- •І тарау логика пәні
- •1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
- •1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі
- •1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым
- •1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі
- •1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары.
- •Іі тарау
- •2.1.Ұғымның мәні
- •2.3. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі
- •2.4. Ұғымдардың мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас
- •2.5. Ұғымдарды шектеу және жалпылау
- •2.6. Тектік және түрлік ұғымдар
- •2.7. Ұғымдардың түрлері
- •2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар
- •2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні
- •2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу
- •Бөлу ережелері
- •Дихотомиялық бөлу
- •Бөлуге ұқсас тәсілдер
- •Жіктелім
- •«Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар
- •III тарау
- •3.1. Пікірдің логикалық мәні
- •3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі
- •3.3 Пікірдің түрлері.
- •Қарапайым пікір және оның түрлері
- •Кесімді пікір және оның түрлері
- •3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері
- •3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу
- •3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы
- •3.8. Күрделі пікірлер
- •IV тарау логикалық ойлаудың негізгі заңдары
- •4.1 Логикалық заң туралы түсінік
- •4.2 Тепе-теңдік заңы
- •4.3 Қайшылық заңы
- •4.5 Жеткілікті негіз заңы
- •«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар
- •V тарау ойқорытынды
- •5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік
- •5.2. Силлогизм
- •5.3. Жай кесімді силлогизм
- •5.4. Силлогизмнің фигуралары мен медустары.
- •5.5. Шартты силлогизм
- •5.6. Ажыратушы –кесімді силлогизм
- •5.7. Шартты - ажыратушы силлогизм
- •5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.
- •VI тарау индукциялық ойқортынды
- •6.1. Индукцияның маңызы
- •6.2. Толымды индукция
- •6.3.Толымды индукция
- •6.4. Ғылыми индукция
- •6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік
- •6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері
- •6.7. Дидукция мен индукцияның бірлігі
- •6.8. Аналогиялық ойқорытынды және оның түрлері.
- •«Индукциялық ой қорытынды» тарауы бойынша жаттығулар
- •VII тарау Дәлелдеу және Бекерлеу
- •7.1. Логикалық дәлелдеудің мәні
- •7.2. Дәлелдеудің логикалық құрылысы
- •7.3. Дәлелдеудің түрлері
- •7.4 Тікелей және жанама дәлелдеу
- •7.5. Бекерлеу
- •7.6.Дәлелдеу мен бекерлеудің ережелері және оларды бұзудан туатын логикалық қателер
- •2. Дәлелдерге қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •3. Демонстрацияға (дәлелдеу тәсіліне) қатысты ережелер мен логикалық қателер.
- •VIII тарау гепотеза
- •8.1 Гепотеза ұғымы
- •8.2. Гипотезаның түрлері. Версия ұғымы
- •8.3. Гипотезаларды тексеру және дәлелдеу тәсілдері
- •Логика курсы бойынша тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының кілті
- •Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бұл пәннің міндеті – жоғары сынып оқушыларын дұрыс ойлаудың формалды логика зерттейтін негізгі заңдармен және ережелерімен таныстыру. Формалды логика екі бөлімнен тұрады: біріншісі – ойлау процесін құрудың жалпы адамдық заңдары мен ережелерін, формаларын зерттейтін (Аристотельден бері келе жатқан) ежелгі, дәстүрлі логика және екіншісі – ойлау процесін арнаулы математикалық әдістер, символдық шартты белгілерді қолдану арқылы зерттейтін математикалық логика.
Математикалық логика техникадағы, тірі ағзалар дүниесі мен қоғамдық құрылыстағы аса күрделі процестер мен құбілістарды басқару заңдылықтары жайындағы ғылым кибернетикасымен тығыз байланысты. Кибернетиканың негізін салушы әйгілі математик Н.Винер кибернетиканың шығуының өзі математикалық логикасыз ақылға қонбас еді деп атап көрсетеді. Математикалық логика ақыл–ой еңбегін машиналандырудың құралы болып табылады. Математикалық логика тек кибернетикада ғана емес, сондай–ақ ғылым мен техниканың басқа да салаларында кеңінен қолданылады.
Қазіргі мектеп оқушыларына болашақта есептеу техникасымен, автоматтық құралдармен жабдықталған цехтерде, кәсіпорындарда еңбек етуге тура келетіні сөзсіз. Жастарда жаңа техниканы басқару үшін қажетті әзірлік бар ма? Орта мектепте оқып жүргеннің өзінде–ақ жастарға азды – көпті компьютерлік білімді қалай беру керек?
Бұл мәселелер қазір аса маңызды проблемаға айналып отыр. Қазіргі кезде алда тұрған міндет – компьютермен «сөйлесуді» мектеп оқушысы үшін әдетті іске айналдыру. Электрондық–есептеу техникасын оқып –үйренуге кірісетін мектеп оқушысы қазіргі заманғы математикалық формалды логика кибернетиканың теориялық негізі екенін білу тиіс.
