- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.3 Пікірдің түрлері.
Пікірдің бір-бірінен бірқатар өзгешіліктері болуы мүмкін және болады да. Өйткені оларда әр түрлі заттар, олардың әр түрлі қасиеттері, сондай-нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Мысалы: пікірдің субъектісінде сөз бір нәрсе туралы, бірнеше нәрселер туралы немесе нәрселердің бүкіл бір тобы туралы болуы мүмкін. Пікірдің предикаты мен байланысы белгілі бір нәрсенің немесе бірнеше нәрселердің қандайда бір қасиетінің бар немесе жоқ екенін көрсетуі мүмкін. Пікірдің субъектісі мен предикаты арасындағы қатынас нәрселер мен олардың қасиеттерінің арасындағы әр түрлі байланыстарды көрсетеді.
Пікірдің субъектісі біреу немесе бірнешеу және сондай-ақ предикаты да біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Осыған орай, пікірлер қарапайым және күрделі болып, үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым пікір бір субъектіден және бір предикаттан, ал күрделі пікір бірнеше субъектіден немесе бірнеше предикаттан тұрады. Енді пікірдің осы түрлерін қарастырып көрейік.
Қарапайым пікір және оның түрлері
Екі ғана ұйымнан (S және P) тұратын пікірлер қарапайым деп аталады. Оның құрылысы: S-P.
Бұл пікірде қосталатын немесе тіреске шығарылатын нәрсе не: оның белгісі ме, әлде нәрселердің арасындағы қатынас па, осыған қарай қарапайым пікірлер атрибутивтік пікір және қатынастық пікір болып екіге бөлінеді.
Атрибутивтік пікір дегеніміз - нәрселердің белгісі жайындағы пікір. Ол нәрсе мен оның белгісінің байланысын қостау не терістеу түрінде бейнеленеді. Мәселен: «Марат-оқу озаты», «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет», «Соттың ешқайсысы дауыс беруден бас тарта алмайды», т.б.
Атрибутивтік пікір көлемдік жағынан қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда ол нәрсе мен оның белгісінің байланысы тұрғысынан қарастырылмай, жекеше ұғымның көлемінің тектік ұғымның көлеміне ену (немесе енбеу) жағынан қарастырылады.
М
P
S
S
P
ысалы, «Қазақстан (S) - Орталық Азиядағы Мемлекет (P)». Субъект – жекеше ұғым, ол «Орталық Азиядағы мемлекет (P)» деген жалпы ұғымның көлеміне енеді (8-сурет). Ал, «Ешбір бейбітшіл мемлекет (S) соғысты қаламайды (P)» деген пікірде субъект (S) предикаттың (P) көлемінен тысқарыланады, яғни, терістеледі (9-сурет).
Шеңбер арқылы көрсету пікір терминдерінің түрлі (S пен Р – ның) арасындағы көлемдік қатынастарды түсіндіру үшін өте қолайлы, сондықтан ол логикада кеңінен қолданылады.
Қатынастардық пікір нәрселер арасында түрлі қарым – қатынастарды ( тепе – теңдік, теңсіздік, уақыттылық, кеңістік, себептік , т.б.) бейнелейді. Мысалы: «А мен В тең», « Жұмабай - сәрсеннің әкесі», «Алматы – Ташкенттен кішірек», т.б.
Қатынастық пікірдің логикалық құрылысы атрибутивтік пікірден гөрі өзгешелеу. Солай бола тұрса да оларды атрибуттық пікір түрінде де қарастыруға болады. Мысалы, «Алматы – Ташкенттен кішірек» деген мысалда «Ташкенттен кішірек» болу – Алматыға тән белгі дегенді білдіреді.
Атрибуттық
пікірлерде кейде бірнеше нәрселерге
бір белгінің тән екендігі бейнелеуі
мүмкін. Мұндай пікірлерден бір предикат
(Р) бірнеше субъектіге (S) қатысты болады.
Мысалы: «Сәрсен, Бейсен, Жомарт – заң
институтының студенттері» белгісі үш
адамға тән болып тұр. Мұны біз мынадай
формуламен көрсетеміз:
–
Р. Бұл пікірдің үш қарапайым пікірден
тұратын күрделі пікір екендігі бөліп
тастауға болады. Дәл осы сияқты кейбір
атрибутивтік пікірлерде бір субъектіге
(S) бірнеше предикаттың тән екенін
айтылады.
Мұндай пікірлер кейінірек күрделі пікірлерді арнайы өткенде толығырақ қарастырылмайды.
Дәстүрлі формаларды логикада атрибутивтік пікірді кесімді пікір деп те атаймыз.
