
- •Есеп № 1
- •Тәжірибенің бұл түрі жүрек жеткіліксіздігінің миокардиалдық түрін алуға мүмкіндік береді.
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Есеп № 6
- •Есеп № 8
- •Есеп № 9
- •Екіншілік (симптоматикалық) бүйректік гипертензия.
- •Есеп № 12
- •Есеп № 13
- •Есеп № 15
- •Есеп № 16
- •Есеп № 18
- •Жоқ, болмайды. Биот тынысы өте ауыр патологиялар кезінде және Чейн-Стокс тынысына қарағанда тыныс алу орталығы қозуының тым қатты төмендеуі кездерінде дамиды.
- •Кезеңдік тыныс патогенезінде ең негізгі фактор – ол ми гипоксиясы және көмірқышқыл газының физиологиялық концентрациясына т.А. Орталығының қозуының төмендеуі. Есеп № 19
- •Есеп № 21
- •Есеп № 22
- •Есеп № 23
- •Есеп № 25
- •Науқаста нефротикалық синдром дамыған.
- •Науқаста жедел бүйрек жеткіліксіздігі, олигануриялық кезеңі дамыған.
- •Шеткері паралич.
- •Орталықтық паралич.
- •Жұлынның бел аймағындағы бүйір бағанларындағы демиелинизациялану үрдісі. Есеп № 36
- •Есеп № 38
- •Есеп № 39
- •Есеп № 40
- •Есеп № 41
- •Есеп № 43
- •Тәжірибелік жануардың қанындағы кальций деңгейі төмендейді.
- •Қандағы кальций деңгейінің төмендеуі тетанияның дамуына әкеледі. Есеп № 45
- •Есеп № 47
- •Есеп № 48
- •Есеп № 50
- •Есеп № 51
- •Есеп № 53
- •Есеп № 55
- •1. Науқаста бауырдың гликоген синтездеу, яғни галактозаны глюкоза мен гликогенге айналдыру қызметі бұзылған.
- •Есеп № 58
- •Бұл жағдайда тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі, олардың жоғары деңгейде пайдаланылуына негізделген.
- •1. Гипохромдық анемия, айқын микроанизоцитоз, пойкилоцитоз, анулоцитоз.
- •2. Темір тапшылықтық анемияға тән.
- •3. Науқаста дамыған асқазан-ішек патологиясына байланысты, темірдің тапшылығы оның сіңірілуінің бұзылысына негізделеген деп тұжырымдауға болады. Есеп № 61
- •1. Темір тапшылықтық анемияға тән.
- •Эритроциттерде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жеткіліксіздігіне негізделген гемолиздік анемия.
- •Қалқанша маңы бездерінің жеткіліксіздігі.
- •Қалқанша маңы безінің гиперфункциясы.
Есеп № 16
23 жасар науқасты жасанды тыныс алуға көшірген. Қанның газдық құрамын зерттеген кезде, артериялық қанда оттегінің қысымы сынап бағанасы бойынша 85 мм, ал көмір қышқыл газы – 45 мм с.б. тең болған.
Бұл жағдайда сыртқы тыныс бұзылысының компенсациялану деңгейі жеткілікті ме?
Бұл жағдайда сыртқы тыныс бұзылысының компенсациялану деңгейі жеткілікті емес, өйткені қалыпты жағдайда 40 жасқа дейін адамдардың артериялық қанындағы оттегі қысымы 95 мм с.б., ал көмірқышқыл газы – 40 мм с.б. тең болады.
Есеп № 18
56 жасар науқас неврологиялық бөлімге ми инсульті бойынша түскен. Түскен кезде жағдайы өте ауыр болған және Чейн-Стокс кезеңдік тынысы байқалған. Ал екінші күні ол тыныс Биот тынысына ауысқан.
1. Биот тынысының пайда болуына қарап, науқас жағдайының жақсарып келе жатқандығын жобалауға болады ма?
2. Кезеңдік тыныс патогенезінде қандай фактор негізгі болады?
Жоқ, болмайды. Биот тынысы өте ауыр патологиялар кезінде және Чейн-Стокс тынысына қарағанда тыныс алу орталығы қозуының тым қатты төмендеуі кездерінде дамиды.
Кезеңдік тыныс патогенезінде ең негізгі фактор – ол ми гипоксиясы және көмірқышқыл газының физиологиялық концентрациясына т.А. Орталығының қозуының төмендеуі. Есеп № 19
Диурезге адреналин мен норадреналиннің әсерін зерттеу үшін егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізілген. Тәжірибе нәтижесінде, адреналинді төмен мөлшерде енгізгенде сулы диурездің жоғарлауы және үлкен мөлшерде енгізгенде диурездің төмендеуі анықталған. Ал норадреналин тек қана атидиуретикалық әсер көрсеткен.
Тәжірибеде қолданған катехоламиндердің әсерінен диурездің өзгеру механизмдері қандай?
Норадреналин мен адреналиннің үлкен дозалары қанды алып келетін бүйректік артериолдардың спазмын туындатады, осыдан нәтижелі фильтрациялық қысым төмендейді. Нәтижесінде шумақтық фильтрация төмендеп, диурез азаяды.
Адереналиннің аз дозасы әсерінен қанды алып кететін бүйректік артериолдардың спазмы туындайды, ол нәтижелі фильтрациялық қысымның жоғарлауына ықпал етіп, бүйрек шумақтарында фильтрация жоғарлап, диурез артады.
Есеп № 21
Қояндарға 0,8 мл 1% сулема ертіндісін 5 күн бойы күнделікті енгізгенде айқын олигурия, протеинурия, гипопротинемия дамиды. Бұл кезде шумақтық фильтрация 90% құрайды.
Шумақтық фильтрацияның аздап қана төмендеуі кезіндегі айқын олигурияның дамуын қалай түсіндіруге болады?
Шумақтық фильтрацияның аз ғана төмендеуі кезіндегі айқын олигурияның дамуы проксималдық түтікшелердің зақымдануымен түсіндіріледі. Нефронның бұл бөлімі, зат алмасу үрдістерінің қарқынды белсенділігімен ерекшелінеді және түтікше эпителийлерінің некрозын туындататын улы заттардың зақымдаушы әсеріне өте сезімтал келеді. Түтікшелік эпителийдің зақымдануынан шумақтық фильтрат толығымен бүйректің интерстициалдық тіндеріне өтіп, одан лимфа мен қан айналымға сіңеді. Осыған байланысты, бұл жағдайдағы анурия бүйректік қан айналымының және шумақтық фильтрацияның бұзылуымен емес, зақымданған түтікшелер қабырғасы арқылы біріншілік зәрдің резорбциялануымен түсіндіріледі.