Бірақ Аристотельден бері келе жатқан дәстүрлі формалды логика пәнін білмейінше математикалық логиканы ойдағыдай меңгеру қиын, өйткені дәстүрлі формалды логика зерттейтін жалпы адамдық ойлау заңдары мен формалары, ойқорытынды мен дәлелдеу ережелері математикалық логиканың да мазмұнына енеді, бірақ бұл логика ойлауды математикалық әдістер мен символдық амалдардың көмегімен зерттейтіні жоғарыда айтылды. Осы жөнінен алғанда, дәстүрлі формалды логиканы арифметикамен салыстырып, «логиканың арифметикакасы» деп қарастырсақ, ал математикалық логиканы «формалды логиканың алгебрасы» деуге болар еді. Арифметиканы білу алгебраны түсіну үшін кіріспе болатыны сияқты, дәстүрлі формалды логиканы білу математикалық логиканы түсіну үшін кіріспе, дайындық болып табылады. Бұл біріншіден.
Екіншіден, осыдан 2500 жылдай бұрын Аристотель негізін салған дәстүрлі формалды логика зерттейтін дұрыс ойлаудың заңдар мен формаларын, ережелерін білу логикалық мәдениеттің, яғни, дұрыс ойлау мәдениетінің негізін құралды. Бүкіл адамзат мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын дұрыс ойлау мәдениеті әрбір адам үшін қажетті.
Дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау адамның күнделікті ойлау–сөйлеу практикасында қалыптасып, іске асатыны белгілі. Кәмелетке жеткен әрбір адам дұрыс пікірлеу, пайымдау, дәлелдеу сияқты ақыл–ой әрекеттерін іске асыруға қабілетті. Мұндай ақыл – ой қызметтерін іске асыра білу қабілеттерінің жиынтығы адамның логикалық мәдениетін құрайды.
Грамматикалық ережелерін білмей–ақ адамдардың дұрыс сөйлей білетіні сияқты, логика ғылымы тұжырымдаған ережелерін білмей де дұрыс қорытынды жасап, дұрыс дәлелдеуге болады. Алайда, бұдан логиканы арнайы оқып үйренудің қажеті жоқ деген қорытынды шығаруға бола ма? Әрине, болмайды. Граматиканың ережелерін білу сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға үйретіп, тіл мәдениетін жетілдіретін сияқты, дұрыс ойлаудың логикалық заңдары мен ережелерін білу, оларды саналы түрде қолдану «сауатты» ойлауға, яғни, дұрыс ойлауға дағдыландырып, ойлау мәдениетінің деңгейін көтеретіні сөзсіз. Сондықтан да логика ғылымының негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикалық» деп атаған екен.
Қазіргі қоғамның компьютерлену заманында математикалық (символдық) логиканың принциптері мен заңдарын білудің маңызы зор екені жоғарыда айтылды. Ал математикалық логиканың принциптерін түсіну үшін тағы да қайталап ескерткен артық болмыс, дәстүрлі формалды логиканың заңдары мен ережелерін білу аса қажет, өйткені бірінші екіншісінің дамуының жалғасы болып табылады. Мұның бәрі, қорыта айтқанда, әрбір адамның логикалық мәдениетін мектептегі кезінен бастап саналы түрде қалыптастыру қажеттігін тудырады. Сөз соңында айтарымыз, орта мектепте арналып қазақ тілінде тұңғыш жарық көргелі отырған бұл оқулықты оқушы жұртшылық жылы қабыл алатынына да күмән жоқ. Қазақстан шыққан тұңғыш логика профессорының бұл еңбегі қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеруге өз үлесін қосады деп сенемін.
Философия ғылымдарының докторы,
профессор С.Ж.Кенжебаев
І тарау логика пәні
Логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Ойлау - алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс, сондықтан оны логикамен қатар психология, физмология, философия сияқты ғылым салалары да зерттейді. Олай болса, логика ойлау процесін қалай зерттейді, оның қарастыратын пәні не деген орынды сұрақ туады.
Логика ойлау процесін ең алдымен дүниені танып-білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады. Логикаға төмендегідей анықтама беруге болады.
Логика дегеніміз - ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Логика ғылымының бұл жалпылама анықтамасының мәнін ашып көрсету үшін, ойлау процесі дегеніміз не, оның заңдары мен формаларының мәні неде екенін түсіну қажет.
1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі
Ойлау дегеніміз - ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады. Ол біріншіден - дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден - дүниені тереңірек, толығырақ танып-білудің құралы. Себебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып-білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәні мен сырын тек ақыл-ойға салып, ойқорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз. Дүниені танып-білудің жолы - білмеуге қарай дәл емес, толымсыз білімнен дәл де толық білімге өту жолы екені белгілі.
Таным процесі айналадағы шындық дүниені сезім мүшелері (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу) арқылы тікелей бейнелендіруден, сөйтіп, нақты білім алудан басталады. Бұл сезімдік таным деп аталады. Адамды сыртқы дүниемен тікелей байланыстыратын бұл сезімдік таным шындық дүние жайындағы біздің біліміміздің қайнар көзі. Сезімдік таным үш негізгі формада іске асады. Олар: түйсік, қабылдау және елестету.
