Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

2. Корпорацияның меншік капиталы, оның құрамы мен құрылымы.

Корпорацияның меншікті капиталының қалыптасуы:

1. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы. Корпорацияның меншікті капиталы-корпорация меншігіне жататын құралдардың жалпы құнын көрсетеді. Меншікті капитал келесідей капитал түрлеріне бөлінеді: жарғылық, резервті (қор), қосымша және басқа да резервтер, бөлінбеген пайда.

Меншікті капитал құрамында елеулі орынды жарғылық капитал алады, себебі жарғылық капитал өте маңызды функциялар атқарады.

Жарғылық капитал корпорацияны қалыптастыруға қажетті және жарғыда бекітілген жеке кәсіпкерлік іскерлігін жүргізу құқығын көрсетеді, яғни қажетті құралдардың алғашқы жалпы сомасын. Болашақта бұл сома іскерлік нәтижесіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

2. Жарғылық капиталдың қалыптасуы. Корпорацияның іскерлігін қандай ұйымдық құқықтық формада жүзеге асырылатына байланысты оның жарғылық капиталы әр түрлі қайнар көздер арқылы қалыптасуы мүмкін. Мұндай құралу көздер қатарына: корпорация меншігіне бекітілген мүлік, шығарым (шығару) және акцияны сату салдары, салымдар жатады.

Компания қаржысының негізі болып саналатын меншік капиталы экономикалық мазмұны жағынан келесідей құрамдас бөліктерден тұрады:

- Жарғылық капиталдан (жай және артықшылығы бар акциялар);

- Қосымша капиталдан (егер акциялар өздерінің есеп құнынан жоғары бағамен орналастырылса);

- Бөлінбеген пайдадан, ол компанияның қызмет ету кезінен тапқан табысы.

Меншік капиталын басқару міндетіне келесілер жатады:

- меншік капиталының мақсатты мөлшерін анықтау;

- қажет болған жағдайда меншік капиталының мөлшерін бөлнбеген пайда немесе қосымша акциялар шығару есебінен ұлғайту;

- жаңадан шығарылатын акциялардың мақсатты құрамын анықтау (жай және артықшылығы бар акциялардың үлесін);

- дивиденттік саясатты анықтау және жүзеге асыру.

Меншік капиталының мақсатты мөлшерін анықта барысында есте сақтайтын жай, біріншіден, оның өсуі компанияның қаржылық тұрақтылығының жоғарылауы және акционерлердің, несие берушілердің, инвесторлардың оған деген сенімінің арта түсетіндігі. Екінші бір жайт, кәсіпорын капиталының белгіленген мөлшері кезінде меншік капитал үлесінің өсуі оның табыстылығының төмендеуіне әкеледі.

3. Акция және оның түрлері.

Акция (нидер. aktіe , нем. актіе, лат. актіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.

Акцияның иесі аталған және ұсынушыға арналған деген түрлері бар. Иесі атап көрсетілген акцияға оны алушының тегі, әкесінің, өзінің аты-жөні жазылады. Мұндай акция басқа біреуге берілмейді, егер бұл талаптар көрсетілмесе акция, өз күшін жойған деп саналады. Ондай акцияға пайдадан үлес берілмейді.

Ұсынушыға арналған акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді. Өйткені ондай акциялардың иесі кім екені белгісіз болады. Оларды иелену заңдық негізде ғана жүзеге асырылады. Сол сияқты акцияға байланысты тағы бір ерекшелік: акциялар кәдімгі және артықшылықты болып бөлінеді.

Кәдімгі акцияны иеленген тұлға акционерлік қоғамды, корпорацияны басқаруға, пайданы бөлуге, түрлі шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы болады. Ал артықшылықты акцияны иеленуші басқару ісіне қатыса алмайды, бірақ пайдадан үлесті бірінші кезекте алуға құқығы бар. Акцияның құны бірнеше түрлі болады. Олар – номиналдық, эмиссиялық және нарықтық деген тұрлері бар. Акцияның номиналдық құны акцияның балансына жазылады, бұл құнның өлшемі жарғылық капитал сомасын жалпы шығарылған акциялар санына бөлу арқылы анықталады. Ал эмитент акцияны инвесторға сатқан жағдайдағы баға – акцияның эмиссиялық құны болады. Қаржы биржасын биржадан тыс нарықта сатқан акциясының бағасы – нарықтық құн болып табылады. Нарықтық құн сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты.Акция сертификаты дегеніміз белгілі тұлғаның өз қолында қанша акция барын анықтау жөніндегі куәлік, бұл сертификат та құнды қағаз деп саналады.

12 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]