- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Дихотомиялық бөлу
Дихотомиялық, яғни, екі мүшені бөлу дегеніміз – бөлінуші ұғым бір – біріне қайшы екі ұғымға толығымен бөлінеді деген сөз. Мысалы, барлық кітаптарды – оқулықтар немесе еместер деп бөлуге болады. Бұл бөлу ережелерінің барлығына да сәйкес. Ол – шамалас, негізі де біреу, бөлу мүшелері бірін – бірі тысқарылайды және бөлу секірмелі емес. Осыны әрі қарай соза беруге болады. Оқулықтар кітаптары беллетристика және беллетристика емес деп бөлінеді. Барлық беллетристика еместер техникалық және техникалық емес кітаптарға бөлінеді.
Дихотомиялық бөлудің ерекшелігі сол, біз мұнда бөлуді жүргізе отырып, бөлінуші ұғымның барлық түрлерін білмеуіміз мүмкін. Кейде біз үшін керекті болған кейбір түрлерді ғана бөліп алу қажет болып қалады және біз дихотомиялық бөлуді екінші ұғымның көлемін білу керек болмаған жағдайда да қолдануымызға болады.
Дихотомиялық бөлу теориялық істерде де, практикалық істерде де жиі қолданылады. Мысалы, химик металдардың қасиеттерін зерттей келіп, барлық элементтерді металдарға және металл еместерге бөлінеді. Металл еместердің тобын құрайтын заттар бұл жөнінде оған керек те болмауы мүмкін. Толып жатқан нәрселер тобының ішінен адам өзіне керекті нәрсені іздеп, тауып алуы қажет болғанда, ұғымды бөлудің осы түрін қолданады. Мысалы, бір елді мекеннің жанындағы орманда Н. Деген азаматты атып өлтіріп кетіпті. Қылмыс жасалған жердің маңынан аңшы мылтығының патроны табылды дейік. Осының негізінде тергеуші елді – мекенде тұратын адамдардың бәрін мылтығы барларға және мылтығы жоқтарға бөледі. Қылмысты әрі қарай зерттегенде, патрондағы оқты тығындаған «спорт» газетінің бір бөлігінен жасалған тығын табылады. Тергеуші енді аңшы мылтығы барларды «спорт» газетін алатындарға және алмайтындарға бөледі. Іздестіре келе қылмыскерді табады.
Дихотомиялық бөлу көптеген ғылыми – зерттеулерде де кеңінен қолданылады, себебі ол – ұғымды бөлудің дәйекті де жүйелі түрі.
Бөлуге ұқсас тәсілдер
Ұғымдарды бөлумен қатар біз ойлау тәжірбиесінде кейбір басқа логикалық тәсілдерді пайдаланымыз; олар, сыртқы түрлері қарағанда, бқлумен ұқсас, бірақ мәніне қарағанда, одан өзгеше болып келеді.
1. Бүтінді бөліктерге мүшелеу. Мысалы, «Қаңтар айы төрт аптадан және 3 күннен құралады». «Пойыз тепловоздан, вагондардан және платформалардан құралады». Бұл мысалдарда сөз түрлері мен тек туралы болып отыр. Әрине, ай апта мен күнге тектік ұғым емес, ал апта мен күн айдың түрлері емес, тек оның бөліктері ғана; пойыз вагондарға тектік ұғым, ал вагон - пойыздың түрі емес, оның бөлігі ғана. Мүшелеудің басқа мысалдары: адам – аяқ, қолдан, бастан, кеудеден, т.б. тұрады; пәтер – бөлмелерден; үй – шатырдан, қабырғалардан, терезелерден тұрады.
2. Ойды белгілі бір жоспармен орналастыру. Жасалған шаралардың, шығармалардың жоспарлары, кітаптардығы мазмұндар – бұлардың барлығы ұғымдардың бөлінуі болып шықпайды, өйіткені бұл жағдайлардың барлығында да түрлер мен тек арасында болатын қатынастар жоқ.
