- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
Біз әр түрлі пікірлерде бір немесе бірнеше нәрсе жайында не болмаса белгілі бір топтың нәрселері туралы қандайда бір қасиет, белгі жинақталатынын (терістелетінін) көрдік. Басқаша айтқанда, пікірдің бастауышында біз бір не бірнеше нәрселердің немесе белгілі бір топтың нәрселерінің барлығын бейнелейміз.
Бастауыш немесе баяндауыш термині белгілі бір топтың нәрселерін тегіс қамтымай, тек олардың бір бөлігін ғана қамтыса, онда бастауыш немесе баяндауыш толық көлемде алынбаған, яғни, нәрс лердің барлығына бірдей таратылмаған делінеді. Мысалы, « Кейбір ұшақтардың реактивтік двигательдері бар» деген пікірде бастауыш таратылмаған , өйткені ол пікірде ұшақтардың барлығы туралы емес, тек кейбіреулері туралы ғана сөз болып отыр.
Ал, бастауыш пен баяндауыш топ нәрселерінің барлығын қамтыса, онда бастауыштың көлемі толық алынған немесе нәрселердің бәріне таратылған делінеді. Мысалы, « ұшақтың бәрі де ауадан ауыр» деген пікірде бастауыш таратылған, өйткені онда барлық ұшақтар туралы айтылады. Ал баяндауыш таратылмаған , өйткені ұшақтан басқа да ауадан ауыр нәрселер көп.
Пікірге енген терминдердің таратылғанын білудің пікірдің мәнін жете түсінуге көмегі бар. Пікір термині нәрселердің бұкіл класын қамтима, немесе тек оның бір бөлігін ғана қамти ма – мұны анықтаудың қашан да болсын маңызы зор, әсіресе ойқорытындыларда аса қажетті болады.
Пікірдің формсын өзгерту ( қайтадан екінші түрде құру) керек болған жағдайда пікір терминдерінің таралуын білу өте қажет болады. Мәселен, , жалпы пікірді ішінара пікірге өзгерту - ойлау практикасында жиі кездесіп отырады. Мысалы, « Металдардың барлығы да элемент» деген жалпы пікірді « Кейбір элементтер металл» деп ішінара пікірге өзгертуге болады.
Ал «Металдың барлығы да -элемент» делінген пікірді « Элементтердің барлығы да- металл» деп өзгертуге болмайды. Себебі: « Металдың барлығы да – элемент» деген пікірде « элемент» термині толық көлемінде алынбаған , яғни, таратылмаған. Сондықтан пікірдің өзгерген формасында элемент термині пікірдің субьектісін көрсетсе, онда ол терминді толық көлемінде алуға болмайды, « кейбір» деген сөзді қосу керек.
Пікірде енген терминдердің таратылғанын білу өзіміздің пікірлерімізді дұрысырақ құруға мүмкіндік береді.
Мынадай екі пікірді талдап көрейік.
«Бір клеткалардың барлығы да жай бөліну мен көбейеді».
«Амебаның барлығы да- бір клеткалы».
Осы пікірлерді байланыстырып, мынадай қорытынды жасауға болады:
«Амебаның барлығы да жай бөлінумен көбейеді» .
Бұл пікірлердің нәтижесінде біз дұрыс қорытындыға келдік. Оның үстіне, алғашқы екі пікірдің мәніне қарағанда , біз жаңа білім алдық.
Ал енді мынадай екі пікірден біз ешқандай жаңа білім алмаймыз:
« Амебаның барлығы да- бір клеткалы».
« Инфузория- бір клеткалы».
Неліктен алғашқы екі пікірден біз ешқандай жаңа ( үшінші) ақиқат пікір туады да, сонғы екі пікірден ондай қорытынды тууы мүмкін емес?
Себебі , бірінші пікірлерде екі рет алынған « бір клеткалы» деген термин екі пікірдің екеуінде де таратылмаған. « Амебаның барлығы да – бір клеткалы» деген пікірде біз амеба « бір клеткалардың бір бөлігі екенін білеміз» , «Инфузория- бір клеткалы» деген пікірден біз инфузория да « бір клеткалылардың » бөлігі ғана екенін білеміз. Бірақ осы бөліктердің қандай екені, олардың бір- бірімен қандай қатынаста екендігі берілген пікірлерден көрінбейді. Олай болғанда, жаңа білім алу үшін « бір клеткалылар» деген термин « барлық амебалар» және « инфузория» деген екі терминді керегінше байланыстыра алмайды.
