Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

III тарау

ПІКІР

3.1. Пікірдің логикалық мәні

Айналаны қоршаған болмысты танып біле келе, адам нәрселерді және олардың белгілерін ойша бөліп алады. Мысалы, біз бір металл нәрсені зерттесек, ол туралы ой айтамыз: « Бұл нәрсенің жылырлық, созылғыштық, балқығыштық, жылу өткізгіштік, электр тогын өткізгіштік қасиеті бар ». Бұл сөйлемде бір нәрсе жөнінде ой айтылған. Ол ой нәрсе мен оның белгілері туралы пікірді көрсетеді.

Нәрседе бір белгінің бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда я қостау, я терістеу пікір түрінде бейнелейді. Пікір әрдайым бір нәрсені не қостайды, не терістейді.

Пікір деп– нәрселер мен олардың белгілері жөнінде бірденені қостайтын немесе теріске шығарытын ойды айтады.

Егер біз пікірде айналаны қоршаған болмыстағы шын байланысып тұрғанды бөлектеп айтсақ, онда пікірміз дұрыс, ақиқат пікір болғаны. Мысалы, «металдар электр тогын өткізгіш олады» деген пікір – ақиқат пікір. Металдарға электр тогын өткізгіштік қасиет тән екендігі белгілі, сондықтан бұл біздің пікірімізде қосталып тұр.

Ал, егер біз материялық дүниеде іс жүзінде байланысы жоқты ойша байланыстырсақ немесе шын байланысып тұрғанды ойша ажыратып бқлектесек, біздің пікіріміз жалған болады, өйткені ол пікірлер бейнеленіп тұрған нәрселерге сәйкес емес. Мысалы: «Атом – заттың бөлінбейтін бөлшегі» делінген пікір жалған. Біз бұл жерде шындығында байланысты емес нәрсені ойша байланыстырып отырамыз. Атом – күрделі материялық жүйе, ол ядроға және электрондарға ыдырайды. Атомның ядросы да ыдырауы мүмкін, өйіткені оның өзі де протондар мен нейтрондардан тұрады. Атом тек химиялық жағынан ғана бөлінбейді. Мұның мағынасы – бұл химиялық элементтің атомынан кіші бөлігі жоқ деген сөз.

Пікірдің ақиқаттығы, яғни, болмысты дұрыс бейнелеуі – оның еі басты сапасы. Пікір де ұғым сияқты объективті болмстың біздің санамыздағы бейнелеген формасы. Материялық дүниедегі нәрселер мен құбылыстар, олардың қасиеттері мен байланыстары туралы біліміміз пікірде бейнеленеді.

Әрбір пікір үш логикалық бөліктен тұрады: логикалық бастауыштан, баяндауыштан және байланыстан. Мысал үшін мынадай пікірді алайық: «Парақор Н. – полиция қызметкері болып шықты ».

Бұл пікірді талдау бізге оның мынадай бөліктерден құралатынын көрсетеді.

1) «Парақор Н.» - логикалық бастауыш немесе пікірдің субъектісі;

2) «Полиция қызметкері» - логикалық баяндауыш немесе пікірдің предикаты;

3) «Болып шықты» - байланыс.

Пікірдің бастауышы біздің ойымыздың бағытталған нәрсесін, объектісін, ал пікірлің баяндауышы белгіні көрсетеді; ол белгінің нәрседе бар екенін біз байланыс арқылы қостаймыз (немесе теріске шығарамыз). Мынадай пікірді алайық: «Заңгерлер үшін логиканы білу аса қажет».

Мұндағы логикалық бастауыш – «заңгерлер», өйіткені бұл пікірде нақ сол туралы сөз болып отыр. Мұндағы баяндауыш – «логиканы білу аса қажет», өйіткені бастауыш жөнінде дәл осы ой айтылады.

Пікірдің бастауышы мен баяндауышы пікірдің терминдері деп аталады. Ежелден – ақ логикада пікірдің бастауышы S әрпімен ( subjektum деген латын сөзінің бірінші ), ал пікірдің баяндауышын Р әрпімен (praedicatum деген латын әрпі ) өрнектеу шартты түрде қабыл алынған.

Сонымен, пікірді мынадай формуламен өрнектеугк болады:

S дегеніміз Р, басқаша берсек: S – Р.

Терістеуші пікірдің формуласы мынадай:

S дегеніміз Р емес.

Ал «дегеніміз», «деп», «айтамыз», «болып саналады» деген сияқты байланыс сөздері пікірде айтылмаған, тек ойда тұруы да мүмкін.

Мұны біз, мысалы, мына сияқты пікірлерден көреміз: «Менің әкем – құю цехының жұмысшысы (болып саналады)», «Квадрат (дегеніміз ) - төрт қабырғасы өзара тең тік төртбұрыш».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]