Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Matematikaly_1179_logika.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.96 Кб
Скачать

2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар

Объективтік дүниенің барлық заттары, құбылыстары бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді болады. Біздің ұғымдарымыз да, объективтік дүниенің бейнеленуі болатындықтан, бір-бірімен өзара байланысты, бір-бірімен белгілі бір қатынаста болады.

Кейбір ұғымдардың арасында байланыс өте әлсіз, елеусіз болып келеді. Мысалы, "аю" мен "сынып тақтасы" ұғымдарының арасында қандай байланыс бар? Мұндағы байланыс тек олардың екеуіде болмыстың белгілі бір құбылыстарының бейнеленуі және логика тұрғысынан қарағанда, екеуі де - нақты, жалпы ұғым, жинақтаушы ұғым емес.

Өздерінің мазмұны бір-біріне алыс қатынаста тұрған мұндай ұғымдар салыстырғысыз ұғымдар деп аталады.

Барлық қалған ұғымдар салыстырмалы ұғым болады. Олар екі топқа бөлінеді: 1) үйлесімді ұғымдар және 2)үйлесімсіз ұғымдар.

Егер екі немесе одан да көп ұғымдардың көлемдері ескеріледі, олай болса, төменде қарастырылатын ұғымдардың арасындағы қатынастар көлем қатынастары делінеді.

Бұл қатынастар түсінікті болу үшін шеңберлер түрінде сызып көрсетіледі. Әрбір шеңбер ұғымның көлемін көрсетеді.

Үйлесімді ұғымдардың топтарын қарастырайық.

Тепе-теңдік қатынасы. Өздерінің мазмұнында айырма бола тұрса да, бір нәрсені ғана ойға түсіретін ұғымдар бар. Ондай ұғымдар тепе-теңдік қатынаста болады.

Мысалы, "бірінші дүниежүзілік соғыс" және "1914 жылғы империалистік соғыс". Бұл екі ұғымда ойға түсетін бір ғана соғыс, бірақ белгілер ретінде бұл соғыстың түрлі жақтары алынады.

Тепе-теңдік қатынас - бірінің үстіне бірін салғанда, үйлесіп түсетін екі дөңгелек түрінде суреттелген (1 - суретті қара), бір ұғымның көлемі (А), екінші ұғымның көлеміне (В) толық үйлес келеді. Мысалы: "Алматы" және "Қазақстанның бұрынғы астанасы", "Тұңғыш қазақ ғарышкері" және "Т.Әубәкіров".

ағаш

қайың

қайың

А=В

Бағыныштылық қатынас. Бағыныштылық қатынаста жалпылығы кемірек бір ұғым жалпылығы кеңірек екінші ұғымның көлеміне кіреді

1- сурет 2-сурет

Бағыныштылық қатынас дегеніміз - түр мен тектің қатынасы. Түрлік ұғымның көлемі тектік ұғымның көлемінің бір бөлігімен үйлес келеді. Мысалы,"қайың" және "ағаш" (2-суретті қара). Көлемі кең ұғым ("ағаш") көлемі тар ұғымды ("қайың") толық ішіне алып тұрады.

Жалпылығы кеңірек (тектік) ұғым - бағындырушы ұғым деп, ал жалпылығы кемірек (түрлік) ұғым - бағынушы ұғым деп аталады.

Егер бағыныштылық қатынастағы екі ұғымның екеуі де жалпы ұғым болса, бағындырушы ұғым - тек, ал бағынушы - түр деп аталады. Мәселен, "алма ағашы" "жеміс ағашы" ұғымының түрі болады, ал "жеміс ағашы" алма ағашының тегі және сонымен қатар "жеміс ағашы" жалпы "ағаш" ұғымының түрі болып табылады. Басқаша айтқанда , әрбір жалпы ұғым бір мезгілде әрі тектік ұғым (өзінен гөрі жалпылығы азырақ ұғымға қарағанда), әрі түрлі ұғым (өзінен гөрі жалпырақ ұғымға қарағанда) болып келеді. Бір-біріне бағынған үш ұғымның қатынасын шеңбермен былай көрсетуге болады (3-сурет).

А - ағаш;

В - жеміс ағашы

С - алма ағашы

Ұғымдардың бағыныштылық қатынасын - бөлік пен бүтінің қатынасымен шатастырмау керек.

