Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар

1. Төмендегі ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықтандар: «адам», «Астана», «капиталист», «ерлік», «қылмыскер», «ана», «етістік», «баяндауыш», «үшбұрыш», «оқулық».

2. Төмендегі ұғымдардың түрлерін анықтаңдар: «айыпкер», «тіл», «қала», «Қазақстанның қалалары», «орман», «тобыр», «оқушы», «кітапхана», «адамзат», «құдай», «ерлік», «мүдде», «теңдік», «ақ», «ақтық», «ұрлық», «сотталушы», «тергеуші».

3. Төмендегі ұғымдарда шектеу және жалпылау жүргізіндер: «ғылы», «математика», «жәндік», «адам», «Сәрсен», «студент», «әдебиет», «алма ағашы».

4. Төмендегі ұғымдарды шектеу және жалпылау дұрыс жүргізілген бе? «Ауыл шаруашылық машинасы – машина – трактор», «жыл – ай – апта – күн», «криминалогия – заң ғылымы».

5. Төмендегі ұғымдардың арасындағы логикалық қатынастарды анықтап, шеңбер сызбасын сызып көрсетіндер:

А) «Оқушы», – «спортшы», – «қазақ».

Б) «Кірпіш үй» – « үш қабат», – «салынатын бітпеген үй».

В) «Қара», – «ақ,» – «түс».

Г) «Ағза», – «өсімдік», – «хайуан», – «жыртқыш».

Ғ) «Шаруашылық қылмысы», – «сатып алушыларды алдау», – «арақ шарапты заңсыз дайындау».

Д) «Әскери қылмыс», – «әскерден қашу», – «әскери лауазымдық қылмыс».

Е) «Қылмыс құралы», – «ататын қару», – «тапанша».

Ж) «Ромб», – «квадрат», – «төртбұрыш».

6. Төмендегі ұғымдардың анықтамалары дұрыс па, дұрыс болмаса, қандай қателер жіберілген?

А) Адамды масқаралайтын жалған пікір таратуды өсек деп атайды.

Ә) Гипотенуза дегеніміз – тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы.

Б) Ауа – оттегі емес.

В) Логика дегеніміз – ойлау туралы ғылым.

Г) Азаматтардың жеке меншігіне қатысты заттарды білдірмей алып кетуді жеке адамның мүлкін ұрлау деп атайды.

Ғ) Айналасының бәрі құрғақ жермен көмкерілген, айтарлықтай кең ауданды шұңқырға жиналған суды көл деп атайды.

Д) Уақытша пайдалану үшін жерді, үйді, автомашинаны және т.б. нәрселерді белгілі бір мөлшерде ақша төлеп, жалдап алушы адамды жалгер деп атайды.

Е) Арыстан – аңдар патшасы.

Ж) Фашизм – ипмериализм тұсындағы буржуазияның ең кер тартпа бөлігінің әскери диктатурасы.

7. «Зат есім», «сын есім», «етістік», «тіл», «ғылым», «заң», «құқық», «меншік», «қылмыс» деген ұғымдардың ғылыми анықтамасын оқулықтардан көшіріп алып, логикалық талдау жасандар.

8. Оқулықтардан, сөздікдер мен анықтама кітаптардан атаулы және гигиеналық анықтамалардың бірнеше мысалын тауып, көшіріп алындар.

9. Ұғымды бөлудің мына мысалдарын дұрыс па? Дұрыс болмаса, қандай қателер кеткен?

А) Келісімдер бір жақты, екі жақты, көп жақты және жазбаша болып бөлінеді.

Ә) Қылмыстар ашылған, ашылмаған және әдейі жасалған болып бөлінеді.

Б) Кітаптар қызықты жіне қызықсыз, ғылыми және әдеби – көркем болып бөлінеді.

В) Жауап алу куәгерден жауап алу, жәбірленушіден жауап алу және айыпкерден жауап алу болып бөлінеді.

Д) Төртбұрыштар трапенцияға, параллеограмға, ромбыға, квадратқа және тікбұрышқа бөлінеді.

Е) Тірі ағза өсімдіктерге, омыртқалы және омыртқасыз жануаларға бөлінеді.

Ж) Сағаттар қол сағатқа, қабырға сағатқа, үстел сағатына және мұнаралық сағатқа бөлінеді.

З) Көліктер теміржол, су, өзен, әуе және автомибиль көліктеріне бөлінеді.

К) Үй қабырғаларға, бөлмелерге, төбеге және шатырға бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]