Жалпы бұл жөнінде ойқорытындылар туралы тарауды өткенде жергілікті айтылады, себебі терминдердің таралуы дұрыс ойқорытынды жасаудың негізгі бір шарты болып табылады.
Енді жалпы қостаушы , жалпы терістеуші, ішінара қостаушы ішінара терістеуші пікірлердегі бастауыш пен баяндауыш терминдерінің таратылуын қарастырайық.
Жалпы қостаушы пікірлерде бастауыш таратылған болады.
Бұл айтылған пікірдің формуласынан- ақ көрініп тұр: « Барлық S дегеніміз P», өйткені бұл пікірде қалай да болмасын бір топтың барлық нәрселері туралы әңгіме болып отыр. Мысалы, « Автомобильдердің бәрінің де двигателі бар» деген пікірде бастауыш барлық көлемімен алынып отыр, ол барлық автомобиьдерді қамтыған, сондықтан ол таратылған терминге жатады.
Жалпы қостаушы пікірдің баяндауышы таратылған болуы да, таратылмаған болуы да мүмкін.
а) Баяндауышының көлемі бастауышының көлемінен кең болатын жалпы қостаушы пікірлерде баяндауыш таратылмаған болады.
« Барлық галгендер- химиялық элементтер» деген пікірде баяндауыш барлық көлемде алынбай отыр, өйткені, пікірде ( химиялық элементтердің бәрі де галогендер деп ) сөз химиялық элементтердің барлығы жөнінде болмай отыр; басқа сөзбен айтқанда , мұндай пікірде баяндауыш таратылмаған болады. Бұл пікірде бастауыш mүр, ал баяндауыш тек болып отыр.
Пікірдің бастауышы мен баяндауышының арасындағы мұндай қатынасты 10- суреттегідей екі шеңбер түрінде көрсетіге болады.
ә) Баяндауышының көлемі бастауышының көлеміне тең болып келетін жалпы қостаушы пікірлерде баяндауышы таратылған болады.
« Дөңгелектің бәрі де бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің геометриялық орны болып табылады» деген пікірде баяндауыш бүкіл көлеміне алынған, өйткені бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің барлық геометриялық орны дөңгелек болып табылады, демек пікірде сөз бірдей қашықтықта жатқан барлық нүктелердің геометриялық орны туралы болып отыр. Ұғымның анықтамасы түрінде болып келетін жалпы қостаушы пікірлердің баяндауышы да таратылған болады, өйткені « анықтама тепе- тең болуы тиіс» деген ереже осыны талап етеді.
Пікірдің бастауышы мен баяндауышының арасындағы мұндай қатынасы бірі мен бірі үлес келген екі шеңбер ( 11- сурет) түрінде көрсетуге болады.
Ішінара қостаушы пікірлерде бастауыш таратылмаған болады.
Ондай пікірлерде бастауыштың таратылмағаны оның « Кейбір S дегеніміз P» формуласының өзінен- ақ анық көрініп тұр. Пікірде сөз нәрселердің бүкіл тобы туралы ғана болып отыр. Мысалы, « Кейбір әңгімелер қызықты болады» делінген пікірде қызықтысы әңгіменің бәрі қызықты емес, тек олардың кейбіреулері ғана екені бірден көрініп тұр
үйлесімділік (тепе-теңдік); жарым-жартылай үйлесімділік; логикалық бағыныштылық. Үйлесім сіздік екеі түрге бөлінеді: қарама-қайшылық және қайшылық қатынастар. Мынадай екі пікірді қарастырып көрейік.
«бірде-бір өсімдік ауасыз тіршілік ете алмайды».
«гүлді өсімдіктер ауасыз тіршілік ете алмайды».
Бұл екі пікір дің еркшелігі неде? Бірінші пікірде бейнеленген нәрсе (S-барлық өсімдіктер) екінші пікірде бейнеленген нәрсе (S-гүлді өсімдіктер) жөнінде бағындырушы болады. Мұндай пікірлер бағыныңқы қатыста болады.
Енді мынадай екі пікірде қарастырайық:
«мына қағаз ақ»
«мына қағаз ақ емес».
Бұл пікірлерге тән ерекшелік не? Екінші пікірдің бірінші пікірді бүтіндей теріске шығаруда. Олардың арасында аралық ешбір нәрсе жоқ, қағаз не ақ, не ақ емес. Шынында, қандай болса да, екінші, үшінші түсті атасақ та (көк, қызыл, көгілдір) бәрібір олар «ақ емес» деген жалпы ұғымға жатады.
