Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.51 Кб
Скачать

3. Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың қызметі

Компания қаржысының негізі болып саналатын меншік капиталы экономикалық мазмұны жағынан келесідей құрамдас бөліктерден тұрады: Жарғылық капиталдан (жай және артықшылығы бар акциялар); Қосымша капиталдан (егер акциялар өздерінің есеп құнынан жоғары бағамен орналастырылса); Бөлінбеген пайдадан, ол компанияның қызмет ету кезінен тапқан табысы. Шетел компанияларының баланстық есеп берулерінде меншік капиталы дәл осы түрде сыныпталады. Қазақстандық кәсіпорындарда бөлінбеген пайданы неғұрлым ежелеу сыныптайды (резервтік капитал, резервтік қорлар, жинақ қорлары, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, есепті жылдың бөлінбеген пайдасы). Меншік капиталын басқару міндетіне келесілер жатады: меншік капиталының мақсатты мөлшерін анықтау; қажет болған жағдайда меншік капиталының мөлшерін бөлнбеген пайда немесе қосымша акциялар шығару есебінен ұлғайту; жаңадан шығарылатын акциялардың мақсатты құрамын анықтау (жай және артықшылығы бар акциялардың үлесін); дивиденттік саясатты анықтау және жүзеге асыру. Меншік капиталының мақсатты мөлшерін анықта барысында есте сақтайтын жай, біріншіден, оның өсуі компанияның қаржылық тұрақтылығының жоғарылауы және акционерлердің, несие берушілердің, инвесторлардың оған деген сенімінің арта түсетіндігі. Екінші бір жайт, кәсіпорын капиталының белгіленген мөлшері кезінде меншік капитал үлесінің өсуі оның табыстылығының төмендеуіне әкеледі.

7билет

1. Меншікті капиталдың жекелеген элементтерін бағалау

2. Қаржы саясаты және қаржы механизмі

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған. [1]Қаржы саясаты - коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.

Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау максатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қаты настарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.Қоғамдық шаруашылықтың жеке белімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет каржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан түрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]