Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Endometrioz_testy_na_kaz_doc1788408468Endometri...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

62 Эндометриоз кезінде гистеросальпингографияны жүргізеді:

  1. + етеккір циклының 7-8-ші күндері

  2. етеккір циклының 10-11-ші күндері

  3. Овуляция кезінде

  4. етеккір циклының екінші фазасында

  5. Етеккір циклының фазасына тәуелсіз

63 Эндометриоздың "кіші" формаларында эндометриоидты гетеротопиялардың мөлшері аспайды:

  1. 0.4 см

  2. + 0.5 см

  3. 0.6 см

  4. 0.7 см

  5. 0.8 см

64 Ішкі эндометриоздың қандай дәрежелері бар?

  1. I дәр.- эндометридің зақымдалуы, II дәр.- миометрия зақымдалуы, III дәр.- серозды қабаттың зақымдалуы;

  2. I дәр.- жатыр зақымдалуы, II дәр.- жатыр мойнының және қынаптың жоғарғы 1/3 бөлігінің зақымдалуы, III дәр.- жатыр қосалқыларының зақымдалуы;

  3. + I дәр. – миометридің 1/3 бөлігінің зақымдалуы, II дәр. – миометридің 2/3 зақымдалуы, III дәр. – миометридің тұтастай зақымдалуы;

  4. I дәр. – жатыр мен оның қосалқыларының зақымдалуы, II дәр. – параметридің зақымдалуы, III дәр. – көрші ағзалардың зақымдалуы;

  5. I дәр. – жатыр денесінің зақымдалуы, II дәр. – жатыр мойнының зақымдалуы, III дәр.-қынаптың зақымдалуы.

65 Жүктіліктің эндометриоздың дамуына әсері:

  1. + алғашқы 2-3 айда эндометриоидты гетеротопиялардың ұлғаюын шақырады, содан соң кері даму басталады, әсіресе бұл жағдай босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияланушы әйелдерде байқалады

  2. босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияланушы әйелдерде эндометриоидты гетеротопиялардың ұлғаюын шақырады

  3. эндометриоздың дамуы жүктіліктің басынан аяғына дейін ынталанады

  4. жүктіліктің екінші триместрінен бастап эндометриоидты гетеротопиялардың ұлғаюын шақырады

  5. жүктіліктің үшінші триместрінен бастап эндометриоидты гетеротопиялардың ұлғаюын шақырады

66 Жатыр денесінің ішкі эндометриозының қосарланған локализациясы деп айтуға болады, егер оның мындай локализациясы орын алса:

  1. + корпоралды және истмикалық

  2. истмикалық және аналық бездері

  3. аналық бездері және корпоралды

  4. корпоралды және жатыр мойны

  5. истмикалық және жатыр мойны

67 Жатыр денесінің ішкі эндометриозымен сырқаттанатын науқастардағы альгоменореяның айқындылығы тікелей байланысты:

  1. + эндометриоздың жайылуына

  2. әйелдің жасына

  3. қосалқы экстрагениталды аурудың болуына

  4. әйелдің дене салмағына

  5. әйелдің бойына

68 Айқын ауру сезімі белгісі гениталды эндометриоздың аталған локализациясының барлығында байқалады, біреуінен басқа:

  1. жатырдың истмикалық-цервикалды бөлігінің

  2. аналық бездерінің

  3. + жатыр мойнының

  4. жатыр түтіктерінің

  5. ретроцервикалды аймақтың

69 Эндометриоз кезінде етеккір циклы бұзылысының типі қандай?