Бір мезгілде бір нәрсе туралы бірінің теріске шығарғанын екінші қостайтын екі пікір қайшы пікірлер деп аталады. Олар келіспеушілік қатынаста болатын пікірлердің бірінші тобын құрады.
Бірақ келіспеушілік қатынаста басқа формада да көріну мүмкін. Оны мынадай екі пікірдің мысалынан көруге болады.
«мына қағаз ақ»
«мына қағаз қара»
Мұндай пікірлер қарама-қарсы пікірлер деп аталады. Бұл жерде екінші пікір бірінші пікірді теріске шығарып отыр, бірақ қайшы пікірлерден мұндағы айырмашылық сол, екінші пікір бірінші пікірде тек теріске шығарумен ғана тоқтап қалмай, сонымен қатар, басқа бір нәрсені қостайды. Біз қағаздың, шынында, ақ емес екенін білеміз, бірақ сонымен қатар қағаздың қара екендігі де бізге мәлім болып отыр.
Тағы басқа да айырмашы бар. Егер қайшы пікірлердің арасында аралық пікір бола алмайтын болса, қарама-қарсылық жағдайда аралық пікір болуы мүмкін. Қағаз сұр, ашық сұр, күңгірт сұр түсті, т.б. бола алады.
Пікірлердің арасындағы қатынастарды білу бізге қандай пікірдің болсын шындығын тезірек ашуға көмектеседі.
Бізде мынадай пікір таласы туды дейік:
«біздің топтың барлық оқушылары математикадан үйге берілген есептерді шығарды».
«біздің топтың кейбір оқушылары математикадан үйге берілген есептерді шығарған жоқ».
Бұл пікірдің екеуі бірдей ақиқат бола алмайтынын байқау қыйын емес. Шыдығында да, егер есепті оқушылардың барлығы бірдей шығарған болса, онда есепті шығармаған оқушының жоқ болғаны. Керісінше, оқушылардың есепті оқушылардың біреуі шығармаса да, нда есепті оқушылардың барлығы бірдей шығарды деп айтуға болмайды.
Демек, егер бірінші пікір ақиқат болса, онбда екінші жалған, егерде екіншісі ақиқат болса, онда біріншісі жалған; бұл екі пікір бірден бір мезгілдің ішінде ақиқат бола алмайды.
Сондай-ақ, бұл пікірлердің екеуі де жалған бола алмайды. Дұрысында да, егер «оқушылардың барлығы да үйге берілген есептерді шығарды» деген пікір жалған болса, онда оқушылардың арасында берілген есепті шығармағандары да болғаны, ал олай болғанда, «кейбір оқушылар үйге берілген есептерді шығарған жоқ» деген пікір лажсыздан ақиқат болады. Керісінше, егер «кейбір оқушылар үйге берілген есептерді шығарған жоқ» деген пікір жалған болса, онда «оқушылардың барлығы да үйге берілген есептерді шығарды» деген пікір ақиқат болғаны. Демек, бұл пікір бірдей жалған бола алмайды. Екеуінің бірі лажсыздан ақиқат болуға тиіс.
Бұл қарастырылаған пікірлер қайшы пікірлер тобына жатады. Қайшы пікірлерді салыстырудан мынадай ереже шығаруға болады:
Екі қайшы пікірдің екеуі де бірдей ақиқат бола алмауы былай тұрсын, екеуі бірдей жалған да бола алмайды; егер қайшы пікірлердің бірі ақиқат болса, екінші жалған болады.
Қарама-қарсы пікірлерге бұл ереже қолданылмайды.
Өзімізге таныс қарама-қарсы пікірлерді алайық:
«мына қағаз ақ» және «мына қағаз қара».
Бұл екі пікірдің екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қағаз не ақ, не қара болады. Егер «қағаз ақ» деген ақиқат болса, онда лажсыздан «қағаз қара» деген пікір жалған болып шығады. Бірақ қайшы пікірлерден бұлардың айырмашылығы сол, қарама-қарсы пікірлердің екеуі де жалған болып қалуы мүмкін.
Қарама-қарсы пікірлерді салыстырудан олардың мынадай ережесін шығаруға болады:
Қарама-қарсы екі пікір бірдей ақиьқат бола алмайды, бірақ олардың екеуі бірдей жалған бола алады; Қарама-қарсы пікірлердің бірінің жалғандығынан екіншісінің жалғандығынан екіншсінің ақиқаттығы туралы қорытында жасауға тіпті болмайды.
