Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

3. Өткізілген өнімге кететін шығындарды жоспарлау

Корпорация шығындарының экономикалық жіктеуі. Корпорациялардың әрекет ету барысында экономикалық мазмұны мен мақсаты белгілеулеріне байланысты әр түрлі шығындары болады. Олар: өнім өткізу мен өндіруге, өндірістің ұлғаюы, мен жетілуіне кететін шығындар, коллективтің әр түрлі мәдени -әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын шығындар өзіндік құн формасына ие болады.

Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өнім өндіру барысында оған жұмсалған табиғи ресурстар, материалдар, шикізаттар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары және оны өндіру мен өткізуге кеткен басқа да шығындарды айтамыз.

Олар әрбір өндіріс циклін өнімді өткізуден түскен табыспен өтейді.

Олар көлеміне қарай шығындарды ауыспалы және тұрақты етіп, ал өнімнің өзіндік құнына қосу тәсілі бойынша тікелей және жанама шығындар етіп бөледі.

Ауыспалы (өзгермелі) шығындар-деп өндіріс көлеміне тікелей пропоционалды тәуелділікте болатын шығындырды айтамыз. Оларға материалдар мен енбек ақыға жұмсалатын шығындар жатады.

Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерген кезде мүлдем өзгермейтін немесе аз ғана өзгеретін шығындар жатады.

Тікелей шығындар өнім өндірудің технологиялық процесіне шарттасқан, яғни нақты өнімді өндіруге кететін өндіріс шығындарына (шығындарының құрамына) тікелей қосылады.

17 Билет

1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қаржы аспектісі

Қайта ұйымдастыру кезінде жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкін пайдалану мақсаты өзгереді, сонымен бірге шаруашылық қызметті бұдан да тиімді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру-құқықтық мәртебе де қайта құрылады.

Кәсіпорын қайта ұйымдастырылғанда капиталды шаруашылық процесте бұдан да тиімді пайдалану мақсатында ол біріктіріледі немесе әртараптандырылады. Капиталды өзгертудің мақсаты қандай нысанда болса да, кәсіпоырнды қайта ұйымдастыру процесінде ол «Сыртқы өсуді», яғни инвестициялық ресурсты жұмсамай жүзеге асырылатын дамуды қамтамасыз етуге бағытталады. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпорынның ішкі өсуімен салыстырылғанда сыртқы өсу оның жылдам және көп жағдайда бұдан да тиімді дамуын, сондай-ақ стратегиялық мақсатқа қол жеткізуін, яғни капиталды активті ұлғайтуға инвестициялауды қамтамасыз етеді.

2. Өнімдерді өндіру мен өткізуге кететін шығындарға бақылау жасау

Шаруашылық қызмет барысныда ақша формасында көрініс табатын шығындар мен шығыстар және ақша қаражаттық жұмсалымдар т.б.

Экономикалық терминалогияда шығынның өтелу мүмкіндігі(мысалы өндіріс шығыны), ал шығыстың өтелмеу мүмкіндігі (мысалы, негізгі құралды қайта бағалаумен байланысты шығыстар) мүмкіндік көзделеді.

Шығындар нақты және нақсыз болуы мүмкін. Нақты шығындар – бухгалтерлік, нақсыз шығындар – экономикалық д.а

Экономикалық мазмұным мен белгіленуіне байланысты шығынның бірнеше түрін бөліп атауға болады:

  1. өз меншігіндегі қаражат және табыс есебінен негізгі және айналым капиталын өндірумен, қайта құрумен, кеңейтумен байланысты шығындар;

  2. өнімді, жұмысты қызметті өндіру және сату арқылы орны қалатын негізгі, айналым капиталын жәнек еңбек ресурстарын пайдалану негізінде өнімді өндіру және сатумен байланысты шығындар.

  3. Өз меншігіндегі қаражат және табыс есебінен орны қалатын мамандарды дайындау, қызметкерлер білігін арттыру, оларға жағдай жасау сияқты әлеуметтік мәдени бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты шығындар.

Шаруашылықты жүргізуші субъектінің барлық шығындары өзіндік құнға енетін шығын элементері бойынша бөлінеді: материалды шығындар, еңбек ақыны төлеу шығындары, әлеуметтік қажеттілік шығындары, амортизауиялықшығындар және және т.б.шығындар. Осындай бөлу арқылы қанша шығын және қанша шығыс жасалғандығын анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]