Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері

Әрбір пікірде сапа белгісі бар, яғни пікір әрқашан да қостаушы немесе терістеуші болады. Сонымен қатар, әрбір пікірдің сан белгісі бар.

Осы екі белгіні (сапасы мен санын) ескере отырып, біз пікірдің барлығын негізгі төрт түрге: жалпы қостаушы, ішінара қостаушы, жалпы терістеуші, ішінара терістеуші пікірлерге бөлеміз.

Мысалдардан қарастырайық:

1) «Студенттердің бәрі - оқушы».

Бұл пікірде студенттердің барлығына оқушылық сапа тән екендігі қосталады.

Бұл сияқты бірден бірден әрі жалпы, әрі қостаушы болған пікір жалпы қостаушы пікір деп аталады. Жалпы қостаушы пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Барлық S дегеніміз Р.

2) «Өндірістің кейбір жұмысшылары – қазақтар».

Бұл пікірде жұмысшылардың кейбіреулері қазақтан шыққандығы қосталады.

Бұл сияқты бірден әрі ішінара, әрі қостаушы болған пікір ішінара қостаушы пікір деп аталады.

Ішінара қостаушы пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Кейбір S дегеніміз Р болады.

3) «Ешбір құбылыс себепсіз болмайды».

Бұл пікірде дүниедегі құбылыстардырдың бәрінің де себепсіз пайда болу мүмкіншілігі терістеледі.

Бірден әрі жалпы, әрі терістеуші пікір жалпы терістеуші пікір деп аталады.

Жалпы терістеуші пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Ешбір S дегеніміз Р емес.

4) «Кейбір оқушылар шахмет ойнай білмейді».

Бұл пікірде оқушылардың бір бөлігінің шахмат ойнай білу сияқты қасиеті терістелінеді.

Бірден әрі ішінара, әрі терістеуші пікір ішінара терістеуші пікір деп аталады.

Ішінара терістеуші пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Кейбір S дегеніміз Р емес.

Қысқартылған айту үшін пікірдің бұл төрт түрінің әрқайсысы бір әріппен белгіленеді:

А – жалпы қостаушы пікір ( affirmо деген латын сөзінің бірінші дауысты әрпі, «қостаймын» деген сөз).

І – ішінара қостаушы пікір (affirmо деген сөздің екінші дауысты әрпі).

Е – жалпы терістеуші пікір (nego деген латын сөзінің бірінші дауысты әрпі, «теріске шығарамын» деген сөз).

О – ішінара терістеуші пікір (nego деген сөздің екінші дауысты әрпі).

3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу

Пікірде нәрсенің және оның қасиеттерінің обьективтік байланысы, сыртқы дүние нәрселерінің, құбылыстарының араларындағы қатынастар мен байланыстар бейнеленеді. Бірақ бір нрсе мен оның қасиетінің байланысын немесе нәрселер арасындағы қатынастарды адам қашан да болсын бірден біле алмайды. Ұйғарудан, болжаудан адам обьективті болмыстың заңды байланыстарын және қатынастарын айқындауға бағыт алып отырады.

Нәрсенің және оның белгілерінің байланысы тек мүмкін түрде ғана ұйғарылса, онда адам өз ойын мынадай формада айтады: S бәлкім P болар. Мысалы: « Азамат Н-ның қылмыскер болуы мүмкін». « Бәлкім, ертең ауа райы жақсы болар».

Мұндай пікірлер мүмкіндік пікір ( проблемалық пікір) деп аталады. Олар арқылы біз нәрсе мен қасиет, белгінің арасындағы байланыстың тек қана ықтималдығын немесе мүмкіндігін қостаймыз. Бұл байланыстың бар екенін әзірше біз айқындағанымыз жоқ, ол әлі ұйғару түрінде. Егер біз : « Бәлкім, біздің сыныбымыз ертең Ә.Қастеев атындағы мұражайына барар» десек , онда ертең мұражайға сыныптың тіпті бармауы да мүмкін.