Біз енді бағынышты пікірлердің арасындағы қатынастардың ережелерімен танысайық.
Мысал үшін мынадай екі пікірді алайық:
«сұйықтардың барлығы да серпімді».
«кейбір сұйықтар серпімді».
Сұйықтардың барлығы серпімді» деген бағындырушы пікірді ақиқат деп есептейік. Онда кейбір сұйықтар серпімді деген бағыныңқы пікір де ақиқат екені сөзсіз. Мұнымен қатар «кейбір» деген сөзді «ең болмағанда біразы» деген мағынада түсіну керек екені есте болуы керек. Терістеуші пікірлерді салыстырғанда да, осындай қатынас шығады.
Егер «Сібір өзендерінің ешқайсысы да оңтүстікке қарай ақпайды» деген пікір анықталса, онда «Сібір өзендерінің кейбіреулері оңтүстікке қарай ақпайды» (ең болағаньда біразы) деген пікірлердің ақиқат болуында күмән жоқ.
Бағыныңқы қатынастағы пікірлері қолданған кезде міндетті түрде есте болатын бірқатар ережелер бар.
Жалпы пікірлердің ақиқаттығынан оған бағынышты ішінара пікірдің ақиқаттығы келіп шағады.
Мысалы, егер «барлық галогендер химиялық элементтер» деген пікір ақиқат болса, онда «кейбір галогенде химиялық элементтер» деген пікір де ақиқат.
Ішінара пікірдің жалғандығынан бағындырушы жалпы пікірдің жалғандығы келіп шығады.
Мысалы, «кейбір ағаштар азотты керек етпейді» деген пікір жалған болса, онда «барлық ағаштар азотты керек етпейді» деген пікірде жалған.
Бағынышты пікірдің ақиқаттығынан бағындырушы жалпы пікірдің ақиқат болу қажеттігі келіп шықпайды.
Мысалы, «біздің мектептің кейбір оқушылары стенографияны біледі» деген пікірдің ақиқаттығынан «біздің мектептің барлық оқушылары стенографияны біледі» деген жалпы пікірдің ақиқаттығы тіпті шықпайды.
Жалпы пікірдің жалғандығынан оған бағынышты ішінара пікірдің жалғандығы шықпайды.
Шынында да, мынадай пікірді алайық:
«Біздің сыныптың оқушыларының барлығы спортпен айналысады».
Бұл пікірді біз жалған деп алайық. Сонда бағыныңқы ішінара пікір қалай болмақшы? «Бізідң сыныптың оқушылары спорт пен айналысады» деген пікірдің ақиқат блатынын немесе жалған болатынын біз айта алмаймыз.
Пікірлер арасындағы қатынастардың негізгі түрлері және сөйлеу тілін де көп қолданылатын әр түрлі пікірлерді салыстыруды кейбір ережелері, міне, осынрдай. Салыстырылған пікірлерден тез және қатесіз қорытынды шығарып үйрену үшін, оларды жақсы біру керек.
Бастауышы мен баяндауышы бір, ал сапалары мен саны түрліше пікірлердің араларындағы қатынастарды есте сақтауды оңайлату үшін, кей кезде «логикалық квадрат» деп аталатын сызбаны пайдаланады.
Бұл квадраттың сызбасы мынадай: сол жақтағы жоғары бұрыш А аріпімен (жалпы қос таушы пікір), оң жақ жоғары бұрыш. Е әріпімен (жалпы теріс еу ші пікір), сол жақтағы төменгі бұрыш І іріпі мен (шынара қостаушы пікір) және оң жақтағы төменгі бұрыш О әріпімен (ішінара терістеуші піткір) белгіленеді.
Бұл квадраттағы әрбір сызық пікірлердің екі түрінің арасындағы қатынасты көрсетеді.
Мысалы, А мен І пікірлері, Е мен О пікірлері бағынышты қатынастардан тұрады. Бұл суреттенде көрініп тұр: А пікірі І пікірімен жоғарыдан төмен қарай жүргізілген сызық бойынша қосылған. А және І пікірлері қарама қарсы немесе қарсы пікірлер және ақырында, А мен О және Е мен І пікірлері қайшы пікірлер болады. Мұны бұрыштан бұрышқа тартылған диоганаль сызықтар көрсетеді.
Логикалық квадрат есте сақтауды жеңілдететін амал, оның басқа ешбір мәні жоқ.
