- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
Әрбір пікір қашан да болса грамматикалық сөйлес арқылы айтылады. Сөйлем дегеніміз – пікірдің материалдық қабығы.
Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алмайды. Тілдік материалдар бөлек жалаң пікр болмайды. Тіпті, пікірді біз ойша, іштей құраған күнде де, бәрібір ол сөздер, терминдер және сөйлемдер арқылы құралады.
Пікір мен сөйлем бір – бірімен тығыз бірлікте, өйіткені сөйлем мен пікір бірінсіз бірі жоқ: сөйлем пікірдің тілдік көрініс формасы болса, ал пікір – сөйлемнің ішкі мазмұны, ойлау мазмұны.
Бірақ пікірдің бөліктері мен сөйлем мүшелері толық сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Кейде сөйлем бір – ақ сөзден тұрады (мысалы, атаулы сөйлемдер: жарық. Тыныш. Аяз.) да онда белгілі пікрі бейнеленеді.
Тағы бір мысалды қарастырайық:
« Каспий теңізі – жер шарыгдағы ең үлкен көл ».
Бұл мысалдар логикалық бастауыш («Каспий теңізі») грамматикалық бастауышпен көрсетілген, ал логикалық баяндауыш («Жер шарындағы ең үлкен көл») сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерімен берілген, ал логикалық байланыс «болып табылады» деген сөз тіркесі айтылмастан, жазбаша түрде сызықшамен өрнектелген.
Мынадай мысалды қарастырайық:
«Бұл ел оқтын – оқтын болатын дағдарыстан құтыла алмайды».
Бұл мысалда логикалық және грамматикалық бастауыш («Бұл») сөйлемнің тұрлаусыз мүшесімен айтылған, ал теріс байланысты логикалық баяндауыш («оқтын – оқтын болатын дағдарыстан құтыла алмайды») сөйлемнің тұрлаусыз мүшесіне үйлесіп келген грамматикалық баяндауышпен айтылған.
Пікірдің ішіндегі логикалық бастауышты бөліп көрсету үшін мынадай сұраққа жауап беру керек: «Берілген пікірдің тақырыбы не ?».
Екінші мысалда сөз бір ел туралы болып отыр, демек, сол ел туралы болған ой берілген логикалық бастауышы болады. Ал пікірдің қалған бөлімнің барлығы, яғни, пікіріміздің тақырыбы жөнінде не қосталса, сының бәрі (байланыстан басқасы) логикалық баяндауыш болады.
Логикалық пікір мен грамматикалық сөйлем бірлікте болады дегеннен олар бір – бірімен толық сәйкес келеді екен деген қорытынды шықпайды, өйіткені пікірлер негізінен хабарлы сөйлем түрінде айтылады. Ал тілде хабарлы сөйлем түрінде айтылады. Ал тілде хабарлы сөйлемнен басқа сұраулы, лепті сөйлемдер бар. Олар логикалық пікірді білдірмейді. Мысалы, «Бүгін кім кезекші?», «Сотқа куәгер шықырылды ма?», «Кіріңіз ?», «Бөлмені босатыңыз!» , деген сұраулы, лепті сөйлемдерге не қостау, не терістеу жоқ.
Сұраулы сөйлемдердің пікірді білдірмейтін себебі – олардың міндеті хатар беру емес, хабар алуға итермелеу. Лепті сөйлемдер де пікірді білдірмейді – олар біреудің бұйыруын, басқа да өктемдік әрекетін білдіреді, яғни, бұл сөйлемдер не ақиқаттығы не жалғандықты білдірмейді.
Грамматикалық сөйлемде белгілі бір тұрақты орны бар бастауышпен салыстырғанда, S пен Р – ның дәлме – дәл белгіленген тұрақты орны болмайды – олар көбінесе сөйлеу екпініне қарай анықталады. Мысалы, «Бейсенбаевтің жоғары заң білімі бар» деген сөйлемді айту екпініне қарай S пен Р ны анықсақ, мынадай үш түрлі пікірді байқауға болар еді: 1) Бейсенбаевтың (бөтен біреудің емес) жоғары заң білімі бар; 2) Бейсенбаевтың жоғары (орташа емес) заң білімі бар; 3) Бейсенбаевтың жоғары білімі (S) – заң білімі Р.
Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір айырмашылық сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы түрліше болады. Ал пікірдің логикалық құрылысы барлық тілдерде бірдей болып келеді.
Сонымен, пікір мен сөйлем тығыз бірлікте болғанымен, олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Ойлаудың формасы болып саналатын сөйлемді бір нәрсе деп қарастыру, ойлау процесінде қателіктерге соқтыруы мүмкін.
Тағы бір ескерте келетін жағдай, граммтикалық түрі сұраулы және лепті болып келетін кейбір сөйлемдерде қостау немесе терістеу бар екенін байқауға болады. Мысалы, риторикалық сұраулы сөйлемдер мен лепті сөйлемдерге логикалық қостау және терістеу болады: «Осылай жасауға бола ма?», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жасасын!». Бұл сөйлемдердің астарында: «Бұлай жасауға болмайдыды ғой!», «Екі жерде екі төрт екенін әркім ақ біледі ғой!», «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел» деген қостаушы терістеуші ойлар жатады.
Алайда, логикалық «таза» сұраулы сөйлемдердің де ойлау, таным процесіндегі маңызын жоққа шығармайды. Тіл білімі ғылымның дәлелденуіне қарағанда, сұраулы сөйлемдегі «таза» сұрақ жаңа білім алуға итермелеу қозғаушы күш болып табылады, өйіткені сұрақтың өзі жаңа пікірде айтылуы мүмкін болатын белгілі бір білімге, мәліметке сүйенеді. Мәселен «Бүгін кім кезекші?», «Сотқа куәгер шақырылды ма?» деген сұрақтардың арғы жағында «Біреу кезекшілікке тайындалуы тиіс», «Куәлар соттың отырысына шақырылуы тиіс» деген сияқты пікірлер тұрады.
Білмеуден білуге, жалаң білімнен толық та тиянақты білімге өтудің түрткісі ретінде сұраққа төмендегідей талаптар қойылады.
Біріншіден, сұрақтың астарында белгілі бір білім жатуы тиіс. Мысалға, «Кім алғаш рет Жер шарын кемемен жүзіп, айналып шықты?» деген сұрақтың астарында біреу тұнғыш рет кемемен жүзіп, жерді айналалып шыққан екен ғой деген білім жатыр. Екіншіден, бұл білім айқынсыз білім, яғни, көмескі білім, өйіткені дүниені тұңғыш айналып шыққан біреу бар екенін білмегенмен, бірақ оның аты – жөнін, қай елдің адамы екенін нақты біліміз. Сондықтан, үшіншіден, ол сұрақ енді білмегенді білуге деген ынтаны тудырып, іс – әрекетіне бастауышы болады.
Сұрақ дұрыс тұжырымдалуы немесе дұрыс тұжырымдалмауы мүмкін. Дұрыс тұжырылдалып қойылған сұрақ жауап табуға көмектеседі, дұрыс қойылмаған сұрақ білім ізденуші шатастырады. Сондықтан сұрақ дәл, анық және түсінікті түрде қойылуы тиіс, яғни, сұрақтың мазмұнын құратын ұғымдар екі ұшты болмай, дәл және анық тұжырымдалған болуы керек.
