Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Мырзаханова А..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.62 Кб
Скачать

1.1 Оқушылардың білімін жетілдіру жолдары

Қазіргі заманғы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып әлемдік білім кеңістігіне енудің алғы шарттарын жасап келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты пеагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі түбегейлі өзгеріске иеленуде. Бүгінгі таңда оқушылардың жаңа типі қалыптасты. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сондықтан білім саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оқытудың жаңа технологиясын меңгеру болып табылады[12].

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті ретінде білімдік шоғырланудан – нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу қажеттігі атап көрсетілген[13].

Қоғамның саяси – экономикалық даму формациясына сай жастарға білім берудің әр түрлі парадигмалары құрылғаны белгілі. Соңғы 100 жылдай уақыт ішінде білім берудің еңбекке баулу, политехникалық, дамыта оқыту, ақпараттық технологиялық, гуманитарлық, контекстік және нәтижеге бағытталатын оқыту сияқты көптеген парадигмалардың пайдаланылғаны мәлім. Кейінгі таяу жылдар ішінде ақпараттық технологиялық , экономикалық, әлеуметтік – тұлғалық, бейімді білім берудің кейбір алғышарттары айқындалуда[14].

А.Е.Әбілқасымова пікірінше, қазіргі кезеңдегі «білімді адам» (білім, білік, дағдыны меңгерген) парадигмасының «өмірлік іс-әрекеттерге дайындалған адам» парадигмасына ауысуда, яғни белсенді, шығармашылық ой-санасы қалыптасқан,өзін-өзі дамытатын, интеллектуалдық тұрғыда өзін жетілдіретін адамның қалыптасуы[24].

Ш.Таубаева өз зерттеулерінде «парадигма» түсінігінің философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда саралануын зерделейді, ол жалпы орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары қоғам дамуының «Мәдениет-Білім-Тарих» атты микропарадигмасы, педагогика ғылымы мен білім берудің қалыптасушы жаңа әдіснамасы аясындағы білім берудің жаңа парадигмасы пәнаралық түсінігі тұрғысынан мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындайтын бағыттар ретінде ашып көрсетеді[24].

Дәстүрлі педагогикалық білім мазмұны негізінен танымдық сипатта беріліп келді. Оның дидактикалық-әдістемелік бөлігін құрайтын жаттығулар, сұрау-тапсырмалар сол танымдық материалды меңгеруге қызмет ететін мақсатта құрылатын. Ендігі жерде жаңа ХХІ ғасыр педагогикасының философиясы мүлде өзгеше парадигманы қажет етуде. Мұнда білім беру процесінің объектісі бұрынғыдай тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды. Білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, мынадай міндеттерден түзіледі: оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, шығармашылық іскерлік сапаларын, өз бетінше оқу әрекетшілдігін, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік, экологиялық, дене мәдениетін т.б. қалыптастыру. Білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары тұлға дамытушы мүддені түзуге тікелей қызмет ететіндей етіп құрылуы керек. Күн тәртібіне қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді жаңа сатыға көтеріп, жан-жақты жетілген шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру өзектілігі артуда[25].

Педагогика ғылымының теориясы мен практикасына, білім беру жүйесінің дамуына жасаған талдаулар білім беру мен тәрбиедегі “тоқырау” кенеттен пайда болмағандығын көрсетеді. Бұл мәселе 80-жылдардың басында анық байқалып, бірте-бірте жандана түсті. Оның бастаулары 30- жылдардың басында көрініп, 70-жылдары жалпы орта білім беруді күрделі бағдарламалармен оқыту және постиндустриалды қоғамның қарқынды қалыптасу міндеттерін шешуге қабілетсіздігімен байқала бастады[26].

60-жылдардың орта тұсында “Кеңестік білім беру” әлемдік жағдайда алдыңғы орындарға жеткен болатын. Білімдік бағдарламалардың негізділігі, мектеп оқушыларының білім сапасының көрсеткіштері және жоғары, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық білім беру масштабының өсуімен ерекшелене түсті.

Кейінгі уақыттарда бұл қарқындылық баяулап, білім беру жүйесіндегі динамизм бойынша Батыс елдерінің алдыңғы қатарлы және Шығыстың дамушы елдерінен ерекшеленуі тоқталды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар өсті, ал білім беру жүйесі сапалық өзгеріссіз немесе білім беру реформалары жүйесіз сипат алды[26].

Қоғамда күрделі процестер белең алып, нәтижелері тек 80-жылдардың ортасында анық көріне бастады. Экономиканың даму қарқындылығы баяулап, бұрынғы идеялогиялық бағдар көмескіленіп, әлеуметтік тұрақсыздық, адамдар арасындағы қарым-қатынас өзгерді, нәтижесінде адамгершілік-рухани құндылықтардың, өзара көмек т.б. сипаты өзгеріске түсті. Мұның өзі тәрбиелік қызметтің, әлеуметтік құндылықтардың толымсыздығына әкелді. Жастар қоғамдағы білім мен қабілеттің сұранысының болымсыздығын сезе бастады. Мәдениеттің, ұлттық дәстүрлердің, салт-сананың төмендеуі білім берудің тиімді саясатын жүргізуді қиындата берді[25, 26].

80-жылдардың ортасында бірқатар өлшемдер бойынша білім беруде батыс елдерден артта қалушылық көріне бастады. Әсіресе, жоғары білім беру масштабы бойынша дамыған елдерден артта қалушылық байқалды.

