Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері. Материалдық емес активтер: алу көздері, амортизация.

Негізгі құрал дегеніміз- ол еңбек құралдарына жататын жалпы материалдық- заттық құндылықтарға бөлінген қаржы. Ол кезегінде негізгі өндірістік материалдарды өндірісте пайдаланатын еңбек құралдары. Өндірістік мекемелердің негізгі қаржысы өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес, өндіріске жатпайтын болып бөлінеді.

Негізгі құрал-жабдықты пайдаланудың қаржы көрсеткіші мына топтарға біріктірілуі мүмкін:

  1. Негізгі құрал-жабдықтың мөлшерінің, құрлымы мен серпінінің көрсеткіші;

  2. Негізгі құрал-жабдықты ұдайы өндіру мен айналымдылық көрсеткіші;

  3. Негізгі құрал-жабдықты пайдалану тиімділігінің көрсеткіші;

  4. Негізгі құрал-жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығынның тиімділік көрсеткіші;

  5. Негізгі құрал-жабдыққа салынған инвестицияның тиімділігінің көрсеткіші.

Материалдық емес активтері деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтердің амортизациясы

Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады.

Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі.

Амортизациялық құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.

Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:

1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;

2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:

а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;

ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.

Нарық белсенді саналады, егер:

- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);

- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса.

- сатып алынатын және сатылатын тауарлар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]