Түйсік дегеніміз - материалдық дүниедегі заттар мен нәрселердің сыртқы көрінісі, түсі, иісі, дәмі, түрі сияқты жеке-дара нақты белгілері мен қасиеттерін бейнелеу. Ал нәрселердің белгілі бір сапа, қасиеттер бірлігі түрінде біртұтас зат ретінде бейнелеу қабылдау деп аталады. Мәселен, терезе алдында өсіп тұрған алма ағашын көргенде, біз оны өз ойымызда басқа ағаштардан өзгеше, өзіндік белгілері бар нақты нәрсе ретінде бейнеленсек, ол қабылдау болып табылады. Сезімдік танымның жоғары формасы болып табылатын елестету -бұрын қабылданған, ал дәл қазір сезім мүшелерінің алдында жоқ нәрселердің көрнекі бейнесін қайта жаңғырту процесі. Мәселен, оқушы сыныпта отырып-ақ анасының немесе әкесінің бейнесін көз алдына келтіре алады. Бұл да көрнекі бейне. Мұнда да жалпылау процесі жоқ.
Сезімдік танымның бұл үш формасы нәрселердің сыртқы бейнесін ғана бейнелейді. Алайда, адам мұндай көрнекі бейнемен, нақты біліммен ғана шектеле алмайды. Ол жеке көрнекі бейнелерді жалпылап, нәрселердің ішкі қасиеттерін, мәнін танып-білуге, табиғат пен қоғамның заңдарын ашуға тырысады. Ал бұл абстрактылы ойлау арқылы ғана іске асады.
Абстрактылы ойлау дүниетанудың екінші, жоғары сатысы болып табылады. Сезімдік танымға қарағанда, ойлау дүниені тереңірек және толығырақ танып білуге мүмкіндік береді. Абстрактылы ойлау біртектес заттар мен құбылыстарға тән нақты, кездейсоқ және жеке-дара қасиет, белгілерді назардан тыс қалдыра отырып, олардың бәріне тән жалпы да мәнді белгілерін жинақтап бейнелейді. Егер адам заттардың көрнекі белгілерін сезім мүшелері арқылы бейнелеумен қанағаттанып қана қойса, онда ол құбылыстар арасындағы себепті байланыстар мен тәуелділіктерді аша алмайды. Мәселен, күннің күркіреуі мен найзағай жарқылының арасындағы байланысты, күн мен айдың тұтылуы себептерін, көптеген қылмыстық істердің себептерін, т.б. аша алмас еді. "...Экономикалық формаларға талдау жасағанда, - деп жазды К.Маркс, - ешқандай микроскопты, ешқандай химиялық реактивтерді қолдануға болмайды. Ол екеуінің орнын абстракцияның күші басуы тиіс".
Алайда, абстрактылық ойлауды сезімдік танымнан мүлдем бөліп алып қарастыруға да болмайды. Ғылыми таным процесінде абстрактылық ойлау мен сезімдік таным бөлімбес бірлікте жүріп отырып, өйткені, ол екеуі біртұтас таным процесінің екі жағы болып табылады. Ойлаудың маңызы қаншалықты зор болғанымен, ол сезім мүшелерінің көмегімен алынған мәліметтерге негізделеді. Сезімдік танымның нәтижесі логикалық танымға өтудің алғышарты болып табылады. Сезімдік танымның мәліметтеріне негізделген абстрактылық ойлау (логикалық таным) ғана ақиқат білім береді. Танымның бұл екі сатысының ажырамас бірлігін практикаға айқын көрсетеді, өйткені практика танымның әрі негізгі қозғаушы күші, әрі білімнің ақиқаттылығының өлшемі (критерий) ретінде оның бүкіл өн бойында шешуші орын алады.
Сонымен, абстрактылық ойлаудың негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
Біріншіден - ойлау шындықты жинақталған формада бейнелейді. Сезімдік танымға қарағанда, ойлау нәрселердің жеке жақтарын назардан тыс қалдырып, олардың бәріне тән жалпы, мәнді жақтарын жинақтайды. Мәселен, күн сайын көптеген адамдарды көреміз. Олардың жасы, жынысы, ұлты мен кәсібі алуан түрлі, біреулер ұзын бойлы екіншілер қысқа бойлы, біреулердің шашы қара, екіншілердің шашы сары, т.б. Олардың бәрін ойша салыстыра келгенде, бәріне ортақ мұнандай маңызды белгілерін - еңбекке, ойлауға және сөйлеуге қабілетін бөліп алып жинақтап, адамның абстрактылық бейнесін жасаймызда, жеке адам жайындағы ұғымнан жалпы адам туралы ғылыми ұғымға көшеміз. Дәл осылайша жинақтау және абстракциялау жолымен "материя", "сана", "мемлекет", "құқық" сияқты болып жатқан ғылыми ұғымдар құрылады. Сөйтіп, абстрактылық ойлау жинақтаудың арқасында шындықты барынша тереңірек бейнелейді.
Екіншіден - ойлау шындықты тікелей бейнелеу емес, жанама бейнелеу, яғни, ой қорытындыларын жасау арқылы белгілі білімдерден жаңа білім қорытып шығару процесі боып табылады.
