- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
Ұғымды анықтау дегеніміз - ұғымның мазмұнын ашатын логикалық амал. Ал ұғымның мазмұнын ашу - оның мәнді белгілерін атап көрсету деген сөз. Ұғымды анықтау амалының нәтижесі ұғымның анықтамасы деп аталады. Нәрселердің белгілері шексіз көп, олардың ішінде мәнділері, мәнсіздері болатынын жоғарыда айттық. Сондықтан нәрсенің барлық белгілерін көрсетуге тырысу дұрыс емес. Анықтамада сол ұғымды басқа ұғымдардан ажыратып тұратын мәнді белгілері ғана айтылатын.
Анықтамада нәрселер туралы негізгі білім қысқа түрде көрсетіледі. Олай болса, ұғымды анықтау дегеніміз - сол ұғым анықтау. Мысалы, "трактор" деген ұғымды анықтаумен бірге біз болмыста бар трокторларды анықтаймыз. "Ромб" деген ұғымды анықтайық . Бұл үшін алдымен ромбының ең жақын тегін көрсетеміз: ромб - параллелограмм. Бірақ параллелограмның ромбыдан басқа түрлері де бар. Сондықтан анықтауда ромбыны параллелограмның басқа түрлерінен ажырататын белгісін, яғни, түр айырмашылығын, қабырғаларының өзара тең болатынын көрсету қажет. Ақырында, ромб дегеніміз барлық қабырғалары бір-біріне өзара тең параллелограмм болып шығады. "Ромб" ұғымының анықтамасы, міне, осы.
Құрылысына қарай анықтама негізгі екі бөлімнен: анықталушы және анықтаушы ұғымдардан құралады. Мазмұны ашып көрсетілуге тиісті ұғым анықталушы ұғым (латынша definiendum, қысқаша Dfd) деп аталады, ал анықталушы ұғымның мазмұнын құрайтын ұғымдар анықтаушы (лат. definience ,қысқаша Dfn) деп аталады.
Біздің мысалымыздағы "ромб" деген ұғым анықталушы , ал "барлық қабырғалары бір-біріне өзара тең параллелограмм" - анықтаушы ұғымдар. Анықтаушы ұғымдар анықталушы ұғының ең жақын тегін және оның түр айырмашылығын көрсетеді.
2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
Ұғым бөлу дегеніміз – ұғымның көлемін ашып беретін логикалық әрекет.
Ұғымның көлемін ашу дегеніміз – бөлінуші ұғымның көлеміне енетін қатар бағыныңқылы түрлік ұғымдарды көрсету . Мысалы «біздің сыныптың оқушылары» деген ұғымды үлттық белгісіне қарай бөлу керек делік. Сыныбымыздағы балалардың ұлтын біліп алып, біз олардың қазақ, орыс, татар, украин, т.б. деп бөлінетінін көреміз.
Бөлінуші ұғым – тектік ұғым. Бөлу нәтижесінде түрлі ұғымдар шығады, олар бөлудің мүшелері деп аталады.
Бөлу жүргізіліп отырған белгі бөлудің негізі деп аталады.
Жоғарыда көрсетілген мысалда «біздің сыныптың оқушылары» бөлінуші ұғым, бөлу негізі – ұлттық белгі, ал бөлу мүшелері – бөлу нәтижесінде келіп шыққан түрлі ұлттар туралы ұғымдар.
Бөлу нәтижесінде шыққан ұғымдарды (яғни, бөлу мүшелерін) бір белгіні негізге алып, одан әрі тағы да бөлу ге болады, ал одан шыққан ұғымдарды жаңадан тағы бөлуге болады. Сөйтіп, ұғымдардың күрделі жүйесі келіп шығады. Мысалы, зоологияда барлық омыртқалылар омыртқалылардың түрлеріне бөлінеді; одан кейін, мысалы, құстар құстардың түрлеріне бөлінеді, т.б.
Ұғымды бөлудің екі түрі бар: бірінші – белгілердің түрінің өзгерісіне қарай бөлу және екеншісі – дихотомиялық бөлу.
Бөлудің негізін құратын белгілердің түр өзгерісіне қарай бөлінуші ұғымды екі (дихотомияға), үш мүшеге (трихотомияға) немесе көп мүшеге (политомияға) бөлуге болады. Мәселен, адам «адам» әйелдер және ерлер болып бөлінеді десек, бұл екі мүшелі бөлу болады. «Үш бұрыштар» тік бұрышты, доғал бұрышты және сүйір бұрышты болып бөлінеді десек, бұл үш мүшелі бөлу болады. «Сөз таптары» зат есімге, сын есімге, сан есімге етістікке, т.б. бөлінеді десек, бұл көп мүшелі бөлу болып табылады.
Ұғымды бөлуде оның негізі болып табылатын белгісін дұрыс таңдап алу ісі маңызды рөл атқарады. Әрине, ұғымның негізі ретінде оның кез келген белгісн ала салуға болады. Мәселен, адамдарды терісінің түсіне қарай ақ, қара, сары деп, бойына қарай ұзын бойлы, қысқа бойлы, орта бойды деп бөлуге болады. Алайда, кез келген бөлудің ғылыми не тәжірбиелік маңызы бола бермейді. Сондықтан бөлудің негізін таңдаған кезде белгілі бір тәжірбиелік немесе ғылыми мақсатты басшылыққа алу қажет. Бөлудің негізін құратын белгі қайсібір тұрғыдан алғанда мәнді белгі болуы тиіс.
Ұғымның көлемін бөлуді сол ұғым білдіретін бүтін нәрсені бөлшектеу ісімен шатастыруға болмайды. Бүтінді бөлшектерге мүшелегенде, ол бұрынғы нәрсе болудан қалып, басқа нәрсеге айналады. Мәселен, «ағаш» ұғымын жеміс ағаштарына, сәндік ағаштарға бөлу бар да, оны діңге, бұтаққа, жапыраққа бөлектесек, ағаш болудан қалып, отынға айналады.
Бөлу дұрыс болып шығу үшін, бөлу ережелері сақталу керек.
