- •1. Корпорацияның қаржы механизмі мен қаржы құрылымы.
- •2. Қр корпарациялаудың даму жолдары
- •3. Пайыздарды есептеу барысында инфляция денгейі
- •1.Ұзақ мерзімді активтердің түсініктері
- •2. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі
- •3. Корпорацияның қаржылық қызметінің міндеттері.
- •1. Жай және күрделі пайыздардың ерекшеліктері
- •2. Негізгі капитал ұғымы және корпорация қаржысын ұйымдастырудағы оның рөлі.
- •3. Амортизацияны есептеу жолдары мен әдістері
- •1. Корпорацияның қаржы механизмі мен қаржы құрылымы.
- •2. Амортизацияны есептеу жолдары мен әдістері
- •3. Капитал құнын бағалау әдістері.
- •1. Айналымдағы капиталды ұйымдастырудың ұстанымдары мен олардың сыныпталуы
- •2. Өзіндік құнның құрамы мен құрылымының салалық ерекшеліктері.
- •3. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі
- •6 Билет
- •1. Корпорацияның қаржы саясаты
- •2. Капитал
- •3. Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың қызметі
- •1. Меншікті капиталдың жекелеген элементтерін бағалау
- •2. Қаржы саясаты және қаржы механизмі
- •3. Қаржы құралдарын бағалау: акциялар, облигациялар
- •1. Франчайзинг және қаржыларды тартуды өзге де көздері.
- •2. Баға ұғымы және капиталдың құрылымы.
- •9 Билет
- •1. Кәсіпорының жарғылық капиталы
- •2. Корпорацияның қаржылық стратегиясы.
- •3. Ақшалай қаражат ағынын жоспарлау
- •10 Билет
- •1. Негізгі қаражаттардың және материалдық емесе активтердің экономикалық табиғаты, құрамы және құрылымы.
- •2. Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны
- •3. Айналымдағы капиталдың мәні, қызметі мен сыныпталуы.
- •2. Корпорацияның меншік капиталы, оның құрамы мен құрылымы.
- •3. Акция және оның түрлері.
- •1. Инвестиция және оның түрлері
- •3. Қаржы есеп – қисабын талдау әдістері
- •1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен ұстанымдары.
- •1.Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері.
- •2.Қаржыны жоспарлаудың мазмұны мен міндеті
- •1.Банкроттық жағдайлар дегеніміз не?
- •3. Капитал құнын бағалау әдістері.
- •1. Кәспорының жарғылық капиталы
- •2. Өзіндік құнның құрылымының ерекшеліктері.
- •3. Өткізілген өнімге кететін шығындарды жоспарлау
- •1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі
- •2. Өнімдерді өндіру мен өткізуге кететін шығындарға бақылау жасау
- •3. Корпорация қаржысының негізгі мазмұны
- •1. Корпоративті қаржылардың, олардың қызметтерің ұғымы мен мазмұны
- •2. Ақшаның уақытша құндылығының ұғымы.
- •3. Негізгі капиталды бағалау әдістері. Бастапқы, қалпына келтіру, тарату және қалдық құндары.
- •1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері. Материалдық емес активтер: алу көздері, амортизация.
- •2. Нормаланатын және нормаланбайтын айналымдағы қаражаттар.
- •3. Айналым капиталының жіктелімі
- •1. Шығын деңгейлерінің көрсеткіші, оларды төмендетудің жолдары.
- •2. Корпорацияның жалпы табысы, оның құрамы мен құрылымы.
- •3. Корпорацияның қаржы саясаты
- •1.Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың қызметі.
- •2. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыз көздерін компанияның тарту және пайдалану мақсаты.
- •3. Акция және оның түрлері.
- •1.Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен ұстанымдары.
- •2. Кәсіпорындардың төлем қаблетсіздігі дегеніміз не?
- •3. Капитал нарығындағы компанияның қызметі.
- •1.Корпорацияның қаржы механизмі мен қаржы құрылымы.
- •2. Амортизацияны есептеу жолдары мен әдістері
- •3. Капитал құнын бағалау әдістері.
- •1.Корпорацияның қаржы саясаты
- •2. Үстеме капитал
- •3. Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың қызметі
- •1.Ұзақ мерзімді активтердің түсініктері
- •2. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі
- •3. Кәсіпорындардың төлем қаблетсіздігі және банкроттық дегеніміз не?
1. Корпорацияның қаржы механизмі мен қаржы құрылымы.
Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі– бұл корпорацияның қаржылық міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы.
Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне байланысты меншікті, қатыстырылған және қарыз деп бөлінеді.
Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.
Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері белгілі бір қағидаларға негізделеді, олардың қатарына мыналар жатады:
-коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, корпорацияның қызметіне бақылау жасау);
-жоспарлылық;
-меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
-қаржы резервтерінің болуы.
2. Амортизацияны есептеу жолдары мен әдістері
Амортизация, оны есептеу және негізгі капиталды жаңартудағы орны. Корпорациядағы негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға түра келеді.
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді. Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми техникалық прогресстің өсуіне байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және т.б. өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да оның құны соғұрлым төмендейді. Сөйтіп, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай корпорацияларына қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктердің құрал-саймандардың және т.б. негізгі құралдардың орнына арзан әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Корпорацияларда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдапрдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық корпорациялар қандай меншікте болса да өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады.
Корпорацияларда негізгі құралдарды есептеудің келесі әдістері қолданылады:
құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі;
құнды орындалған жұмыстың /өндірілген өнімнің/ көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі /өндірістік әдіс/;
жылдамдатып есептен шығару әдісі:
а/ қалдық құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі;
ә/ сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару /куммулятивтік әдіс/ әдісі;
