Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

3. Қаржы құралдарын бағалау: акциялар, облигациялар

Қарыздық қаржыны тартуды басқару процесі төмендегідей кезеңдерден құралады: 1. Алдыңғы кезеңдегі қарыздық қаржыны тарту мен апйдалануға талдау жасау. Бұндай талдаудың мақсаты қарыздық қаржыны тартудың түрлері мен құрамын және көлемін анықтау, сол сияқты оны тиімді пайдалануды бағалау болып атбылады. 2. Алдағы кезеңде қарыздық қаржыны тартудың мақсаттарын анықтау. Бұл қаржылар белгілі бір нақты мақсатқа бағытталып, оларды алдағы уақытта тиімді пайдаланудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. 3. Қарыздық қаржыны тартудың шектеулі көлемін анықтау. Бұл қаржының ең жоғары мөлшері негізгі екі түрлі жағдайларға байланысты болады: а) қаржылық леверидждің шектеулі эффектісіне. Жеке қаржылық қорлар алдыңғы кезеңдерде қалыптасатын болғандықтан, пайдаланылатын жеке қаржының жалпы мөлшері алдына ала белгілі болады. Оған байланысты қаржылық леверидждің коэффициенті (қаржыландыру коэффициенті) есептеледі, бұл жағдайда эффект ең жоғары мәнде болады. Алдағы кезеңдегі жеке капитал мөлшерін ескере отырып, және қаржылық леверидж коэффициентін ескере отырып, жеке капиталды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қарыздық қаржының ең жоғарғы көлемі шығарылады; б) жеткілікті дәрежедегі қаржылық тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне байланысты. Осы талаптарды ескере отырып, корпарация өзінің шаруашылық қызметінде пайдаланатын қарыздық қаржының лимитін бекітеді. 4. Әртүрлі көздерден тартылатын қарыздық капиталдың құнын бағалау. Бұндай бағалау ішкі және сыртқы көздерден тартылатын аемдық капиталға қатысты қолданылады. 5. Қысқа және ұзақ мерзімді негізде тартылатын қарыздық қаржылардың көлемдерінің қатынасын анықтау. Қысқа және ұзақ мерзімді қарыздық капиталдың көлемін анықтаудың қажеттілігі оларды алдағы кезеңде пайдалану мақсаттарына байланысты негізделеді. Бұл процес кезінде қарыздық қаржыны пайдаланудың толық және орташа мерзімі анықталады. Қарыздық қаржыны пайдаланудың толық мерзімі дегеніміз бұл қаржының түскен уақыты мен қарыздың толық өтеліп біту кезеңіне дейінгі аралық. Ол мынандай уақытша кезеңдерден құралады: а) пайдалы түрде қолдану мерзімі; б) жеңілдікпен пайдалану кезеңі; в) қарызды өтеп біту кезеңі. 6. Қарыздық қаржыны тартудың түрлерін анықтау. Бұл түрлер қаржылық несие шеңберінде; тауарлық несие (коммерциялық); т.б. болып бөлінеді. Корпоративтік облигациялардың эмиссиясы да көптеген елдерде кең таралған. Қарыздық қаржыны тартудың түрін таңдап алуды корпорация өзінің шаруашылық қызметінің ерекшелігі мен мақсаттарына сәйкес жүргізеді. 7. Негізгі кредиторлардың құрамы мен қарыздық қаржыны тарту көздерін анықтау.

Бұл құрам қарыздық қаржыны тарту түрлерімен анықталады. Негізгі кредиторлар болып ұзақ уақыт бойына коммерциялық байланыста жұмыс жүргізіп келе жатқан тұрақты субъектілер, сол сияқты есептік-кассалық қызмет түрлерін көрсететін коммерциялық банктер болып табылады. Дамыған мемлекеттерде қарыздық қаржыны тартудың негізгі көздерінің бірі корпорация үшін облигациялар шығару болып табылады.

8билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]