- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.7. Ұғымдардың түрлері
Ұғымдар көлеміне қарай дара (жеке) және жалпы ұғымдар болып бөлінеді.
Дара ұғымдар - жеке нәрселер туралы ұғым. Мұндай ұғымдарға мыналар мысал бола алады: "Алматы қаласы", "дүние жүзіндегі ең терең көл" және т.б.
Жалпы ұғымдарда толып жатқан біртекті нәрселер бейнеленеді. Мысалы: "жұлдыз", "кітап", "мектеп", "өлең", "егіс өнімі" және т.б. Бұл ұғымдардың әрқайсысы біртекті нәрселердің үлкен тобын қамтиды.
Жалпы ұғымның қамтыған нәрселерінің саны шекті немесе шексіз болуыда мүмкін. Мысалы, "кеме" деген жалпы ұғым бұрын болған, осы кезде бар және келешекте болатын кемелердің барлығын қамтиды.
Көлемі шектелген жалпы ұғымдарға мыналар жатады: "Қазақстанның қалалары", "Абайдың шығармалары", "ХХ ғасырдың ғалымдары".
Жалпы және дара ұғымдар жинақтаушы ұғымдар болуы да мүмкін.
Жинақтаушы ұғымдар дегеніміз - біртекті нәрселерді ойда біріктіріп, тұтасқан бір нәрсе түрінде бейнелейтін ұғымдар.
Мысалы: "орман" (ағаштар), "кітапхана" (кітаптар), "жиналыс" (оқушылар жиналысы).
Жинақтаушы ұғымдардың ерекшелігі сол, оларды осы жинақтаушы ұғымда ойға түсетін жеке нәрселердің әрқайсысына қолдануға болмайды. Мысалы,"орман", деген ұғымды жеке ағаш туралы, "жиналыс" деген ұғымды жеке оқушы үшін қолдануға болмайды.
Жинақтаушы ұғымдарды нәрселердің бір ғана жиынтығына немесе сондай жиынтықтардың барлығына қатысты айтуға болады. Бірінші жағдайда - жинақтаушы дара ұғым, екінші жағдайда - жинақтаушы жалпы ұғым болады. Мысалы, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті туралы ұғым - жинақтаушы дара ұғым, ал университет туралы ұғым (жалпы алғанда) жинақтаушы жалпы ұғым, өйткені ол көп университеттерді қамтиды.
Жинақтаушы жалпы ұғымдардың мысалдары: "топ", "топ жұлдыз", "ұжым", "полк", "халық", "тобыр", "тап" және т.б. Жинақтаушы дара ұғымдардың мысалдары: "Жетіқарақшы", "ҚазМҰУ қызметтерінің ұжымы".
Ұғымдар нені бейнелейтініне, заттар мен нәрселердің өзін бе, әлде олардың қасиет, сапасын бейнелей ме, сонысына қарай нақты және абстрактылы болып екіге бөлінеді.
Нәрсенің өзін немесе олардың тобын бейнелейтін ұғымдар нақты ұғымдар деп аталады. Мысалы, "кітап", "куә", "мемлекет", "айыптаушы", т.б. Заттар мен құбылыстардың сапасын, қатынасын, қасиеттерін, т.б. бейнелейтін ұғымдар абстрактылы ұғымдар деп аталады. Мысалы, "ерлік", "дәрменсіздік", "салмақ", "шексіздік", "қылмыстылық", т.б. Нақты және абстрактылы ұғымдардың арасындағы айырмашылық сол, нақты ұғымның объектісін тұтас нәрсе ретінде сезім мүшелері арқылы қабылдауға болады, ал нәрседен бөлек өмір сүре алмайтын қасиет, қатынастардербес ой объектісі ретінде абстрактылы ұғым болып бейнеленеді. Мәселен, батырды (адамды) көре аламыз, ал батырлықты, ерлікті тікелей өзін тікелей көре алмаймыз, басқа құбылыстардың көмегімен түсінеміз.
Ескерте кететін бір жағдай, нақты ұғымдарды жекеше ұғымдармен, абстрактылы ұғымдарды жалпы ұғымдармен шатастырмау керек. Ұғым жалпы, сонымен бірге абстрактылы, нақты да болуы мүмкін. Мысалы "ағаш" - жалпы, бірақ нақты ұғым. Ал "ерлік" - жалпы әрі абстрактылы ұғым. "Төлеген Тоқтаровтың ерлігі" - жекеше абстрактылы ұғым, т.б.
Белгілі бір қасиеттің нәрсеге тән немесе тән еместігін бейнелеуіне қарай ұғымдар оң және теріс ұғымдар болып екіге бөлінеді.
Нәрсеге қандай да бір белгінің тән екенін бейнелейтін ұғым оң, ал тән еместігін бейнелейтін ұғым теріс ұғым деп аталады. Мысалы, "сауатты", "тәртіпті", "ұқыпты" деген ұғымдар оң, ал "сауатсыз", "тәртіпсіз", "ұқыпсыз" дегендер теріс ұғымдар болып табылады. Қазақ тілінде теріс ұғымдар сөз басына "бей", "би" деген қосымшаларды, сөздің аяғына "-сыз", "-сіз", "-дық" деген жалғаулар жалғау арқылы құрылады: "тәртіпсіздік", "заңсыз", "сауатсыз", "беймаза", "бейқам", т.б. Бұлай бөлу тек ұғымдардың сыртқы формасына қарай болатынын ескеру керек, өйткені формасы жағынан кейбір оң ұғым ("жауыз", "жауыздық") мазмұны жағынан теріс мәнді болып табылады.
Дербес өмір сүретін нәрсені немесе басқа нәрсемен байланысты нәрселерді бейнелейтініне қарай ұғымдар қатыссыз және қатынасты болып екіге бөлінеді. Дүниеде бірінсіз бірі болмайтын нәрселерді бейнелейтін ұғымдар қатынасты ұғымдар деп аталады. Мәселен, "ата -ана" және "бала", "ері" және "әйелі", "себеп" пен "салдар", т.б. Дербес қолданылатын ұғымдардың бәрі қатыссыз ұғымдар деп аталады. Мысалы, "студент", "адам", "ағаш", "үй", т.б.
Кез келген ұғымның қай түрге жататынын анықтау үшін, оған логикалық сипаттама беру керек. Айталық, "Ресей" деген ұғымға логикалық сипаттама былай беріледі: ол - жекеше, нақты, оң және қатыссыз ұғым. Ұғымдардың мұндай логикалық сипаттамасыолардың мазмұны мен көлемін анықтап, оларды білдіретін сөздерді мүмкіндігінше дәлірек қолдануға көмектеседі.
