Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_460715953521426433.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178.18 Кб
Скачать

Ожж функциялары Есеп 1

Жануарға эксперимент жасалғанда жарық, дыбыс немесе тактильді тітіркендіргіш әсер еткен кезде бас ми қыртысында жасанды электрлік потенциалдар туындайды.

Сұрақтар :

  1. Ми қыртысына сәйкес рецепторлардан импульстар қандай жолдармен өткізіледі?

  2. Қыртыстың қандай бөлімдерінде жасанды электрлік потенциалдар байқалады:

    1. Жарықпен әсер еткен кезде

    2. Акустикалық әсер кезінде

    3. Тактильді әсер кезінде.

Жауаптары.

  1. Жарық стимулы әсеріне жауап ретінде торлы қабықтың фоторецепторларында туындаған қозу көру нервіне, төрт төмпешіктің жоғарғы төмпешіктеріне, сыртқы буынды денелерге, сонан соң ми қыртысына өтеді. Ішкі құлақтың және спиральді ганглий жасушалары механорецепторларынан қозу вестибулокохлеарлық нервтің есту бөлімімен төрт төмпешіктің төменгі төмпешігіне, ішкі буынды денелерге, сонан соң ми қыртысына өтеді. Терінің тактильді рецепторларынан қозу жұлынның артқы мүйіздерінен артқы бағанының ядроларына, сонан соң таламустың арнамалы ядроларына, кейін ми қыртысына өтеді.

  2. а) жарыққа-біріншілік және екіншілік ми қыртысының ш.йде бөлігінде

б) дыбысқа – ми қыртысының біріншілік және екіншілік есту аймағында

в) тактильді тітіркендіруге- орталықтың қатпардан кейінгі бірінші және екінші

соматосенсорлық аймақта.

Есеп 2

Арнайы кішкене баллонмен тік ішекті механикалық үрлеп қампайту кезінде сенсомоторлық қыртыстың бөлігінде электрлік тітіркендіру туындайды.

Сұрақтар:

  1. Осы кезде қандай әсер байқалады?

  2. Мұндай әсерді қалай түсіндіруге болады?

  3. Осы әсердің негізінде нерв орталықтарының қандай қасиеті жатады?

Жауаптар.

  1. Жануарда дефекация туындайды.

  2. Мұндай жауаптың себебі болып ми қыртысының электрлік тітіркенуі табылады, ал ол ішекті механикалық тітіркендірген кезде пайда болып, ми құрылымдарында қозуды күшейтеді.

  3. Физиологиялық қажеттілік негізінде тиісті басым қозу қалыптастыру қабілеті.

Есеп 3

Эксперимент кезінде иттің мишығы түгелдей алып тасталған.

Сұрақтар:

  1. Осы кезде жануардың мінез-құлығында қандай бұзылыстар байқалады?

  2. Мишық қандай функцияларды атқарады?

  3. Мишық мидың қандай құрылымдарымен байланысқан және бұл байланыстардың қандай функциональдық маңызы бар?

Жауаптар.

  1. Абазия, атония, атаксия, астазия, астения.

  2. Қозғалу бағдарламасын қалыптастыру, қозғалуды орындауды бақылау, қозғалыс бұзылыстарын коррекциялау, қозғалудың вегетативтілігін қамтамасыз ету.

  3. Мишық өзінің жоғарғы аяқшалары арқылы қыртыстың ассоциативтік аймақтарынан әрекеттік мақсаты туралы ақпарат алады, ал төменгі аяқшалары арқылы мишықтан ми бағанының ядроларына және үлкен ми жарты шарлары қыртысынан бұйрықтар алады.

Есеп 4

Бақадағы жұлындық нерв орталықтарының іс-әрекетін зерттеу үшін жұлын мен периферияны байланыстыратын нерв түбіршіктерін бірізділікпен кеседі.

Сұрақтар.

  1. Жұлынның алдыңғы және артқы түбіршіктері қандай функцияларды орындайды?

  2. Бақаның сол жағындағы барлық түбіршіктерін кескен кезде қандай әсер байқалады?

  3. Бақаның оң жағындағы барлық түбіршіктерін кескен кезде қандай әсер байқалады?

Жауаптар.

  1. Алдыңғы түбіршіктер эфференттік, қозғалтқыш, ал артқы түбіршіктер афференттік, сезімтал болып келеді.

  2. Бақаның сол жақтағы барлық дорсальды түбіршіктерді кескен соң сол аяқ қолдардың бүгу тонусы жойылады.

  3. Бақаның оң жақтағы барлық вентральды түбіршіктерін кескен кезде оң аяқ-қолдардың қозғалысы жойылады.

Есеп 5

Экспериментте ми қыртысын әлсіз электр тогымен тітіркендірген кезде кеуденің және аяқ-қолдардың кейбір бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады.

Сұрақтар.

  1. Бұл кезде ми қыртысының қандай бөлімдері тітіркенеді?

  2. Бұл жағдайда қозғалыстардың қандай көлемі ( бөлек бұлшықет талшықтары, бүтін бұлшықеттер, буындағы қозғалыстар) байқалады?