Мүмкіндік пікірдің ақиқаттығы күткен фактінің іске асуының пікірде көрсетілген ықтималдық дәрежесіне байланысты анықталады. Оқиғалардың ықтималдығы сол оқиғалардың болып жатқан жағдайларына байланысты.

Егер біз нәрсе мен белгі арасындағы байланысты ұйғармай, көз жетерлік етіп, ашып айтсақ, ашып айтсақ, онда біз ойымызды пікірдің мынадай формасымен білдіреміз: « Напалеон Қасиетті Елена аралында қайтыс болған». « Біздің мектепте физика кабинеті жақсы жабдықталған». « Университет кітапханасы көп жаңа кітаптар алды».

Мұндай пікірлерді шындық пікір ( ассерториялық пікір) деп аталады. Мұндай пікірде бір нәрсе мен қасиеттің шын байланыстары, істің нақты жағдайы бейнеленеді. «Санкт- Петербург Нева бойына орналасқан» деген пікірде Санкт- Петербург шын тұрған жері айтылған. Мұнда біз оқиғаны заңдылық жағынан ойламаймыз, оның тарихи шарттылығын ескермейміз. Санкт- Петербургтің салынуының түрлі себептері бар бар екенін біз жалпы алғанда, әрине, білеміз, бірақ бұл жерде біз тек фактіні ғана көрсетеміз.

Егер пікірде нәрсенің тек шын жағдайы ғана көрсетіліп қоймай, оның үстіне зат пен қасиеттің байланысының заңдылығы да көрсетілсе, онда ол пікір пікірдің едәуір жоғары формасы болып саналады. Мұндай пікірдің мысалына мыналар жатады:

«Ешбір тірі жәндік ауасыз өмір сүре алмайды». «Ой тек тілдік материалдың негізінде ғана, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүреді». « Негіздің өзгеруі мен жойылуы қондырманың өзгеруі мен жойылуына әкеліп соғады». « Барлық шар тәрізді денелердің көлеңкесі дөңгелек болады».

Мұндай пікірлер қажеттік пікір ( аподиктикалық пікір) деп аталады. Мұндай пікірде біз нәрсе мен оның қасиетінің арасындағы заңды байланысты бейнелейміз. Мұндай қажеттік пікірлер формасында әрбір ғылым өзінің табиғат пен қоғам заңдары жайындағы негізгі ережелерін баяндайды.

Қажеттік пікір де, шындық пікір сияқты, анықталып болған фактілерге жататыны анық, бірақ қажетті пікірлер құбылыстардың жалпы заңдылығын, берілген құбылыстардың қажеттігін бейнелейді.

Егер мүмкіндік пікірде – болуы мүмкін нәрсе бейнеленсе, шындық пікірде – бар нәрсе , ал қажетті пікірде – бар екенін былай қойғанда, лажсыз түрде болуға тиісті нәрсе бейнеленеді.

Әрбір дұрыс пікір бір мезгілде түрліше қатынастар тұрғысынан қаралуы мүмкін.Мысалы,«М.Әуезов – «Аба жолы» эпопеясының авторы деген пікір шын, қостаушы, жекеше, кесімді пікір болып табылады. Оның формуласы: S дегеніміз P.

Кейбір пікірлердің модальдық түрін анықтағанда табиғи сөйлеу тілінде пікірдің бұл сипатын білдіру үшін алуан түрлі сөздер қолданылуы мүмкін ескеру керек. Мүмкіндікті білдіру үшін қазақ тілінде «мүмкін», «бәлкім», «солай шығар», « былай шығар» т.б. ал қажеттілікті білдіру үшін « қажетті», «болуы тиіс», «міндетті түрде», «демек», «қалайда», т.б. сөздер қолданылады. Кейде мұндай сөздер болмауы да мүмкін. Мұндай сөздердің сөйлемде қолданылуы әрдайым обьективтік мүмкіндік немесе қажеттілік жайындағы ұғымды білдіре бермейді. Сол себебті бұлар пікірлердің шын моральдығын анықтауды қиындатып, логикалық қателіктерге әкелуі мүмкін. Сондықтан пікірдің моральдығын оның мазмұнына қарай анықтаған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]