Жіктелім
Ұғымдарды бөле келіп, біз сонымен қатар, бөлінуші ұғымдар көрсететін нәрселерді ойша топ – топқа бөлеміз. Нәрселерді ойша топқа бөлу ісінің бір түрі жіктелім деп аталады.
Жіктелім дегеніміз – нәрселерді өзара ұқсастығын және олардың басқа текті нәрселерден айырмашылығын негізге ала отырып, топ – топқа бөлу жүйесі. Жіктелімнің негізі ретінде аса мәнді белгі алынады.
Жіктемлімнің мысалына орыстың ұлы ғалымы Д.Н.Менделеев (1834 – 1907) жасаған «Элементтердің периодтық жүйесін» алуға болады. Менделеев химиялық элементтерді атомдық салмақтарының өсу реті мен химялық сапаларының біркелкілік белгісіне қарай орналастырған.
Элементтерді жіктеу және Менделеевтің ашқан периодтық заңы ұлы химикке сол кездің өзінде белгісіз бірқатар жаңа элементтердің (галлий, скандий, германий, т.б.) бар екендігін күні бұрын болжап айтуға мүмкіндік берген.
«Периодтық жүйедегі» әрбір элементтің ерекше белгілері болады және сол белгілері арқылы басқа элементтерден ажыратылып тұрады. Жіктелімнің негізін таңдап алуда Менделеевтің данышпандығы көрінеді, себебі оның алған негізі «Периодтық жүйені» жасауда шешуші рөл атқарды.
Бұл факті жіктеу үшін дұрыс таңдап алған негіздің мәні үлкен екенін көрсетеді.
Егер жіктелімге негіз етіп нәрселердің мәнді белгісі алынса, ондай жіктелімнің зор ғылыми және тәжірбиелік маңызы болуы мүмкін өйіткені ондай жіктелім Менделеев ұсынған жіктелімнен көреміз сияқты, нәрселердің, құбылыстардың бағынатын заңдылықтарын табуға мүмкіндік береді.
Нәрселердің жаратылысын көрсететін басты белгі незінге алынған жіктелімді табиғи жіктелім деп аталады.
Табиғи жіктелімнің мысалында («Периодтық жүйеден» басқа) осы кездегі биологиядағы жануарлар немесе өсімдіктер жіктелімін алуға болады.
Егер жіктелімнің негізіне жіктелуші нәрселердің жаратылысын көрсетпейтін мәнсіз белгі алынса, онда ондай жіктелім жасанды жіктелім деп аталады.
Ондай жіктелімге бір сыныптағы оқушылардың әліпби бойынша жазылған тізімі мысал бола алады. Аты-жөнінің басты әріпінің оқушының негізгі қасиеттеріне ешбір қатынасы жоқ.
Бірақ та осы кейдесоқ белгілерді пайдаланудың өзі де тәжірбиелік мақсаттарда ыңғайлы болу үшін, мәселен, керекті адамды ұзақ іздеп жатпай, тез тауып алу үшін қажет болады. Осыдан келіп, оқушылардың аты – жөнін әліпби тәртібімен тізудің қажеттілігі туады.
Тәжірбиелік жұмыста өте пайдалы мұндай жасанды жіктелімнің мысалы ретінде тағы да мыналарды атап көрсетуге болады: кітапханаларда кітаптардың аты жызылған карточкаларды каталогка әліпби тәртібі бойынша орналастыру, түрлі тілдердегі сөздіктердегі сөздерді әліпби бойынша жазу және т.б. іздеген нәрсені тез тауып алып, көп уақыт пен күш – қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жіктелім (табиғи немесе жасанды) бөлу ережелерінің барлығына да бағынады: ол бір негізбен жүргізілуге, оның мүшелері бірін – бірі тысқарылап тұруы, оның мүшелерінің барлығының жиынтығы сол алынған сыныпты түгел қамтуға, жіктелімнің ішінде дәлелсіз секірушіліктер болмауға тиіс.