  3. Ми қыртысындағы аяқ-қолдардың өкілеттілігінің көлемі нені көрсетеді?

Жауаптар.

  1. Орталықтан алдыңғы қатпарлардың қозғалтқыш аймақтары.

  2. Буындағы қозғалысты қалыптастыратын бөлек бұлшықеттермен қатар бұлшықеттердің топтары.

  3. Қозғалтқыш қыртыстағы қозғалу өкілдігінің өлшемі бастың, кеуденің, аяқ-қолдардың бұлшықеттерін жүйкелендіретін қыртыстың пирамидалық нейрондары мен мотонейрондары аксондарының арасындағы моносинапстық байланыстардың санымен түсңндңреді.

Есеп 6

Экспериментте маймылда бүгетін бұлшықеттердің проприорецепторлары мен шынтақ буыны қалтасының рецепторларынан ақпарат әкелетін нервтерде импульстік белсенділік тіркеледі.

Сұрақтар.

  1. Бұлщықеттер мен буындадың қандай рецепторларын білесіз?

  2. Аталмыш рецепторлар шынтақ буынында қолдың бүгілуі және жазылуы кезінде қандай ақпарат жібереді?

  3. Көрсетілген нервтерді кескеннен соң буында қозғалыс сақталады ма?

Жауаптары.

  1. Бұлшықеттер ұршықтарының нервтері, Гольджидің сіңірлік мүшесі, буын қалтасының рецепторлары.

  2. Үш басты бұлшықеттер ұршықтарының рецепторлары оның созылуының дәрежесі, жылдамдығы мен жеделдеуі туралы ақпарат жібереді. Гольджидің сіңірлік мүшесінің рецепторлары – бұлшықет қатаюының көлемі, буындық рецепторлар – білек пен иық арасындағы бұрыштың көлемі мен жылдамдығы өзгеруі туралы ақпарат жібереді.

  3. Сақталады.

Есеп 7

Эксперименттік жануардың ми бағанын көлденең кескен кезде децеребрациялық сіреспе жағдайы туындайды.

Сұрақтар.

  1. Бұл жағдай қандай көрініс береді?

  2. Осы көрсетілген жағдайды туындату үшін қайсы құрылымдардың арасын кесу қажет?

  3. Децеребрациялық сіреспенің негізінде қандай механизмдер жатады?

Жауаптары.

  1. Децеребрациялық сіреспе жағдайы кеуде мен аяқ-қолдардың жазғыш бұлшықеттері тонусының жоғарылауымен көрініс береді.

  2. Сіреспе жағдайы миды қызыл ядролардан төмен көлденең кескенде орындалады.

  3. Кесу қызыл ядролардың жұлынның сегменттік аппаратына тежегіш әсерінің жойылуына әкеп соқтырады.

Есеп 8

Децеребрацияланған мысықтың басын енжар оң жаққа бұрған кезде екі оң аяқтардың жазғыш бұлшықеттердің тонусы жоғарылайды, ал басын сол жаққа бұрғанда сол аяқтардың жазғыш бұлшықеттерінің тонусы жоғарылайды.

Сұрақтар.

  1. Осы құбылыстың негізінде қандай себептер жатады?

  2. Қандай тоникалық рефлекстерді білесіз?

  3. Тоникалық рефлекстердің орталықтық бөлігі ОЖЖ-нің қандай бөлімінде орналасқан?

Жауаптар.

  1. Лабиринттері сақталған децеребрацияланған жануардың басын бір жаққа бүккен кезде осы жақтың жазғыш бұлшықеттерінің тонусын жоғарылататын вестибулоспиналдық жүйенің белсенділігі жоғарылайды.

  2. Тоникалық рефлекстер статикалық және статокинетикалық болып бөлінеді. Статикалық рефлекстер дене қалпын сақтау және тік тұру рефлекстері болып бөлінеді. Статокинетикалық рефлекстер дененің тік сызықты қозғалыс рефлекстері мен айналмалы қозғалыс кезіндегі рефлекстер болып бөлінеді.

  3. Тоникалық рефлекстердің орталықтары көпір ядролары мен сопақша мида орналасқан.

Есеп 9

Қоянға эксперимент жасап, гипоталамус, таламус және торлы құрылымды электрлік тітіркендіру кезінде ми қыртысында өзіне тән электрлік белсенділіктің өзгерулер туындайды.

Сұрақтар.

  1. Гипоталамусты тітіркендірген кезде туындайтын өзгерістер неден құрылады?

  2. Таламусты тітіркендірген кезде туындайтын өзгерістер неден құрылады?

  3. Торлы құрылымды тітіркендірген кезде туындайтын өзгерістер неден құралады?

Жауаптар.

  1. Гипоталамусты тітіркендірген кезде ми қыртысының алдыңғы бөлімдерінде ЭЭГ белсенуінің шектелген жауабы байқалады.

  2. Таламусты тітіркендірген кезде біріншілік сенсорлық проекциялық аймақтарда осындай өзгерістер байқалады.

  3. Торлы құрылымды тітіркендірген кезде ми қыртысының барлық бөлімдерінде жайылған белсену байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]