Мысалы, "ай" және "жыл", "бұтақтар" және "ағаш", "цех" пен "зауыт" сияқты ұғымдардағы қатынас бөліктің бүтінге қатынасы, бірақ түрдің текке қатынасы емес. Мысалы,"әрбір ай дегеніміз - жыл" деп айтуға болмайды, ал "әрбір ағаш дегеніміз - өсімдік" дей аламыз.

Көлемдердің ішінара сәйкестік қатынасы. Мұндай қатынаста, мысалы, "заңгер", мен "спортшы" деген сияқты ұғымдар болады. "Заңгерлердің" кейбіреуі "спортшы", ал спортшылардың кейбіреулері "заңгерлер" болады. Бір ұғымның көлемінің бөлігімен сәйкес келетін қатынас шеңбер түрінде 4-суретте көрсетілген.

Осы сияқты көлемдері ішінара үйлесіп келетін ұғымдар ішінара сәйкес ұғымдар деп аталады.

Мұндай ұғымдардың басқа мысалдары: "жұмысшылар" және "алматылықтар", "суретшілер" және "ақындар".

сприои

заңгерлер

Үйлесімсіз ұғымдардың арасындағы қатынастардың да үш түрі бар: Қатар бағыныштылық қатынасы, қарама-қарсылық қатынасы және қайшылық қатынасы.

Қатар бағыныштылық қатынасы. Бір тектік ұғымға бірнеше түрлік ұғымдар бағынса, онда түрлік ұғымдар өзара қатар бағыныштылық қатынаста болады. мысалы, "Еуропа", "Азия", "Африка" ұғымдары қатар бағыныштылық қатынаста тұр, өйткені олардың әрқайсысы "дүние бөліктері" ұғымына қарағанда түр болып табылады.

Қатар бағыныштылық қатынас дегеніміз - жалпы текке біріккен түрлердің өзара қатынасы.

Қатар бағынышты - А, Б және В ұғымдарының өздерінің жалпы тегі "Г" ұғымына қатынасы 5-суретте көрсетілген. Қатар бағынышты ұғымдардың көлемдері бір-бірімен үйлеспейді, бірақ барлығы тектік бір ұғымның көлеміне кіреді.

Қатар бағынышты ұғымдардың мысалдары: "алғашқы қауымдық құрылыс", "құл иеленушілік құрылыс", "феодалдық құрылыс", "капиталистік құрылыс" (жалпы ортақ тегі - "қоғамдық құрылыс").

Қарама-қарсылық қатынасы. Қарама-қарсылық қатынаста болатын ұғымдар мазмұнына қарай бір-біріне қарама-қарсы келеді, бірақ екеуі де өздері үшін тек болатын бір ұғымның көлеміне кіреді.

Мысалы, "қара түс" және "ақ түс" (олардың жалпы тегі - "түс"). Қарама қарсылық қатынасы 6-суретте көрсетілген. Басқа мысалдар: "батырлық", "қорқақтық", "өр" және "ылди".

Қарама-қарсы ұғымдардың әрқайсысының өзінің мазмұны екінші қарама-қарсы ұғымды теріске шығарумен бірге, онымен сыйыспайтын басқа мазмұнды ұғымды қостайды.

түс

ақ ақ емес

түс

ақ қара

Г

5-сурет 6-сурет 7- сурет

Қайшылық қатынасы.Қайшылық қатынасында біреуі екіншісін толығымен теріске шығаратын екі ұғым болады, бірақ терістеуші ұғымның мазмұны белгісіз болып қала береді. Мысалы, "қара" (түс) және "қара емес" (түс); "биік" (нәрсе) және "биік емес" (нәрсе).

Қайшылық қатынасы 7- суретте көрсетілген. Суреттен ұғым көлемінің екі бөлікке бөлінгені көрінеді; мұның бірі өзінің мазмұнына қарай екіншісімен сыйыспайды. Бірақ терістелетін бөлігінің мазмұны айқынсыз қалады.

Біріне-бірі қайшы екі ұғымның көлемдерінің қосындысы өздері үшін тек болып табылатын ұғымның көлеміне тең болады, ал қарама-қарсы ұғымдардың көлемінің қосындысы тектік ұғымның көлемінен кем болады, яғни біздің мысалымыздағы "ақ" пен "қара" барлық түстерді қамти алмайды, ал "ақ" пен "ақ емес" барлық түстерді қамтиды.

Әдетте, қайшылық қатынаста "оң" және "теріс" ұғымдар болады: "тәртіпті" және "тәртіпсіз", "суық" және "суық емес", т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]