Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

3. Айналымдағы капиталдың мәні, қызметі мен сыныпталуы.

Айналым қаражаттары (айналым капиталы) – бұл капиталдың бір бөлігі, яғни ағымдағы капиталға салынған активтер. Материалдық-заттай нысаны бойынша айналым қаражаттардың құрамына: еңбек құралдары (шикізат, материалдар, отын және т.б.), кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнімдер, тауарларды алып-сату, ақша қаражаттары және есептелінген қаражаттар жатады. Айналым қаражаттарының ерекше сипаттамасы, оның айналымының жоғарғы жылдамдықтарында. Айналым қаражаттарының өндірістік үрдістеріндегі функциональдық ролі бойынша негізгі капиталдан ерекшелінеді. Айналым қаражаттары өндірістік үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналым қаражаттарының заттай элементтері әрбір өндірістік циклда тұтынылады. Олар өзінің натуральды формасын толығымен жойып, яғни өнім өндірудің ( жұмыстың орындалуы, қызмет көрсету) құнына толығымен толығымен кіреді. Айналым қаражаттарының ауыспалы айналамының стадиялары. 4.1 схемада. Капиталдың ауыспалы айналымы үш стадияны қамтиды: дайындау ( сатып алу), өндіру және өзкізу. Кез келген бизнес белгілі бір қолма-қол ақшалардан басталады, яғни ол өндірістің белгіліенген көлемдегі ресурстарды өрістетеді. Ақша – Сатып алу – Тауар ( ресурстар) - Өндіріс – Тауар – Сату – Ақша А –Т - ... Ө... Т' - А'

11 Билет

1.Айналымдағы қаражаттарды нормаландыру әдістері. Айналым қаражаттары (айналым капиталы) – бұл капиталдың бір бөлігі, яғни ағымдағы капиталға салынған активтер. Материалдық-заттай нысаны бойынша айналым қаражаттардың құрамына: еңбек құралдары (шикізат, материалдар, отын және т.б.), кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнімдер, тауарларды алып-сату, ақша қаражаттары және есептелінген қаражаттар жатады.Айналым құралдарының құрылуы. Айналым құралдары ақша қаражаттарының белгілі сомасы болып табылады. Корпорацияға қанша айналым құралдарының қажет екендігін анықтау үшін оның көлемін мөлшерледі және мөлшерленетін айналым құралдарының сомасын анықтайды. Мөлшерленетін айналым құралдарына жататындар: шикізат пен материалдар, жинақталған және жартылай бұйымдар, отын-технологиялық шикізаттар мен аяқталмаған өндіріс, сондай-ақ қоймадағы дайын өнімдер. Мөлшерленетіндерге: ақшалай қаражаттар, дебиторлық қарыздар, есеп айырусыдағы қаражаттар, тиелген тауарлар. Айналым құралдарын нормалау (мөлшерлеу)-көп енбекті күрделі процесс және көптеген факторлардың (баға, тарифтер, технологиялық циклдардың ұзақтығы, есеп айырысу формалары т.б) әсер етуін ескереді.

Нормалау (мөлшерлеу) процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1)Тауарлы материалдық құндылықтардың топтары бойынша күндік қор (запас)-мөлшерін анықтау. Күндік қор-мөлшерлері: транспорттық запастар (қорлар), ағымдағы қорлар, технологиялық қорлар, сақтандыру қорларынан тұрады.

2)Бұйымға қажетті белгілі бір қордың шығындану мөлшерін күндік нормативтерге көбейту жолымен тауарлы-материалды құндылықтардың нақты топтары бойынша жеке нормативтерін анықтау;

3) Жеке нормативтерді ақша құралдарына есептелінеді.

4) Жеке нормативтердің айналым құралдарының жалпы нормативтеріне қосындылау.

Айналым құралдарының мөлшерлену есептері тоқсан бойынша жүргізіледі. (өткен жылдың 4 кварталы негізгісі болып саналады)

Айналым құралдарын қолдану көрсеткіштері мен жабу көздері. Батыс фирмаларының тәжірбиелері бойынша қаржылық қызметтің ең басты бағыты айналым құралдарын басқару болып саналады.

Кәсіпорында нормаланатын айналым құралдарынан басқа, қосымша айналым құралдарында мерзімдік және ағымдық қажеттіліктің пайда болуы белгілі. Өндірістік қорлардың құрылу принциптері:

- өндірістік қорлар бойынша нақты мөлшерлерін анықтау;

- ағымдағы қорларға қызмет ету кезіндегі минимум шығындарды қолдану;

- жылдық айналымға қорларды жүйелі қатыстыру;

- инфляция жағдайында өнімнің өзіндік құны бойынша запастардың нақты көрінуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]