- •Алматы, 2015
- •I. Оқушылардың білімін жетілдірудің педагогикалық – дидактикалық негіздері.
- •II. Химиядан оқушылардың білімін тереңдетудің әдістемесі.
- •1.1 Оқушылардың білімін жетілдіру жолдары
- •1. 2 Оқушылардың химиялық білімін жетілдірудің дидактикалық негізі.
- •2.1 Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды пайдалану арқылы оқушылардың химиялық білімін тереңдету әдістемесі
- •1. Мырзабекұлы а. Химияны оқыту әдістемесінің пепагогикалық негіздері Алматы “Білім” 2004, 163-170 б.
- •2. Нұғыманұлы и., Шоқыбаев ж.Ә., Өнербаева з.Ө. Химияны оқыту әдістемесі Алматы “Prints”. 2005,
- •3. Мырзабаев а., Тұрбекова н. Сыныптан тыс жұмыстар // Химия мектепте., Алматы 2004, №4, 11-17 б.
- •13. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы.
- •18. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
I. Оқушылардың білімін жетілдірудің педагогикалық – дидактикалық негіздері.
1. 1 Оқушылардың білімін жетілдіру жолдары...................................
1. 2 Оқушылардың химиялық білімін жетілдірудің дидактикалық негізі............
II. Химиядан оқушылардың білімін тереңдетудің әдістемесі.
2. 1 Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды пайдалану арқылы оқушылардың химиялық білімін тереңдету әдістемесі.....................................................
2. 2 Жүргізілген эксперименттің нәтижесі...................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................
ҚОСЫМША А.............................................................................
ҚОСЫМША Б
КІРІСПЕ
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік[17, 18].
Қазіргі кезде нарықтық қатынастарға негізделген кәсіпкерлік қоғам құрудамыз. Қоғамдық әлеуметтік құндылықтар ерекше өзгерістерге ұшырады. Адамдар жекеменшік иесі болып, саяси-экономикалық еркіндік алды. Кәсіпкерлік әр үйдің күнделікті тіршілік тірегіне айналды. Білім ең негізгі факторға айналды. Сол себепті мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі қоғам мүшелерінің шығармашылық қырын қарым-қатынастарына байланысты анықталатын болды. Білім берудің мұндай жаңа парадигмасының алғышарттарын құруға Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары, бағдарламалары негіз болды. Мұндай ресми құжаттарда жекеменшік бостандықпен кәсіпкерлік еркіндікке жол ашылған, нарықтық білім негіздерімен жастарды мектептен бастап таныстырудың, инновациялық білім экономикасына көшудің қажеттіліктері көрсетілген[15, 16].
Сондықтан қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр[33].
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті[30].
Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында “…басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалды ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыратын тұлға қалыптастыру болып саналады” – деп көрсетілген.
Жалпы, білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі, жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын. Осыған орай көпқырлы білім мен тәрбие құрылымды мазмұнды анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды. Сонымен қатар, қай мемлекетті атар болсақ, негізгі тірегі-білікті, білімді, іскер, белсенді адамдар екенін көреміз. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай, интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындығы дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыстың сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастыра білсе маңызы зор.
Жұмыстың өзектілігі: Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Ірі ғалымдардың өмірінен, ғылымға шексіз берілуінен үлгі – өнеге алады, ашқан жаңалықтарының мәнін және маңызын түсінеді. Химияның және химия өнеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араласуға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жұмыс істей білуге үйретеді.
Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, оқушылардың сабақтан бос кезіндегі уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында біз зерттеу тақырыбымызды «Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың химиялық білімін тереңдету» деп таңдадық.
Зерттеудің нысаны – сынытан тыс жұмыстар.
Зерттеудің пәні –
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың сабақ үстінде алған білімдерін тереңдету, химия пәніне қызығушылықтарын арттыру, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, өз бетінше білім алуға үйрету, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету және жұмыс жорамалымысдың дұрыстығын тексеру үшін шешімді қажет міндеттер:
- сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың химияға құштарлығын, білімін жоспарлы дамытудың тиімділігін зерттеу;
- теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу;
- жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету;
- сыныптан тыс жұмыстарға мамандарды оқушылардың ата-аналарын қатыстыру;
- көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру;
- сыныптан тыс жұмыстармен оқушыларды шамадан тыс шұғылдандырмау;
- сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.
І. Оқушылардың білімін жетілдірудің педагогикалық – дидактикалық негіздері