  1. метроррагия

  2. аменорея

  3. олигоменорея

  4. гипоменорея

  5. + менометроррагия

70 Аналық бездері эндометриозымен сырқаттанатын науқастарға (оның кіші формаларында) болуы тән емес:

  1. екі фазалы етеккір циклының сақталуы

  2. етеккір алдында іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі

  3. Бедеулік

  4. Альгодисменорея

  5. + метроррагия

71 Эндометриоидты кисталар кезінде жабысқақ үрдістің дамуы байланысты:

  1. қатар жүрген қабыну үрдісімен

  2. + етеккір кезінде эндометриоидты ошақтардың микроперфорациясымен

  3. көрші ағзалар қызметінің бұзылуымен

  4. ошақтардың жатырдың жалпақ байламының аяқшаларының арсында орналасуымен

  5. етеккір қанының ошақтарда тез жиналуымен

72 Науқас 28 жаста, ішінің төменгі бөлігінің төмен тартып ауырсынуына, ол ауру сезімінің етеккір алдында және етеккір кезінде күшеюіне, етеккір алдында және одан кейін қоңырқай жағынды түріндегі қанды бөлінділерге, 5 жыл көлеміндегі бедеулікке шағымданады. Анамнезінен: жүктіліктің 5-6 апта мерзімінде бір өзіндік түсік; 20 жасында аналық безі кистасының жарылуы себебінен оталанған, оң жақ аналық безінің резекциясы жасалынған. РV: жтыр мойнының формасы цилиндр тәрізді, жатыр anteflexio қалпында, қозғалғыштығы шектелген, мөлшерлері қалыпты, ауру сезімінсіз, жатырдың оң жақ артқы бөлігінде мөлшері 8,0 х 8,0 см түзілім пальпацияланады, консистенциясы тығыз эластикалы, аз қозғалмалы, жатырдың артқы бүйір қабырғасына жабысқан, аздап ауру сезімді. Сол жақ қосалқылары ұлғаймаған. Жыныс жолдарынан бөлінділері – шырышты. Лапаротомияда: ісік қоңыр түсті, қоршаған тіндермен жабысқан. Диагноз?

  1. оң жақты түтіктік жүктілік

  2. түйіні субсерозды орналасқан жатыр миомасы

  3. жабысқақ ауруы

  4. + оң жақ аналық безінің эндометриоидты кистасы

  5. аналық бездерінің эндометриозы

73 Аналық бездерінің эндометриоидты кистасы бар науқастарда келесі қосымша зерттеу әдісін жүргізу таңдалынбайды:

  1. экскреторлы урография

  2. ирригоскопия

  3. ректороманоскопия

  4. + кольпоскопия

  5. гистероскопия

74 Метросальпингография әдісі арқылы анықталған ішкі эндометриозға едәуір тән белгі болып табылады:

  1. жатыр қуысының ұлғаюы

  2. жатыр қуысының деформациясы

  3. "толу ақауының" болуы

  4. + "контурарты көлеңкелерінің" болуы

  5. жатыр түтіктерінің ригидтілігі

75 Аналық бездерінің эндометриоидты кистасымен сырқаттанатын науқастардың консервативті емінің жетіспеушілігіне сақталуы жатады:

  1. іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімінің

  2. + қуыстық түзілім ретінде кистаның

  3. етеккір циклының бұзылысының

  4. диспареунияның

  5. дизуриялық құбылыстардың

76 Ретроцервикалды эндометриоздың II-IV сатыларының клиникалық көріністеріне жатпайды:

  1. қынап пен тік ішекке берілетін өткір "атушы" ауру сезімі

  2. метеоризм, үлкен дәреттің жүрмеуі

  3. нәжісте қан араласуы

  4. жамбас түбіндегі және іштің төменгі бөлігіндегі сыздатушы ауру сезімі

  5. + етеккір алдында жағынды түріндегі қанды бөлінділер

77 ІІ сатыдағы жатыр эндометриозының едәуір эффективті емдеу әдісі болып табылады:

  1. норколут 5 мг күніне етеккір циклының 16-сы мен 25-ші күндері аралығында 6 ай бойы

  2. бисекурин контрацептивті схема бойынша 6 ай бойы

  3. гестринон 1 капсуладан аптасына 2 рет 6 ай бойы

  4. + золадекс 1 инъекция 28 күнде 6 ай бойы

  5. ригевидон циклдың 1-ші және 21 күн аралығы 6 ай бойы

78 Науқастарды гонадолиберин агонистерімен емдеудің оптималды ұзақтығы құрайды:

  1. 3 ай

  2. 5 ай

  3. + 6 ай

  4. 9 ай

  5. 12 ай

79 Аналық бездері эндометриозы дамуының қауіп-қатер факторлары:

  1. + жыныс және гонадотропты гормондар қатынасының бұзылысы, эстрогендер метаболизмінің бұзылысы, ұзақ мерзімді гиперэстрогения

  2. жыныс және гонадотропты гормондар қатынасының бұзылысы, эстрогендер метаболизмінің бұзылысы

  3. ұзақ мерзімді гиперэстрогения, эстрогендер метаболизмінің бұзылысы

  4. жатыр мойнының құрылымдық өзгерістері (ДЭК, жыртылулар, ұзақ ағымды қабыну үрдістерінің нәтижесі)

  5. жиі түсіктер

80 Эндометриоздың даму аспектілерінің бірі болып табылады:

  1. дисгормоналды бұзылыстар

  2. аналық бездерінің патологиясы

  3. + бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатының дисфункциясы

  4. гипоталамус-гипофизарлы жүйенің қызметінің бұзылыстары

  5. генетикалық бейімділік

81 Ішкі гениталды эндометриозға келесі локализация тән емес:

  1. аналық бездері

  2. жатыр түтіктері

  3. + тік және сигма тәрізді ішектердің серозды қабаты

  4. сыртқы жыныс мүшелері

  5. жатыр

82 Жатыр денесінің ішкі эндометриозына келесі клиникалық белгілер тән емес:

  1. бедеулік

  2. етеккір алдында және етеккір кезінде жағынды түріндегі қанды бөлінділер

  3. гиперполименорея

  4. екіншілік анемия

  5. + тік ішекке берілетін жамбас түбіндегі ауру сезімі

83 Аналық бездерінің эндометриозын диагностикалауда келесі қосымша зерттеу әдісі қолданылмайды:

  1. газды пельвиография

  2. лапароскопия

  3. УДЗ

  4. + қынаптың артқы күмбезі арқылы кистозды түзілімнің пункциясы

  5. КТ

84 Ретроцервикалды эндометриозды диагностикалауда келесі қосымша зерттеу әдісі қолданылмайды:

  1. лапароскопия

  2. ректороманоскопия

  3. қынаптың артқы күмбезінде патологиялық ошақтардың биопсиясы

  4. + құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

  5. УДЗ

85 Жатыр денесінің ішкі эндометриозын анықтауды қолданылмайды:

  1. гистеросальпингография

  2. УДЗ

  3. гистероскопия

  4. + лапароскопия

  5. МРТ

86 Аналық бездерінің эндометриоидты кисталары кезнде кіші жамбастағы тыртықты-жабысқақ үрдістің себебі болып табылмайды:

  1. эндометриоидты кисталардың бірнеше рет кішкентай перфорациясы нәтижесінде құрамындағы сұйықтықтың құрсақ қуысына ағуы

  2. кіші жамбастағы реактивті асептикалық қабыну

  3. + етеккір циклының бұзылыстары

  4. эндометриоздың жақын жатқан мүшелерге "еніп өсуі"

  5. жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуның қатар жүруі

87 Сыртқы эндометриоздың негізгі клиникалық белгілері:

  1. етеккір циклының екңншң фазасында эндометриоидты түзілімдердің мөлшерлерінің ұлғаюы

  2. етеккір келер аддында дене қызуының жоғарылауы

  3. альгоменорея

  4. + гиперменорея

  5. жамбас аурулары

88 Аналық бездерінің эндометриоидты түзілімдерінің перфорациясына тән:

  1. + іштегі ауру сезімі, ішперденің тітіркену белгілері

  2. етеккір алдында дене қызуының жоғарылауы

  3. жыныс жолдарынан қанды бөлінділер

  4. лейкопения

89 Жатыр мойнының эндометриозын анықтауда, әдетте, келесі зерттеу әдістерін қолданады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]