Отандық мектептер білім берудегі үздіксіздік тұрғысынан артта қала бастады. АҚШ мен Англияда т.б. білім беру уақыты 12-13 жылды құрады. Көп уақытқа дейін біздің мектептер ұжымдық сипатқа негізделген бірегей стандартқа ұмтылды, нәтижесінде оқушының өз болмысын тану, белсенділігі мен инициативасы, шығармашылық әлеуетін дамыту толымсыз болып шықты[25, 26].

Қазіргі уақытқа дейін мектеп әлеуеттік ортадан алшақ, өз проблемаларын өз күшімен шешуге ұмтылыс жасау сипатында қалып отыр. Мектеп оқушыларының әлеуметтік бейімділігі мен өмірлік тұрақтылығы, шығармашылығы, ізденімпаздығы мен шешім қабылдауы т.б. қоғам дамуына тікелей қажетті сапаларды қалыптастыруда артта қалды.

Көрсетілген қиындықтарға қарамастан, білім беру жүйесі даму тұғырын сақтап қалуға ұмтылды. Білім беру жаңа сапаға: өзгермелі, демократиялық және вариативті сипатқа көшті. Оқу мекемесінің типін, бағдарламалар деңгейін, т.б. таңдау мүмкіндігі туды. Білім беру жүйесі жаңа бағыт іздеу, оқыту мазмұнын жаңартуға бет бұрды.

Әлеуметтік жағдайды, жаңашылдық өзгерістер мен әлемдік педагогикалық тәжірибені қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау білім беруді дамытудың жаңа бағдары – жаңару стратегиясын таңдауға себепші болды[30].

Алдымен білім беру мақсаттарының өзгерісіне, ізінше оның тиімділігі өлшемдері келді. Білім беру жүйесі әлі де болса соңғы нәтиже ретіндегі білім, білік және дағдыға бағдарланған. Білім деңгейі мектеп бітірудегі, жоғары оқу орындарына түсуде т.б. негізгі өлшемдер ретінде қарастырылады. Ежелден белгілі: “Көп білім ақылдылыққа үйретпейді”. Сондықтан оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға, дара мүмкіндіктерін, шығармашылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Оқыту - міндетті түрде тәрбиелік қызметпен сабақтастықта өтуі қажет[29, 30].

Осы тұрғыдан білім беру мақсаттары әлеуметтік-жекетұлғалық құндылықтарға, сонымен қатар жекетұлғалық-даралық сипатта болу қажеттігі туындады[26].

Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау жасай отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге болады:

● мектеп жүйесіндегі демократизация;

● мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;

● оқушылардың шығармашылығын, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану;

● ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;

● оқыту жүйесін модернизациялау;

● тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;

● жаңа техникалық құралдарды пайдалану;

● мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен тәрбиелеуді кіріктіру[29, 30].

Әлемдегі алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдалана отырып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті мәселе. Мемлекеттік білім беру жүйесі негізінде әлемдік білім кеңістігіне ену – оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайту арқылы денсаулығын сақтау, бос уақытын жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіруге жұмсауға жағдай жасап қана қоймай, оқыту сатылары бойынша оқу материалын тиімді түрде игеруге, оны өмірде қолдану және болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды жинақтауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекетаралық білім сайыстарына, бағдарламаларға, білім жобаларына қатысуына мүмкіндіктер туындайды, нәтижесінде отандық аттестаттардың шетелдерге танылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан білім беру жүйесіндегі реформа кезеңдерге бөлініп, эволюциялық жолмен, жаңа әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану арқылы жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, білім беру процесінің жаңа моделін сынақтан өткізу және мектепті бірте-бірте жаңа шығармашылық іс-әрекет ұстамына көшіру түрінде жүзеге асырылуы тиіс[31, 32, 37].

Жалпы, жаңарған мектепте оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпнұсқалы және икемді болуы қажет. Сондай-ақ бұл мәселеде негізгі, орта және жоғары мектептің, өндірістің т.б. өзара сабақтастығы проблемасын ескерген жөн[37].

Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы қазіргі білім беруді дамыту мен жетілдіруді түрлі инновацияларды енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты принципті бағыттар қатарын қайта қарамайынша елестету мүмкін емес. Солармен бірге, қазіргі мектептің педагогикалық процесін бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте, шығармашылық қабілетке, шығармашылық рефлексияға, шығармашылық өзін-өзі дамытуға, шығармашылық дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан талаптарға сәйкес келуі мәселесінің қарастырылуына да үлкен мән берілуі керек.

Қоғамды гуманизациялау – ХХІ ғасыр басындағы ғылыми мәселе десек те болады. Қазірдің өзінде, оның дамуының бүгінгі кезеңінде бұл тенденция адамдық фактордың анықтаушы ролімен көрсетіліп отыр. Осы фактор феноменологиясында шығармашылық қызығушылық басым және оның негізгі құраушысы болып табылады. “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”[17].

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету[6].

О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді[19]. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн[30].

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс[21].

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады[19].

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі[22]. И.П.Павлов «... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді» - деген болатын. Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің рөлін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл - ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек[40].

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек[39, 40, 41].

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы мамыр айының 26 жұлдызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді». Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан жоғары мектеп реформасының негізін құрайды[43]. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде[39, 40].

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея[38].

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын)[38, 40].

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

– дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.

– қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

– оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

– саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

– ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

– иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

– ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады[44].

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады[40].