып: «Ол – ежелден маған жұлдызы қарсы адам, айтып тұрғанының бәрі өтірік, өсек» деп, ұғымына теріс мазмұн беріп, тергеу жұмысын шатастыруға тырысады.

Дұрыс ойлаудың софистикамен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Кімді кім айналадағы дұние туралы және оның заңдылықтары туралы ақиқат білім ал,ысы келсе, екіұшты, көмексі, тиянақсыз пікірлеуден аулақ болуы тиіс.

Қандай да бір ғылымда немесе пікірлеуде болсын, ұғымның анықтығы – аса маңызды нәрсе. Сондықтан тепе-теңдің заңын бұлжытпай орындау өте қажет.

Бірақ тепе – теңдік заңын біздің ұғымымыз, ойымыз әрқашан тұрақты, өзгермейтін мазмұнды сақтап қалуы тиіс деп, теріс түсінуге болмайды. Тепе- теңдңк заңын былай түсіндіру – метафизикалық көзқарасқа тән нәрсе. Ф.Энгельс тепе – теңдік заңыны метафизикалық түсінігін былай сынаған болатын: «Ескі метафизикалық мағынада тепе- теңдік принципі А=А деп түсінетін ескі дүниетанымның негізгі принципі болып табылады. Әрбір зат өзіне – өзі тең. Күн жүйесі, жұлдыздар, ағзалар бәрі де тұрақты деп есептеледі. Жаратылыстану әрбір жеке жағдайда бұл принципті қадам басқан сайын бекерге шығарады».

Тепе – теңдік заңының ескі метафизикалық түсінігі ғылыми – диалектикалық түсінікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл заңның диалектикалық түсінігі бойынша, біздің ұғымдарымыздың, ойларымыздың мазмұны сол ұғымдар мен ойда бейнеленген нәрселердің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Оның үстіне біздің дүниетанымымыздың тереңдей түсінуіне байланыстыда өзгеріп отырады. Бірақ нәрселерге тән мәнді белгілердің сақталуына байланысты олар өзінің сапалық айқындылығын жоғалтпайды да, біз оларды басқа нәрселермен шатастырмаймыз.

Тепе – теңдік заңын дұрыс қолдану біздің ойымыздың анықтығын және дәлдігін қамтамасыз етеді. Бұл заңның ғылыми - диалектикалық түсіндірмесі, міне, осындай.

Заңгерлердің жұмысында тепе – теңдік заңының талаптарын орындаудың маңызы ерекше зор. Мәселен, қылмысты тергеу тәжірибесінде қылмыскерді немесе өлікті, түрліше бұйымдарды куәгерге немесе жіберілген адамға таныту әдісі жиі қолданылады. Тепе – теңдік заңына негізделген бұл тергеу амалының мәні сол, шын қылмыскер мен күдікті адамның тепе – тең екендігі, жоғалып кеткен адам мен табылған өліктің бір адам екендігін, ұрылардан алынған заттардың ішінен иесінің өз мүлкін дәл тануын анықтау қажет. Бұл істің қиындығынан кейде қателіктер де болмай тұрмайды,өйткені жәбірленген адам немесе куә қылмыскердің түр – түсін есінде сақтай алмауы салдарынан шын қылмыскерді танымай, оның орнына басқа біреуді көрсетуі мүмкін.

Бір мысал. Жаздың бір қараңғы түнінде Н. Және А. Деген екі қыз бала орманның ішіндегі жолмен үйіне қайтып келе жатады. Ауылға бір шақырымдай қалғанда, орман ішінен үш ересек кісі шыға келеді де, қыздарға тап береді. А. Деген қыз қстатпай, қашып құтылып, үйіне келіп, Н-ның әке-шешесіне болған оқиғаны хабалайды. Н-ның әкесі қолына мылтығын алып, әйелі мен А-ны етіп, оқиға болған жерге ертіп келе жатқанда, ауылдың шетінде В., К. Және О. деген үш жас жігіт алдыларынан кездесе кетеді. Н-ның әкесі А-дан шабуыл жасаған осылар емес пе деп сұрағанда, А. осылар деп жауап береді. Үш жігіт тұтқынға алынады. Кейбір дәлелдер осыларды кінәлауға негіз болады: олар оқиға болған жақтан келе жатты, олар да үшеу және оларды А. таныды. Алайда, кейіннен жүргізілген тергеу ол үшеуінің болған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екнін, қылмысты жоқ екнін, қылмысты басқалар жасағандығын анықтады.

Тергеу тәжірбиесінде адамдардың немесе нәрселердің ұқсастығын (тепе-теңдігін) анықтаудың маңызы зор., өйткені осы әдістің көмегімен айыпкерден табылған хатоның қолымен жазылғаны немесе өліктің денесінен алынған оқ сараптамаға берілген тапаншадан атылғаны т.б. анықталады. Тепе-теңдік заңы негізеделген мұндай зерттеу көбінесе қылмысты зерттеуде шешуші рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]