Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

1.Ұзақ мерзімді активтердің түсініктері

Негізгі құрал дегеніміз- ол еңбек құралдарына жататын жалпы материалдық- заттық құндылықтарға бөлінген қаржы. Ол кезегінде негізгі өндірістік материалдарды өндірісте пайдаланатын еңбек құралдары. Өндірістік мекемелердің негізгі қаржысы өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес, өндіріске жатпайтын болып бөлінеді.

Ұйымның өндірістік қуатын өндірістік- кәсіптік құралдар анықтайды. Өнеркәсіптік- өндірістік құралдар активті (жұмыс машиналары және қондырғылар) және пассивті бөліктерден тұрады. Бұл үлкен бөліктер өз кезегінде өз арнауларына байланысты кіші бөліктерге бөлінеді (олар өндірістік ғимараттар, қоймалар, жұмыс және күш машиналары, қондырғылар, өлшеуіш аспаптар, мен қондырғылар, тасымалдау құралдары және т.б.). Бұлай бөлшектеу олардың тиімді пайдалануын анықтау үшін қажет. Негізгі құралдар өндіріс процесінде тозады, алғашқы сапаларын жояды және өз құнын бірте- бірте жаңа шығарылған өнімге аударады.

Негізгі құралдар құны пайдалану мерзімі ішінде бірте- бірте өтеледі. Ол ай сайынғы амортизациялық бөліну арқылы болады.

Жұмыс істеген мерзім ішінде негізгі қордың молральды ескіруі жүреді. Сондықтан амортизация арқылы жиналған қор қондырғылардың жаңа, қуатты түрлерін алуға жұмсалады. Бұл өндірістің кеңеюіне, өркендеуіне мүмкіндік береді.

Амортизациялық бөлінудің жылдық соммасын есептеу үшін аммортизациялық нормалар қолданылады және баланс құнынан пайыз ретінде анықталады. Ол нормалар негізгі құралдың активті бөлігіне белгіленеді.

Бұл жерде:

НiA- негізгі қордың i- группасының формасы

Fб- негізігі қордың баланстық құны

Fл- негізгі қордың жойылатын құны

Т- негізігі қордың жұмыс істеген мерзімі

2. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі

Заңды тұлғаны ұйымдастырушылардың (қатысушылардың) немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның шешімі бойынша қайта құруға болады.

Қайта құру — бұл бір заңды тұлға жойылып, оның орнына басқа бір заңды тұлға пайда болатын процесс. Бірақ қайта құру барысында (таратылудан ерекше) заңды тұлғаның жойылуы оның құқықтары мен міндеттерінің жойылуына әкеп соқпайды, құқықтық мирасқорлық (демек, құқық пен міндеттердің ауысуы) сақталады, ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорға құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылады.

Қайта ұйымдастырудың мынадай түрлері бар:

-Бірлесу — мекемелердің жеке әрекеті тоқтатылады да, олардың бірлесуінің негізінде жаңа заңды тұлға пайда болады — әр қайсысының құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өткізу актісіне сəйкес ауысады

-Қосып алу — бір заңды тұлға екіншісіне қосылады да, біріншісі жеке іс-әрекетін тоқтатады. Ал екіншісі өзінің іс-әрекетін әрі қарай жалғастыра береді – екінші заңды тұлғаға қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады

-Бөліну — жойылған заңды тұлға негізінде жаңа заңды тұлғалар пайда болады — оның құқытары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға бөлу балансына сəйкес ауысады

-Бөліп шығару — жаңа заңды тұлға пайда болады (бір немесе бірнеше), ал жаңа тұлға бөлініп шыққаннан кейін бұрыңғы заңды тұлға өз әрекетін әрі қарай жалғастыра береді – әр қайсысына бөлу балансына сәйкес қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.

-Өзгерту — заңды тұлға өз іс-әрекетін тоқтатады және оның орнына жаңа заңды тұлға пайда болады (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгереді) — жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]